Бір зат пен көп затты және олардың қалай аталатындарын оқушыларға байқату қиын емес. Бұрыннан қолданып жүрген қарапайым әдісті алайық. Мұғалім үстел үсхінде жатқан бір дәптерді қолына алып,
сұрақ қойып, оқушылардан жауап алады.
Мынау не?
Дәптер
Дәптер нешеу?
Біреу.
Енді екінші қолына бірнеше дәптерді ұстап, сү_рақтарын жалғастырады:
Ал мыналар нелер?
Көп дәптер (немесе дәптерлер деп те жауап берулері мүмкін).
Қандай жауап болса да, мұғалім бірнеше дәптерді «көп
дәптер» демей «дәптерлер» деп айтқан дұрыс екенін түсіндіреді. Содан соң үлгідегі жұмыс үстел үстіндегі кітаптарға қатысты жүргізіледі. Оқушылар бір және көп заттың қалай атаудың сәнңн үғына бастайды. Мұғалімнің ендігі міндеті оқушылардың ой қызметіндегі осы жұмыстарды жылдамдату ісіне бағытталуы қажет. Ол үшін осы түста әртүрлі бейнелер (Мысалы, жан - жануардар, айналадағы жансыз заттар) салынған суреттерді қима қағаздар қолданылады.
Мынау суреттегі не?
Қоян.
Нешеу?
Біреу.
Сұрақ қойыңдаршы.
Бұл не?
Ал мынау неше қоян?
Көп қоян.
Бір сөзбен қалай атаймыз?
Қояндар.
Осы үлгідегі
жұмыс енді класс ішінде, көшедегі көзге көрініп Тұраған заттар төңірегіне ауысады. Мұғалім түсіндіріліп отырған сабақты барлық балалардың тегіс үғынғанын тексеру мақсатамен жекелеген оқушылардан сүрауына да болады.
Достарыңызбен бөлісу: