Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет29/32
Дата17.08.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459967
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
stud.kz-38836

Kız tarafı : Қыз жағы:
Hoş geldiniz, hoş geldiniz Қош келдіңіз, қош келдіңіз
Bereket getirdiniz Берекет әкелдіңіз
Varsa bir niyetiniz Болса бір ниетіңіз
Çekinmeden deyiniz Жасқанбай білдіріңіз


Görücü : Құда:
Tellidir süpürgeniz Талдандүр сыпырғыңыз
Gülle dolu bahçeniz Гүлге толы бақшаңыз
Niyetimiz bellidir Ниетіміз белгілі
Kızınızı isteriz Қызыңызды қалаймыз.

Бойжеткеннің отбасы қызын беруге ниеттенсе былай дейді:




Kız tarafı : Қыз жағы:
Hoş geldiniz, hoş geldiniz Қош келдіңіз, қош келдіңіз
Aziz misafirlerimiz Аса қадірлі меймандарымыз
Bize güzel sa(a)detli Бізге гөзал қуанышпен
Bir haberle geldiniz Бір хабармен келдіңіз

Егер қыздың отбасы қызын бермеуге ниеттенсе:




Kız tarafı : Қыз жағы:
Hoş geldiniz, hoş geldiniz Қош келдіңіз, қош келдіңіз
Aziz misafirlerimiz Аса қадірлі меймандарымыз
Başları hep bağlıdır Бәрінің басы байлаулы
Yok, verecek kızımız Жоқ берешек қызымыз [54, 115-б.].

Үйлену тойында қыз бен мен жігіттің отбасы мүшелерінің бір-бірімен айтқан манилері Анадолы дәстүр-салтында орын алған...




Güvey Tarafı Күйеу бала жағы:
Camiler direk ister Мешіттерге тірек керек
Demeye yürek ister Сөйлеуге жүрек керек
Sizin çirkin kızınız Сіздің шіркін қызыңыз
Kapıda börek ister Есіктен сұрар бөрек.
Kız Tarafı; Қыз жағы:
Karanfil katar katar Қалампыр қатар-қатар
Ucu sulara bakar Ұшы суға қарайды
Sizin tembel oğlunuz Сіздің жалқау ұлыңыз
Baba eline bakar.... Әке қолына қарайды...

Келін мен ене арасында айтылатын манилер де осы түрден. Алайда бұлар бетпе-бет айтылмайды.




Gelin : Келін:
Bağda erik kaynana Бақта өрік қайын ене
Dişin gedik kaynana Тісің кетік қайын ене
Oğlun çerez getirmiş Ұлың жеміс әкелді
Sensiz yedik kaynana Сенсіз жедік қайын ене


Kaynana: Ене:
Başı saçaklı gelin Басы шашақ келін
İpten kuşaklı gelin Жіптен белбеулі келін
Dün geldin adam oldun Кеше келдің адам болдың
Leylek bacaklı gelin Ләйлек аяқты келін [54, 124-б.].


Екі жақты манилердің бір түрі Қаратеңіз аумағында да кездеседі. Қыздар мен жігіттер төрт адамнан топтарға бөлініп, бір-біріне өзара мани айтады. Бұны ол аймақта «каршы-бери» дейді. Әуенді айтылатын бұл манилерге аймақта «атма түркілер» дейді...
Көріп отырғанымыздай халық әдебиетінде екі жақты өлең айту тек ақындар айтысында емес, халық арасында да болған. Адамдар сезім, ой және қиялдарын өлеңмен тілге тиек еткен және осылайша әрі көңіл көтерген, әрі қарсыда отырғандарға үн қатқан.
Қарама-қарсылықты айтыстардың әсіресе той салттарының арасында мысалдары мол. Тақырыпты дәлелдеу үшін төмендегі мәтіндерді беруді жөн көреміз.
Харпутта өткізілген қына түндерінде (қыз ұзату) керек болса қыз, немесе ұлдың үйінде ойыншылардың жетекшілігінде түрлі сауықтар өткізіледі. Қыздың үйінде бір қыз, ер адамның киімін киіп Исмаил атын алады да, қыздардың біреуі болса, келін болып, қарама-қарсылықты өлең айтып, би билейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет