Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды



бет2/4
Дата01.07.2016
өлшемі352 Kb.
#169866
түріДиплом
1   2   3   4

Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы дегеңді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).

Президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н.Ә.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н.Ә.Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады. Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасының Президентін биліктің төртінші тармағы ретінде қарауымыздың мәні мынада. Шын мәнінде Президент барлық билік тармақтарынан оқшау тұр. Себебі конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституцияның 40-бабынын 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол — халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі (40-баптың 2-тармағы). Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабыңда көрсетілген міндеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.

Президент атқарушы билік саласында:

Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны қызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді; оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойынша отырыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстағы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен енбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметтің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылданды.

Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады;

Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;

Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен өзге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік Кеңесін құрады. Президенттің басты міндеті — ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Президент өкілеттіктерінің келесі топтамасын оған Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару өкілдіктерін құрайды. Ол екі жолмен жүзеге асырылады: 1) Заң шығару. Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.



2. Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құқығының берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік қызметінің басты нысандары емес.

Сонымен қоса Президент Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай қатаң талаптар қойылады: Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды.

Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Бұл сияқты мәліметтерді Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Демек, Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі (Конституцияның 41-бабының 5-тармағы).

Президентке ешкімнің тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге және т.с.с. болмайды.

Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерің жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.

1.2 Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы биліктің жоғары органы
Үкімет - Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Конституцияның V- бөлімінде бекітілген.

Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының тәртібі Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 1995 ж. 18-желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен және осыған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 ж. 6-мамырдағы Конституциялық заңмен белгіленген.

Үкімет Республика Конституциясының, аталған Жарлық пен Конституциялық заңның, Республиканың өзге де заңнамаларының негізінде және оларды орындау үшін қызмет атқарады.

Үкіметті Президент Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.

Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Үкімет - алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – Премьер-Министр, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.

Үкімет мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Үкімет туралы Конституциялық заңда белгіленген мазмұнда ант береді.

Премьер-Министрді Президент Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.

Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді, оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:

1/ Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

2/ Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

3/ Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;

4/ Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;

5/ Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;

6/ Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жачау;

7/ Республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілернің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру.

8/ Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындап қызметтен босату;

9/ Конституциямен, заңдармен және Президент актілерінен өзіне жүктелген өзге де қызметтерде орындау жатады.

Үкімет өзінін бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған Үкімет туралы Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Президент алдында жауауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзіретінің шегінде өз бетінше шешім қабылдайды, Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.

Үкіметтің өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын құқықтық нысандарына Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері жатады. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Президенттің актілеріне қайшы келмеуге тиіс.

Үкімет Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше қызмет атқарады. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Президентке Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.

Конституцияда /70-бап/ және Үкімет туралы Конституциялық Заңда Үкіметтің, оның мүшелерінің өклетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.

Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Президентке өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституцияда /53-б., 7-тармақ 61, 6, 7-тармақ/ көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Президентке мәлімдейді.

Үкіметтің орнынан түсуін қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Президент он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.

Президент өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы.

Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:

1/ тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырылды;

2/ Өз құзіреті шетінде шешімдер қабылдауға дербес болады;

3/ Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;

4/ тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы /аясындағы/ істің жайына және заңдардың, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді.

Конституцияның 57-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте, яғни өз қызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палаталарына есеп береді.

Атқарушы биліктің орталық /республикалық/ органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзіретті органдарға, салааралық құзіретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған-мемлекеттік органдарға бөлуге болады.

Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың мынадай орталық атқарушы органдары бар:

а/ экономика салалары бойынша: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау; Индустрия және сауда; Энергетика және минералдық ресурстар; Ауыл шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Қаржы; Қоршаған ортаны қорғау министрліктері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі Статистика жөніндегі агенттіктері;

ә/ әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым; Денсаулық сақтау; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау; Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктері; Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография; Туризм және спорт жөніндегі агенттіктері;

б/ әкімшілік-саяси қызмет салалары бойынша: Қазақстан Республикасының Әділет, ішкі істер; Қоруғаныс, Сыртқы істер министрліктері; Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы Кедендік бақылау; Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі; Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктері.

Министрліктердің құрамында Үкімет құратын ведомстволар /комитеттер/ болады. Мысалы, Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі; Сауда және т.б. жөніндегі комитеттері; Әділет министрлігінің Тіркеу; Қылмыстық атқару жүйесі және т.б. жөніндегі комитеттері.

Кейбір органдардың өкілеттіктері мемлекеттің бірнеше салаларына таратылады. Мысалы, денсаулық сақтау министрлігінің емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен ережелері Қорғаныс, Ішкі істер және өзге де министрліктері мен ведомстволардың денсаулық сақтау мекемелері мен органдары үшін орындау міндетті болып табылады.

Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық оргаңдарын ұйымдастыру мен қызмет атқаруының тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы 6-мамырдағы Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13 наурыздағы №321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі (Мемлекеттік комитеті) туралы Үлгі Ережемен және әрбір министрлік, агенттік, комитет, комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.

Сонымен, Қазақстан Республикасында ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:

1) Қазақстан Республикасының министрліктері;

2) Қазақстан Республикасының агенттіктері;

3) Қазақстан Республикасы министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комитеттер (ведомстволар), департаменттер және басқармалар.

Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.

1. Қазақстан Республикасының министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде — салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Министр министрліктің жұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына һәм оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.

Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.

Министрлікте министрдің орынбасарларының (вице-министрлердің), сондай-ақ министрліктің басқа басшы қызметкерлерінің құрамында министр басшылық ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық-кеңесші орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамын Министр бекітеді. Алқаның шешімі министрдің бұйрығымен ресімделеді.

Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

Министрлік өзінің ұйымдық-құқықтық мәртебесі бойынша заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік биліктің дербес органы ретінде мемлекеттік тілде өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкілерде есеп-шоттары болады.

Министрліктің қызметін қаржыландыру тек қана мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және біріне-бірі әкімшілік бағыныста болмайды, бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу тағы басқалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.

2. Қазақстан Республикасының агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзгеде арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.

Агенттіктердің және басқа Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады.

Агенттіктің құрылымын оның басшысы — төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады.

Агенттік төрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган — алқа құрылады. Оның сан және адам құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттіктің құқықтық актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.

Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін Республика Үкіметі бекітеді.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комитет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия (бұл Комиссияның төрайымы әрі Қазақстан Республикасының министрі) Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынады.

4. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады.

Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Ведомство Республиканың орталық атқарушы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асырады.

Орталық атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Ведомствоның құрылымын, құзыретін және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін Үкімет белгілейді.

Қазақстан Республикасының Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды (64-бап). Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік механизмін белгілейді.

Үкіметтің сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет мемлекеттің атқарушы билігінің жоғары органы ретінде атқарушы органдар жүйесін басқарады (64-бап). Конституцияның аталған қағидасыңда "бірыңғай" деген сөз болмағанымен, баптың мазмұны атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйе құрайтынына күмәндануға негіз жасамайды. Ол Конституцияның 87-бабымен дәлелденеді, онда: "Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді" делінген. Үкіметтің атқарушы билік жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі жағдайы оның Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және атқарушы биліктің жергілікті органдарын қамтитын өкілеттіктермен қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет