Oğlan : Жігіт:
Bahçelerde pırasa Бақшаларда пыраса
Yaprağına kar yağsa Жапырағына қар жауса
Kızlar kocasız kalsa Қыздар күйеусіз қалса
Oğlanlara yalvarsa Жігіттерге жалбарынса
Kız: Қыз:
Bahçelerde maydanoz Бақшаларда ақжелек
Deste deste oydunuz Десте десте ойдыңыз
Ey akılsız oğlanlar Ей, ақылсыз жігіттер
Şimdi mi adam oldunuz Қайдан адам болдыңыз
Oğlan : Жігіт:
Karpuz kestim kan çıktı Қарбыз кестім қан шықты
İçinden yılan çıktı Ішінен жылан шықты
Kız diye birin aldım Қыз деп біреуін алдым
Üç çocuklu dul çıktı Үш балалы жесір шықты
Kız : Қыз:
Dut ağacı boyunca Тұт ағашы бойынша
Yar sevmedim doyunca Жар сүймедім бойынша
Ağzım dilim lâl oldu Аузым, тілім мылқау болды
Yâr sesini duyunca Жар дауысын естігенде [54, 123-б.]
Түрік әдебиетінде айтыстың «атышма» деп аталатын түрі ежелгі заманнан бері халық арасына кең таралған. Әрине, бұл атаудың өзі қазақтағы «ақындар айтысын» еске түсіреді. Бірақ ақындардың суырыпсалма айтыстарымен бірге елге таралған «мани атышма», «түркү атма» сияқты түрлерде қауымның екі топқа бөлініп өлең айту дәстүрі де бар. Осы екі түрде айтыскерлер ғана емес, тойға келген қарапайым халық өлең айтады. Басқаша айтқанда, мұнда жеңу-жеңілу мақсат емес, екі тарап көңіл көтереді.
ХІІІ- ХІХ ғасырдағы классикалық түрік Диван әдебиетінде жансыз болмысты кейіптендіріп драматик бір түрде сөйлестірулері «мүназара» (пікірталас) терминімен аталған [54, Б.99-132].
Түрік классикалық диван әдебиетінде бір ақынның ұналған бір өлеңінің ұйқас тәртібі негіз ретінде алынып, бұл өлеңге «нәзира» деген еліктеу өлеңдер жазылған. Қарама-қарсылықты айтысты еске түсіретін бұл нәзиралар бәлкім бір қырынан айтыстарға ұқас боп та келеді. Адамзаттан басқа жанды-жансыз болмысты өзара диалог етіп сөйлеттірген мысалдарда шынында сөйлеген және баяндаған әр қашан бір кісі, яғни ақынның өзі болған. Бірақ өлеңде драмалық тартыс бар. Осындай өлеңдерде «демелі» немесе «дедім-деді» түрін қолданып ақын өз сүйіктісімен сөйлесуі өте көп қолданылған әдеби тәсіл.
ХҮІІ ғасыр ақыны Гевхеридің төмендегі өлеңі бұған мысал:
Dedim dilber cemalin eyle ayan
Dedi âşık mısın ya ne sorarsın Dedim kaküllerin olmuş perişan
Dedi olmuş ise sen mi tararsın
|
Дедім сүйіктім жүзің көрсет ашық
Деді ғашықпысың, иә, неге сұрайсың Дедім кекілдерің ұйпаланған
Деді олай болса сен тарайсың ба
|
Dedim cana yeter çektim hicranım
Dedi hiç göğsünde yok mu imanın
Dedim eller sarar ince miyanın
Dedi elem çekme sen de sararsın
|
Дедім жетер шеккен уайымдарым
Деді жүрегіңде жоқ па еш иманың Дедім басқалар беліңді құшақтады ма Деді қиналма сен де құшақтарсың
[26, 98б.]
|
Содан кейінгі елге мол жайылған бір түр мани деп аталатынын айттық. Түрік ауыз әдебиетіндегі мани, әдетте жеті буыннан, төрт жолдан құралған, яғни бір шумақтан тұратын өлең түрі. Бір шумақта бір тұтас мағына беріледі. Әлбетте, айтылмақ болған ойдың дәлдігі үшінші және төртінші жолда көрініс табады. Манидің алғашқы екі жолында сыртқы әлем суреттеледі. Үшінші және төртінші жолда сезім мен ойлар өрнектеледі. Манилерді суырыпсалма айту кезінде ой екі топқа бөлінеді. Бірінші бөлім әдетте дайындық және мани айтушы ақынға келесі жолға үйлесімді ұйқас пен мағыналы сөз табу үшін кідіруге жағдай жасайды. Сонымен, жеңіл де қалыпты бірінші бөлімді ақын сезімі мен ойын жинақтау үшін берілетін мүмкіндік деуге болады. Ал соңғы екі жолда ең мағыналы да шешуші пікір, түйін айтылады [55, Б.185-197].
Бір сөзбен айтқанда, манидің бұл құрылымы қазақтың қара өлеңіндегі жүйені еске түсіреді. Онда алдыңғы екі жол мағынасы әлсіз дағдылы қолданысқа құрылады, ол ой-пікір айтылатын соңғы екі жолға баспалдақ болып тұрады.
Мани Түркияда, сонымен бірге қырым түріктерінде әдет-ғұрып айтысы түрінде кездесетіні, қара өлең сипатында айтылатыны белгілі болды. Мани сөзінің қайдан шыққаны туралы пікірталастар көп. Осы тақырыпта көптеген ғылыми жұмыстар жазылған.
1. Мани «түркмани» сөзінен қысқартылып алынуы мүмкін.
2. Шағатай түрікшесіндегі «ани» өлең жолдарының басына қойылған белгі деген сөз. Атау осы сөзбен байланысты болуы мүмкін.
3. Қорқыт ата хикаяларындағы «мангаламак» сөзінен шығуы мүмкін.
4. Арапша «мана» сөзінен шыққан болуы ықтимал. Мана сөзі түрікше мәні, мағынасы ұғымын береді.
Мани исламияттан бұрын пайда болып, осы күнге дейін өмір сүріп келе жатыр. Манилер түркі халықтарының тіршілік белгісі, ұлттық білім мен сезім бірлігінің бір көрінісі. Манилер халық рухының айнасы.
Екі адам екі жақ боп айтатын манилерге «дейиш» аты берілген. Манидің осы түрін «екіжақты мани» дейді. Бұл сұрақ-жауап түрінде өтеді. Манилерді әдетте жас қыздар өзара, немесе бозбала мен бойжеткен, ана мен ұл, әке мен бала екі дай боп айтады. Кейбір «дейишлер» сұрақ-жауап ретінде емес, белгілі бір тақырып аясында өрбиді.
Өзара мани айту Анадолыда, әсіресе, Шығыс Қаратеңіз, Карс аймақтарында кеңінен тараған. Небір діндар, тақуа ақындар да мани айтқан. Екі жақты манилерге Анадолыда түрлі атаулар берілген: ақын маниі, атышма, атмаджа, дейиш, дейишме, мани атма (атышма), манилеме, каршылама, түркү атма, бахтыбар, акышта ...
Мани айтпастан бұрын тыңдаушыларды дайындау кезеңі болады. Ортада манишілігімен танылған біреу бар болса, оның мани айтуы сұралады. Әдетте қарттардың мани айтуы немесе «Қане, қыздар, мани бастаңдар» деулері керек. Мани айтылып жатқан кезде мани жырлаушы ортаға алынады. Тыңдаушылар шеңбермен айналысына отырады. Үйлену тойларында үйге келген қонақтар есіктен қарсы алынып, «каршылама (қарсы алу) манилері» айтады.
Ертеде Анадолы жігіттері сүйіктісіне көбінесе манилермен тіл қатысады, сүйіктісінің қылықтарын да маниден біледі. Жастардың өзара махаббат сезімдерін сөйлесуіне, түсінісулеріне қатаң қараған қоғамда олар жиын-тойларда, егін науқанында, Наурыз сияқты салтанатты күндерде бір арада кездесу жасап, ой-сезімдерін манимен сөз еткен.
Қыздар арасында мани айтысы да болады. Жарыста жеңген қызға орамал, сүлгі, жаулық т.б. сыйлықтар беріледі. Мақсат – көңіл көтеру.
Бұрынғы уақытта құда түсуге келгендер өз мақсаттарын манимен айтып жеткізген. Қыздың ата-анасы өздерінің жауаптарын да манимен айтқан. Қыздың үйіне қалыңдықты көруге келгендер (құдалар) қыздың үйінен сыпырғы сұрайды. Болашақ құдалардың бірі сыпырғының үстіне отырып, өз тілектерін білдіреді, қыз жағы қызына құда түсуге келгендерін түсініп, келесі сөздерді айтқан:
Достарыңызбен бөлісу: |