Үкіметтін Парламентпен қатынасы. Үкіметтің заң шығаруға бастамашылық құқығы бар екенін айтқанбыз. Бұл құқықты Үкімет тек Парламент Мәжілісі арқылы ғана жүзеге асырады, яғни Үкімет тиісті қаулы шығару жолымен Мәжіліске заң жобасын енгізеді. Парламент қабылдайтын конституциялық және жай заңдар Үкіметтің маңызды құқықтық негізі болып табылады. Сондықтан Үкіметтің өзі заңдарды орындауы, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың заңды орындауын бақылауы тиіс.
Үкімет жыл сайын республикалық бюджетті құрады, оны Парламенттің бекітуіне береді. Сонымен бірге оның орындалуы туралы есебін береді. Мемлекеттік кірісте нені кысқарту немесе мемлекеттік шығында нені ұлғайту керектігін Парламент шеше алады. Мұндай жағдайда заңның жобасы Үкіметке қорытынды әзірлеуі үшін берілуі керек. Парламент мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін (61-баптың 6-тармағы).
Қазақстан Республикасының Конституциясы Үкімет Парламент алдында жауапты болатын жағдайды да қарастырады. Егер Парламент Үкімет Бағдарламасын екінші рет кабылдамай тастаса Үкімет орнынан түседі (53-баптың 6-тармағы). Парламент Палаталарының екеуі де (Мәжіліс пен Сенат) Палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде үштен екісінің бастамасы бойынша республика Үкіметі мүшелерінің қызметі жөніндегі есебін тындауға құқылы. Тындаудың нәтижесінде Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы Президентке жүгінуі мүмкін. Егер Парламент депутаты сауал салумен Үкіметке жүгінсе онда ол негізделген жауап беруі тиіс.
Үкіметтің министрліктермен, мемлекеттік комитеттермен және өзге органдармен қатысы. Республика Үкіметі Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды. Ол аталған органдардың заңдарды, Президенттің, Үкіметтің өзінің актілерін орындауын қадағалайды. Үкімет өз құрамына кірмейтін министрліктер, мемлекеттік комитеттер және орталық органдар туралы ережелерді, олардың құрылымын, олардың орталық аппараты мен жергілікті органдарын ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының көлемін бекітеді. Тек Үкімет құрамына кірмейтін Инвестициялық комитет қана бұған жатқызылмайды. Оның мәртебесі Үкіметпен емес, Парламенттің заң қабылдау жолымен белгіленеді. Мұндай ерекшелік экономиканың өрлеуіңде инвестицияның орнының айрыкша екендігімен және инвестиииялык каражаттың бір органның колына жинақталуымен түсіндіріледі.
Үкімет өз құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқару органдары актілерінің қолданылуын кері қайтарады не оны толық, не оның бір бөлігін тоқтата тұрады. Үкіметтің мұндай әрекетіне, атап айтқанда, Бас Прокурордың атқарушы орган актілерінің Конституцияға, заңдарға, Президент, Үкімет актілеріне сәйкес келмейтіндігі туралы ұсынысы негіз болып табылады.
Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден, орталық атқару органдарынан басқа республикалық органдар құрылады, олар ведомстволар деп аталады. Үкімет ведомстволардың қызмет саласын, өкілеттігі мен жауапкершілігін белгілейтін нормативтік актілер қабылдайды; ведомстволарды ұстауға республикалык бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемін белгілейді; ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды немесе қызметінен босатады.
Үкімет жергілікті атқарушы органдармен: аудандық, қалалық және облыстық әкімшіліктермен белгілі бір қатынаста болады. Үкімет атқарушы биліктің жоғары буыны болып табылады, сондықтан жергілікті атқарушы органдармен қатынас "билік-бағыну" принципі бойынша құрылады, Үкімет жергілікті атқарушы органдарға басшылық қызметін мемлекеттік басқару мәселелері бойынша жүргізеді, жергілікті атқарушы органдардың заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін орындауын бақылайды; Үкімет отырысында жергілікті атқарушы органдардың қызметін атқару туралы есебін тындайды; жергілікті атқарушы орган актілерінің қолданылуын толық немесе оның бір бөлігін тоқтата тұрады; оларды не кері қайтару, не тоқтата тұру туралы Президент қарауына ұсыныс түсіреді.
Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің іргесін қалайтын қолданыстағы Қазақстан Респубяикасының Конституциясы болып табылады. Өйткені оның ҮІІІ бөліміне қарасты 85-бабында: жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай —күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге асырады дей келе, мұны одан ары нақтылай түседі. (86-89 бб.). Осы мәселені өрбітетін норматиівтік-құқықтық, актілердің бірі —2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Респубяикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы еліміздің заңы. Ол 4 тараудан, 41 баптан тарады. Бірінші тарауы "Жалпы ережелер", екіншісі "Мәслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру", үшіншісі "Әкімдер жеке әкимияттар, құрылуы, құзіреті және. қызметінің ұйымдастырылуың", төртіншісі "Қорытынды және өтпелі ережелер" тақырыптарына арналған. Осы мәселеге 1998 жылғы 20-мамырдағы "Қазақстан Республикасының астана мәртебесі", 1998 жылғы 1-шілдедегі "Алматы қаласының айрықша мәртебесін, мемлекеттік қызмет, сайлау т.б. туралы Заңдардың да қатыстығы бар.
Демек, жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз бұл Заң актілеріңде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді жеке атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатта жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әрқилылығы көрініс табады, оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін, әрине жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, сондай-ақ заңға сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды. Алайда, мәслихаттар мен әкімияттарға міндеттер, талаптар мен шектеулер қойылады, олардың негізділеріне жататындар:
1). Жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа қаржы жөнінде инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстану:
4) азаматтардың құқықтары мени заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Аумақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкімияттар қабылдайтын жоспарлар еліміздің стратегаялық даму жоспарларына сәйкес келуі тиіс, әрі оларға бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мем қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тиым салынады.
Ендігі жердегі біздің мақсатымыз мәслихаттар мен әкімияттарға, олардың аппараттарының құқықтық жағдайларына байланысты сөз қозғау.
Жергілікті атқарушы орган (әкімият) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Бұл Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін үштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына ҚР Конституциясының, 87 бабының 2-тармағына сәйкес, мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдармаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқаруын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика, заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Бұл жөнінде, мысал ретінде, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімиятының құзыретін алсақ та жеткілікті. Осы әкімият заңнамаға сәйкес өз аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының өндірістік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді. Сонымен қатар ол — облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді, әкімшілк аудандардың, аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекітуге ұсынады; су құбырлары, тазарту құрылыстары электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады; жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, сондай-ақ азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруда қатамасыз етеді; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламарын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және оны іске асырады; халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайрымдылық және әлеуметтік көрсетуді үйлестіреді. Дәл осындай өкілеттіктерді аудандық аумақтық ерекшеліктеріне қарай аудандық (облыстақ маңызы бар қалалық) әкімияттары да атқарады. Мысалы, оның тікелей құзыретіне жататын мәселелері болып табылатындар: жоғарыдағы айтылғандардан басқа, әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруын қамтамасыз етеді; қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады; аудандық (облыстық маңызы бар қала) маңызы бар жолдарды пайдалануды және ұстауды ұйымдастырады; өз қарауындағы тұрған үй қорын бөледі; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламасын іске асыруға қатысады. Сонымен бірге, ол халықты әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерін шешеді, халықтың әлеуметтік дәрменсіз топтарына атаулы көмек көрсетеді, үйлестіреді; аудан (облыстық маңызы бар қала аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектілерін және өзге де объектілерді, табиғаттың, тарих пен мәдениеттің қорғалатын ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді; қоғамдық жерлерді көріктендіру және сыртқы безендіру мәселелерін шешеді және т.с.с.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауапты болады.
Осыған орай айта кететін бір жайт — республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы, аудандық, аудаңдық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтік әкімияттар құрылмайды.
Әкімшілік-аумақтық бөліністі басқарудың өзіндік схемасы бар, ол тиісті аумақта орналасқан тиісті әкімшілік — аумақтық бөліністің бюджетімен қаржыландыратын атқарушы органдар жүйесі. Ал, еңді орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі дегеніміз бұл тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегіңде орталық атқарушы орган міндеттерін жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
Әкім-Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органын (оны құрғақ жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, бүкіл орталық атқарушы; органдарының аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, тиісті бюджеттік қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне басшылықты қамтамасыз ететін және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік. басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақты істің жай-күйіне әрі оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты өкілі. Ол, әрине, әрбір облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада ірі лауазымды тұлға болып табылады, оны Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және босатады. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкімі (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, жеке астананың өкімдерінен төменгілерін) Президент айқындаған тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады (Конституцияның 87-бабы, 4-тармағы). Демек бұл туралы Президенттік Жарлығы не өкімі қабылдануы тиіс.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) өкімінің өкілеттігі Республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте өкім республика Президенті тиісті өкімді тағайындалғанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастырады.
Әрбір әкім өз аумағында құқықтық деңгейіне сай өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін белгілі бір құзыретке иелі болады. Мысалы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өкімінің құзыреті аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкімінің құзыретіне қарағанда ең ауқымды әрі күрделі келетіні сөзсіз.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі:
- мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс (қала, астана) мүддесін білдіреді;
- тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;
- мына лауазымды адамдарды;
- жоғары тұрған өкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шекті санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) өкімнің орынбасарларын;
- облыс (қала, астана) әкімі ақпаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын;
- заңдарда белгіленген тәртіпте нысанды киім кию құқығы және әскери немесе өзге де арнайы атақ берілетін басшыларды қоспағанда, облыстық (қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ішкі істер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметінен босату заңға сәйкес жүзеге асырылады;
- облыстық (қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикадағы маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) өкімдеріне заңға сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртіптік жаза қолдану тәртібі заңға сәйкес жүзеге асырылады;
- аудандық (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкімияттар мен өкімдер жұмысын үйлестіреді;
- аудандардың (оған теңестірілгендердің) әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
- әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын (яғни тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі) тйісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді;
- кәсіпкерлік қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
- өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, соңдай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
- кәсіпорынарды, кен орындарда және мемлекеттік меншіктің басқа да объекттлерін жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органымен тең дәрежеде келісім шарттарға қол қоюға, соңдай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.
Әрине, облыс, әкімдері (оған теңестірілген өкімдер) өз құзыретін жеке дара немесе жекелеген өкметтігін төменгі тұрған өкімдеріне беру арқылы да жүзеге асырады және де ҚР Президентінің, сондай-ақ ҚР Үкіметінің алдында жауапты.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) өкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады және сайланады, сондай-ақ ол қызметінен босатылады, әрі өз өкілеттігін тоқтатады.
Өзінің құзыретіне сай аудандық әкім;
- мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мүдделерін білдіреді;
- тиісті азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізеді;
- мынадай лауазымды адамдарды;
- жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік оргаңдармен келісім бойынша, шекті санын ҚР Үкіметі белгілейтін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасарларын;
- әкім аппаратының басшысы мен окың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындайтын және қызметінен босатады;
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніңде шаралар қабылдайды;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
- көпшілік пайдаланатын орындардың (парктердің, саябақтардың, бульварлардың, жаға-жайлардың, су тоғандарының, демалыс аймақтары мен өзге де объектілердің) аумағын күтіп ұстау жеке абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
- мектепке дейінгі, орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерін, әлеуметтік-мәдени сала мекемелерін қолдайды және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
- тиісті аумақта мал дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
- өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери-қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайыңдығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Бірақта, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өзінің жекелеген өкілеттіктерін жүзеге асыруды төменгі тұрған-өкімдерге беруге құқылы.
Ал енді республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудаңдық маңызы бар қала, кент, ауыл) село, ауылдық (селолық) округ әкімі заңдарға сәйкес.
- тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық (қалалық) әкімияттың лауазымды адамы болып табылады, және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда, оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
- азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі ұстауға арналған шығыстарды қамтитын әкім аппараты сметасын әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімияттың қарауына енгізеді;
- өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
- тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделудің, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;
- шаруа (фермерлер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
- өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
- заңдарда белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттер-жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
- тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- жоғары тұрған органдарға халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
- қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудаңдық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ өкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметінен босатылады және өкілеттігін тоқтатады.
Әкімнің аппараты – бұл жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және өкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. Оның қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамсыз етуді әкім ақпараты жүзеге асырады, Оны, әрине, әкім құрады және де ол қайта құрады, таратады. Әкімнің өкілеттігін тоқтатылуы жаңа өкімнің тағайындалуына байланысты. Әкім ақпараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын Мемлекеттік мекеме болып табылады. Облыс әкімі жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
Актілер - бұл, біріншіден, әкімияттың Конституцияға, заңға, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік құқықтық актілерге сай және оларды орындау орайында шығарған қаулылары. Бұл акимияттың қаулысына әкім қол қояды. Екіншіден бұл әкімнің нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдері және әкімшілік-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша шығарған өкімдері.
Әкімияттың және әкімнің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатасты актілері (ҚР мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актілерден басқа) міндетті ресми жариялауға жатады. Және де бұлардың жалпыға міндетті маңызы бар, ведомоствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілер заңда белгіленген тәртіпте ҚР Әділет Министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, жоғары тұрған әкімият немесе өкім, әкімияттың, немесе өкімнің өзі, сондай-ақ соттың шешімі әкімият немесе өкім актілері қолданылуын жоюы, не толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін. Бұлардың актілерінің қолданылуын тиісті прокурордың тоқтата тұруы да мүмкін.
Қорытынды
Сонымен, «Қазақстан Республикасының Атқарушы билік органдары», - тақырыбында жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе: мынадай мәселелерді қарастырдым.
Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді /олардың ішінде өздерінің актілерін де/ орындау үшін құрылады.
Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.
Республиканың да, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерін – де болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады. Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының яғный нақты атқарушы билік органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасында оның құзыретінен /міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі/ табады. Бұл органдардың құзыретінің негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық актілерде бекітіледі.
Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.
Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы әкімшілік-басқарушылық персоналдың қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер /штаттар/. Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық байланыстар жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғный бағынышты құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады /мысалы, министрліктердің департаменттері/. Олардың қызметі осы атқарушы билік органының өзінің сыртқары, яғный тікелей мемлекеттік басқару аясында міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың /өзін-өзі ұйымдастырудың/ көрінісі болып табылады.
Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік-басқарушылық қызметінің белгілі бір аумақтық немесе қызметтік /мәселелік/ көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның бүкіл аумағында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі не жалпы басқарушылық функцияларды /мысалы, Үкімет/, не белгіленген қызмет аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге асыруды болжайды. Олардың қатарында реттеу, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да әртүрлі аумақтық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж., 2007жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер.
2. Н.Ә. Назарбаев. "Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2030" -Алматы: "Білім", 1997 ж.
3. ҚР Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі Заң күші бар жарлығы".
4. Жайлин Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. II том. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005ж.
5. Төлеуғалиев Ғ.И Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. Оқулық І-том.-Алматы: «Жеті-Жарғы»
6. Сүлейменов М.К. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жоғарғы оқу орнына арналған 2005ж Обязательственное право О.С.Иоффе. М.
7. ҚР Азаматтық кодексі. 1994 ж. 27 желтоқсан. ҚР 1998 ж. 2 наурызда өзгерту енгізілді.
8. Г.Сапаргалиев Конститутционного строя РК Алматы «Жеті-Жарғы» 1997г
9. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 ж.
10. ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 мамырдағы "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы". Заң күші бар жарлығы.
11. Заң газеті 2006ж 26-желтоқсан 12. ҚР А.К. Ерекше бөлім.
12. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга. 2. Отв ред. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы: Жеті жарғы. 1998г.
13. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга. 2. Отв. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы: Жеті жарғы. 1998г.
14. Л.А.Кассо.Понятие о залоге в совренменном праве. М.,Статут, 1999г
15. А.Г.Диденко. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. Выпуск 11-Алматы ТОО "Баспа", 2001г.
16. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга. 2. Отв. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы: Жеті жаргы. 1998г.
17. Н. Победоносцев. Курс гражданского права. Первая часть. Вотчинные права. СПб., 1996. С. 585.
18. М.А.Покровский. Основные проблемы гражданского права. М., Статут, 98
19. Новицкий И.Б. Римское прав. М., 1993 г.
20. Ем В.С. Правовые проблемы организации рынка ипотечного кредитовании в России. М., 1999 г..
21. Осипов Е.Б.,Сүлейменов М.Н.Залоговая право. -Алматы: "Адилет пресс",.
22. А.Г.Диденко. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практики. Выпуск 11-Алматы ТОО "Баспа", 2001 г.
23. Толковый экономический и финансовый словарь. Французский, русских, английское, немецская, испанская терминоология. Том. 2. Пер. с француз. М., международные отношение, 1994г.
24. В.С.Ем. Правовые проблемы организации рынка ипотечного кредитовании вРоссии.М, 1999г.
25. Д.Братусь. Основные элементы понятия залога. Гражданское право. Учебник пособие. Под. Ред. А.Г.Диденко, Алматы. 1999 г
26. Гражданское право.Том І. М.К.Сулейменов.Ю.Г, Басин Алматы, 2000г.
27. Сүлейменов М.К. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жоғарғы оқу орнына арналған 2005 ж.
28. С. Тұрсынов, Т.Әбішов «Қазақстан Республикасынындағы Адам Құқықтарының Ахаулы Туралы Базалық Баяндама »Астана 2007ж.
29. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 қаулысы "Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау" 18 желтоқсан 1992 ж.
30. Гражданское право. Том I. М.К.Сулейменов. Ю.Г. Басин А., 2000г.
Достарыңызбен бөлісу: |