2- жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді анықтаңдар
Кедей Мұқаш
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шүнақ қүлақтау, кірпі шаш, қыртыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тайбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрдім. Ә дегенде құнсыз, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Одан соң он беске келгенше Шаманбайдың қойын бақтым. Бақал Бадығүлдың жьілқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Қашаған жылқыны жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боранда асаумен, қараңғы ү_зақ түнмен, үрымен алыспаған жылқышы жылқышы емес.
Қосымша сұрақтар:
II. Оқушылардың назарын сөздёрдің мағыналарына аударып, оларды сол сипатына қарай топтай білуге баулу.
Тақтаға плакат ілінеді. Онда балаларға бұрыннан таныс қүстардың суреттері бейнеленген. Мұғалім оқушылардан жеке — жеке әр қүстың атын сүрап, оған сұрақ қойғызып байқайды. Мысалы:
Қарлығаш. - Бұл не?
Қарға. - Бұл не?
Үш торғай - Бұл неше торғай ?
- Төрт жапалақ - Бұл неше жапалақ ?
Содан соң тақтадағы плакатты теріс қаратып іліп, балаларға қайта сұрақ қояды.
Жаңағы көргендеріңнің ішінде үсті кдра, тамағы мен бауыры
ақ қүс не?
Қарлығаш.
Ал, қап-қара үлкен қүс ше?
Қарға.
Кішкентай көкшіл қүхты не дейміз?
Торғай" '.
Неше торғай бар
Үш
Неше жапалақ бар
Ары қарай осылай жалғаса береді.
Демек, бұлардың бәрін бір сөзбен не деп айтайды екенбіз?
Құстар деп атаймыз.
Ыдыстардың Тұрлері, оқу құралдары бейнеленген плакаттар да осы үлгіде танылады. Бұл жаттығуларды орындау барысында мұғалім мынадай нәтижеге жетуге үмтылуы қажет.
Оқушылардың сөз мағыналарымен жұмыс істей білу
дағдысын қалыптастыру. Жоғарыдағыдай үлгілік жаттығуларды
орындау барысында олар қызметтері ұқсас заттарды атаған сөздердің
мағынларына ой жіберері анық. Алдағы сабақтарда бұл жұмыс
керісінше сөздер арқылы заттардың өзіе көз алдына елестеу жолымен
жүргізеді.
Оқушылар бір заттың жеке өз атауы болатынын, сонымен
бірге, өзіне үқсас басқа заттармен қосып ортақ сөзбен алатынын
білгені дұрыс.
III. «Аулада» деп аталатын картина пайдалана отырып әңгіме
өткізу.
Бұл жұмыстың мақсаты - оқушылардың алғған түсінігін сөйлеу кезінде қолдана білуге баулу.
3- жаттығу Мәтіннен сан есімді табыңдар. Ақан аппақ тістері ақсия күлді де, жүртқа қарап:
- Жарайды, бір-екі ауыз айтайын.
Жолдан шаршаңқырап келген Ақан теректен ойып жасаған домбырасымен әсем бір саздарды жеңіл қағып тартты да, «Маңмаңгерді» тербеп кетті. Жүрт бірінің-бірі қүлақтарына ғана сыбырласып:
Мынау-өзінің Қүлагеріне шығарған әні.
Ой, атыңнан айналайын!
Шіркін-ай, атты қалай теңдеп қояды!
Өй, тыныш Тұр, ән тындайық, - десіп, керімсал, кербез
әнді
үйып тыңдады. Ән аяқталғанда:
Ой, шіркін-ай, қалай-қалай маң-маң басады!
Желмаядай екен ғой жүрісі!
- Қалай қоңырлатады! - деп қошеметші жү_р гуілдеп кетті.
Аясы кең көзімен Ақанның әр қимылын бағып, салалы етсіз үзын
саусақтарына тесіле қараған Анна Ивановнаның түсынан Шайынбек
өлең сөзін, Қүлагер жайын түсіндіріп жатыр.
Ән де, сөз де өзінікі ме? - деп Анна Иванова тілмашқа
ақша бетін бүрды.
Мұндағы әншілердің бәрі көбінесе өзі шығарған әндерін
ортаға салады. Ақан - қазақтың ең үлкен композиторы.
Бұл мәтінмен қатар оқушыларға Ақан серінің суреті салынған портрет көрсетіледі.
Суреттін мазмұны оқушыларға таныс болуы керек: Кәдімгі аула. Бір бала қүм үстінде машинасына (ойыншық) қүм тиеп жатыр.
Оның жанында кішкента күректерін ұстап екі жолдасы тү_р. Артқы жақта екі қыз бала доп ойнап жүр.
Мұғалім оқушылардың қатысуымен суреттегі балаларға ат қояды: Мүрат, Сәрсен, Қали, Ләйла, Жазира. Содан соң мұғалім оқушыларға сұрақ қоя отырып, сурет мажмұның айқындайды:
Машинамен ойнап жүрген кім?
Машинамен Мүрат ойнап жүр.
Ал оның достары кім?
Сәрсен, Қали
Оның неше досы бар
Екі
Қали не үстап Тұр?
Қали курек үстап Тұр.
Ләйла мен Жазира не істеп жүр?
Ләйла мен Жазира доп ойнап жүр, т.б.
Осындай сұрақ-жауап әдісімен суреттің мазмұны белгілі болған соң, мұғалім оқушылардың түсінігін өз беттерінше айтып беруін сүрау қажет. Әңгіме барысында балалар мен олардың қолындағы заттарға қатысты қандай сұрақтар қойылатыны да тексеріледі.
IV. Сабақты қортындылау. Үйге тапсырма: 146-жаттығу. Үшінші сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |