Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет26/32
Дата17.08.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459967
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
stud.kz-38836

Жігіттер:
Қаратауым, дегенде, қаратауым,
Тау басынан соғады қарадауыл.
Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,
Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.


Қыздар:
Бәдік кетіп барады таудан асып,
Таудан асқан бұлтпенен араласып.
Енді екеуміз бәдікті тауып алып,
Шын құмардан шығайық сабаласып.


Қыздар:
Бәдік десе біз келдік шаба-шаба,
Суға салсаң жібиді қатқан саба.
Осы ауылда бір бәдік бар дегенге,
Көшірейік деп келдік екі бала.


Жігіттер:
Бәдік кетіп барады сусамырға,
Жолда жатыр қайқайып қу қабырға.
Құдай оңдап бәдікті қолға берсе,
Басын байлап кетейік бір тамырға.


Қыздар:
Бәдік кетіп барады шатқа таман,
Тағы жүрді мінгелі атқа таман.
Қүдай оңдап бәдікті қолға берсе,
Итерелік кәпірді отқа таман [47, Б. 9-12].


Белгілі фольклортанушы ғалым Б.Уахатов былай деп түйін жасайды: «Сөйтіп бәдіктің екі түрі бар екен. Бірі – ауруды «көшіру» салтынан туған көне дәуірдегі бәдік те, екіншісі – жастардың бас қосып, көңіл көтеруінен туған бәдік. Алдыңғысы – кәдімгі арбау, байлау өлеңдері секілді өз алдына бас-аяғы бүтін бәдік өлең де, соңғысы қыз бен жігітің «бәдікше» айтысу түрі, яғни алғашқы шығу формасы жағынан болсын, мағына-мазмұны жағынан болсын, трансформацияға ұшырап, өзгерген, өңделген түрі» [48,163-б.].
Түрікте бәдік айтыс түрі жоқ. Магиялық бұл үлгіні түрікте ислам діні ығыстырған. Ондай түр қазақ, қарақалпақ, қырғызда бар екені ғылымда анықталған жайт.
М.Жармұхамедовтың еңбегі бойынша айтыс жанрының алғашқы бастаулары тұрмыс-салт немесе әдет-ғұрып жырларында жатыр. Айталық, қоштасу, жоқтау жырларынан эпикалық жырлар бастау алса, «жар-жар», «бәдік» жырларынан айтыс жанры пайда болғанын пайымдаймыз. Рас, жар-жар мен бәдіктен бұрын үйлену, құда түсу салттарында да әзіл-қағыс, сын-сықақтар болмаған дей алмаймыз. Бірақ, бұлар қара сөзбен айтылғандықтан оларды өлеңмен орындалатын әдет-ғұрып айтысына жатқыза алмаймыз. Айтыс қазақ елі жағдайында тек өлеңмен айтылып орындалатын жанр.
Жар-жар өзінің мазмұны мен мәні жағынан тым әрідегі көне дәуірлерге меңзейтіні аңғарылады. Мәселен, жар-жар өлеңдері тұрмыс құру үй болу мақсатына, салтына байланысты туған болса, бәдік жырлары әуелде малға келген ауру індеттерді аластау тұрғысында пайда болса, кейін сол дәстүрді атқаруда жастардың ойын-сауық, басқосу кезіндегі әзіл-қағыстарға ұласқан.
Осы дәстүрдің тым әріде туған сипатын белгілі фольклорист Ә. Диваев былайша баяндайды: «Бұл бәдік деген сөз бұрынғы қазақ болғаннан беріқарай келе жатқан бір әдет. Біреу «Көш бәдік» деп аузына не түссе, соны айта салады. Сол адамды «Көш бәдік» деп аталады. Бұрынғы атам заманда біреудің малы құтырса яки аты делбе болса, яки бір малына жылан, қарақұрт тисе бәдік айтады екен. Ол бәдік айтқан мынадай болады, мәселен, әлгіндей малы құтырған ауыл маңайдағы көршілеріне хабар айтады: біздің ауылға келіңдер, кішкене той қыламыз деп. Кешке қыз, келін, жігіт-желең жиылып келеді. Екі жігіт бірге отырып бір нірсе бүлдіреді. Бір отырып екі қыз яки келін бір отырып өлең айтады. Кемпір, шал болсада жиылған адамның бәрі аузына түскенін айта береді... осындай қылып әлденеше рет айтып болған соң, қайтарында етек жеңдерін сілкіп, бізде көштік, сенде көш етектерімен ұшықтап қайта береді. Шынында, бәдік ауруды сылтау қылған қыз бозбаланың ойыны. Бәдікте отырып бір қыз бір жігіт болып айтысады[49, 5-6].
Бәдік айтысының ескі наным-сенімін білдіреті сипаттарыда айрықша. Бұл – қазақ халқының ертеден қалыптасқан дүниетаным түсінігіне байланысты туып қалыптасады. Мұның сан алуан қырлары мен сырларын ашып танудың өзі оңай шаруа емес. Ең алдымен, шаман діні тұсындағы адамдардың табиғат пен өмір құбылыстарын танып білуі нені істеп, неден тыйылуы керек екені – бәріде кісінің анала қоршаған ортаны ұғып, өз пайдасына жарату талабынан басталады. Айталық, шаман діні өркен жайған кезде Көк аспан, күн мен ай самсаған жұлдыздарды ұлы күш санап, соған табынды, от пен суды құрмет тұтты. Міне, осындай сәбилік кезеңдегі адам тіршілігі туралы ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Екінші бір керемет – адам. Бұл жан, бұл қабілет ақыл-ой жүгіртіп, әр нәрсені білуге құмартып тұратын бұл рух – зерттеп білуге болмайтын мәңгілік күштің – тәңірінің бір белгісі емеспе? Адам тірі рух-бақсыга, өлі рух-онгонге табынады. Бірақ жаратылыстың бұл дүниеде адамға, әсірісе, сәбилік дәрежедегі адамға ететін әсері өте күшті, орасан ықпалды, сондықтан ол сыры мәлімсіз жаратылыс жөнінде нені істеуі, нені істемеуі керектігі жайында бір ереже жасап алуға тиісті болды.
Осындай наным-сенімдердің нақты көрінісін «Бәдік жырларынан да көру қиын емес, бұл жөнінде С. Сейфуллин: «Тәуіптердің көшіру, аластау ырымдары мен «Бәдік» айту бір түрлі нанымнан туған зат. Бәдік деген адамға, малға қасақы ауру, індеттің, «Тәңір иесінің» аты болуға тиіс. Бәдікті кешке айтады. Бері келе «Бәдік» айтуды сылтау қылып жиналған қыз бозбала, қатын-қалаш ойнап, өлең айтысып, бірсыпыра ауыздарының дәміе алатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет