түсшіктері мен дағдыларын орнықтыру.
Үйге берілген тапсырма тексеріліп, оқушылардың жіберген қателері (бәрі дұрыс орындалып келсе, жақсы жақтары)
талданып болған соң, мұғалім өткен сабақта берілғен ұғымдарды мысалдар арқылы қайта бір айтып өтеді де, 153-жаттығуды орындатады. Содан соң әр оқушыға жеке - жеке қима қағаздар таратады.
Үлестірмелі қима қағаздар үлгілері:
№1. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтар қой.
Ай (...), жүлдыздар (...), аспан (...), ғарышкер (...), ғалымдар (...), т.б.
№2. Мына сөздердің қай дұрысының астын сыз. Оларды бөлек көшіріп, жанына тиісті сұрағын жаз.
1. терезедер 2. үшқыштар З.қүлыншақтар
терезедер. үшқышдар қүлыншақдар
№3.
Әңгімені оқып шығып, асты сызылған сөздерді бөлек көшіріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
Асқар ауылда тұрады. Оның бес қозысы бар. Қозылар өте сүйкімді. Олар қойлар өрістен келгенше, Асқардың жанында болады. Асқар оларға шөп береді. Ауылдағы балалар Асқарға қызығады.
№4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Тас(не?) ...(Қанша?)
кеме (не??) ...(Қанша?)
жылқы (не?) ...(Қанша?)
бақташы (кім?) ...(Қанша?)
Мал баққанға бітеді.
Атам Русланға кішкентай қозы сатып әперді. Қозысы сүйкімді, бір орнында тыныш тұра алмайтын еді. Руслан қозысына күнделікті шөбін, суын беріп, астын тазалап Тұратын. Русланның қозысын көрген көршісі Асан атасына қылқылдап жүріп ол да бір қозы алды. Қозысын бір апта қарағаннан
кейін Асанның қызығы басылып, далаға ойынға кетуді әдетке айналдырды. Екі аптадан кейін мүлде қозысын үмытып кетті. Асанның қозысы ауырып, өліп қалды. Атасы осы жөнінде айтып,
Русланға ризалық білдіріп, «Мал баққанға бітеді»,- деді.
Бұл тәсіл оқушылардың тапқырлығын, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелейді, нақты ой болжамын жетілдіреді. Оқушылардың осы ойын
арқылы сөздік қоры молайып, байланыстырып сөйлеу қабілеттері дамыды. Мәтінді жоспарлау, қорыту, сөйлемдерді байланыстырып жазу дағдылары жетілді.
Достарыңызбен бөлісу: