бергенде, балапан тас үстіне қүлады.
Асылбек балапанды көтеріп алды, алақанында қимылсыз жатыр.
- Өліп қалды, - деді, көзі жыпылықтай қарап.
Жанат балапанды қолына алды. Рас, өліп қалған. Аяқтары бүгіліп, тұяқтары бүріскен. Мойыны былқ-сылқ етеді. Көзі жұмулы.
Сенбайқамай басып кеткен шығарсың?
Жоқ, мен келсем, өліп жатыр, - деді Асылбек.
Жанат күрсінді де, балапанды тас үстіне қойды. Екеуі балапанға үнсіз қарап Тұр.
Балапан бір көзін ашып қарады. Айналаға қарап жатты да жүгіре жөнелді. Қас қаққанша шөп арасына сіңіп кетті.
Балалар мәз болып күлді.
- Өтірік өлген екен ғой. Қуын қара.
(Ә.Мұсаханов)
Тапсырмадан оқушылардан сан есім Тұрлерін табу тапсырылды.
II. Оқушыларға кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарының қойылу мәнін үғындыру.
Бұл мақсатты іске асыру үшін оны жоғарыдағы жұмыстармен жарыстыра орындауға да болар еді. Бірақ оқушылардың екі ұғымды бір мезгілде қабылдауы қиындау болуы мүмкін. Сондықтан оларды жеке-жеке үғындырып алып, жаттығу барысында ұштастыра пысықтаған жөн. Бұл үшін мұғалім суретті қима қағаздарды қайта пайдаланады.
Мына суреттегі кім?
Бала.
Бала нешеу?
Біреу.
Оған сұрақ қойыңдаршы.
Бұл кім? ( Бала)
Ал мына суреттегі ше?
Балалар.
Осы сөзге сұрақ қойыңдаршы.
Бұлар кім? («Кімдер?» деген жауап та болуы мүмкін.)
Егер
жауап теріс болса, мұғалім түзетеді, ал дұрыс болса, мақүлдап, кім? кімдер? деген сұрақтардың қойылу ерекшеліктерін түсіндіреді: бір бала - кім?;
көп бала, яғни балалар - кімдер?
Осы жаттығу бір дәрігер мен көп дәрігерлер бейнеленген суреттер арқылы да қайталанады. Содан соң не? нелер? сұрақтарынан жауап беретін сөздерді түсіндіруге көшеміз.
- Мынау не?
Доп.
Доп нешеу?
Біреу.
Сұрақ қойыңдаршы.
Бұл не? (доп).
Ал мыналар ше?
Доптар.
Сұрақ қойыңдар?
Нелер? ;
Қорытынды: бір адамға кім? деген сұрақ қойылады, ал адамдарға кімдер? деген сұрақ қойылады. Бір затқа немесе жан -жануарларға не?
деген сұрақ, ал олар көп болса нелер? деген сұрақ қойылады.
Оқушылардың түсінген - түсінбегенін бақылау үшін класс ішіндегі заттардың аттарын,
нешеу екенін айтқызып, сү_рақ қойғызуға болады. 151-жаттығу жазбаша орындалады.
Қосымша жаттығу жұмыстарының үлгілері:
№1. Тақтаға кесте ілінген. Тапсырма: мына сөздерге сұрақ қойыңдар
Әже - әжелер.
Үй - үйлер.
Қасқыр - қасқырлар, т.б.
№2. Көп нүктенің
орнына тиісті сұрақтарын қойып, төмендегі сөздерді көшіріп жазыңдар.
Әпке (...), машиналар (...), автобус (...), оқушылар (...), мектеп (...), парталар (...), қарлығаш (...), қарғалар (...). т.б.
№3. Асты сызылған сөздердің жанына тиісті сұрақтарын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Сәуле (...) апасымен бірге дүкенге барды. Дүкенде ойыншықтар (...) көп екен. Апасы доп (...) сатып әперді. т.б.
III. Оқушылардың орфографиялық сауаттылығын жетілдіру.
. Мысалы:
Бала - төрт бала.
Жүлдыз - Үш жүлдыз , т.б.
Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап - ақ қателердің алдын алудың маңызы зор. Осы өтіліп отырған сабақ барысында да бұл мәселеге жаттығу жұмыстары арқылы назар аудара кету керек.
Достарыңызбен бөлісу: