Айыпталушы мен оның қорғаушысы іс материалдарымен Томар қаласының №1 Тергеу изоляторының №3 бөлмесінде танысты, және олардың ішінде алдын ала тергеу материалдарын қандай да бір толықтыру жөнінде өтініш жасайтыны бар ма? деген тергеушінің сұрағына олар қылмыстық іс материалдарымен толық танысып шыққандарын айтқан. Олар сот-психиатриялық сараптама тағайындауды сұрайды, себебі С.Н.Сәпиевтің ми қабы екі рет ауыстырылған, кейде қояншығы ұстайды, сонымен қатар онда бірнеше қатты ми шайқалысы болған. Кейде есін жоғалтады, көзіне әрнәрсе елестейді, сандырақтайды.
Айшпталушы
|
С.Н. Сәпиев
|
Қорғаушы
|
О.С. Халықов
|
Томар қаласы, Ақсай ауданы
прокуратурасының тергеушісі
1-сыныпты заңгер
|
А.Л. Мамытов
|
Алдын ала тергеудің аяқталғанын хабарлау және қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңды өкіліне іс материаллярын ұсыну
ХАТТАМАСЫ
Томар қаласы 7 наурыз 1 998 жыл.
Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің тергеу бөлімінің аға тергеушісі аға лейтенант Қ.П.Болысбеков ҚІЖК-нің 277-бабының негізінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңды өкілі Қоныс Нәметұлы Назаровқа №177489 қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеудің аяқталғандығын хабарлады және оның іс материалдарының барлығымен ҚІЖК-нің 72-бабына сәйкес шақыртылған қорғаушымен бірлесіп те, одан бөлек те танысуға құқығы бар екендігі түсіндірілді, ол жайында ҚІЖК-нің 141, 142-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды. Заңды өкіл іс материалдарымен қорғаушыдан бөлек танысуды қалады. Заңды өкілдің танысуына іс материалдары 1 томдағы 172 парақта, тігілген және нөмірленген қалыпта ұсынылды.
Көрсетілген материалдармен заңды өкіл Томар қаласының Ақсай АІІБ-нің №13 бөлмесінде танысты және тергеушінің ол тергеуге қандай да бір толықтыру енгізуді өтіне ме деген сұрағына іс материалдарымен толық танысып шыққанын,толықтыру, арыз, шағым, өтініш жасамайтынын айтқан.
Хаттаманы заңды өкіл оқыды, жазылғаны дұрыс.
Заңды өкіл
|
|
К.Н. Назаров
|
Томар қаласы, Ақсай АІІБ-нің
ТБ-нің ага тергеушісі аға лейтенант
|
|
К.П. Бтысбехов
|
Айыпталушы мен оның қорғаушысының өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы
Өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы
ҚАУЛЫ
Томар қаласы 13 мамыр 1998 жыл.
|
Томар қаласы Ақсай ауданы прокуратурасының тергеушісі 1-сыныпты заңгер А.Л.Мамыров. №3192934-9 қылмыстық істің материалдарын қарап
АНЫҚТАДЫМ:
1998 жылғы 13 наурызда Томар қаласының Пушкин көшесіндегі №35 үйдің ауласында Серік Нарынұлы Сәпиев А.А.Скорпионовты қасақана өлтірген, С.Н.Сәпиевке ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп айып тағылған.
Алдын ала тергеу аяқталған бойда іс материалдарымен танысып шығып айыпталушы С.Н.Сәпиевпен оның қорғаушысы С.Н.Сәпиевке қатысты сот-психиатриялық сараптама өткізу туралы өтініш мәлімдеді, олар мына жағдайды негізге алған: айыпталушының ми қабы екі рет ауыстырылған, қояншығы ұстайды, есін жоғалтады, елес көреді, жиі сандырақтайды, оның бірнеше рет миы қатты шайқалған.
Бұл өтініш мына негіздерде қанағаттандырыла алмайды:
- Н.С.Сәпиевті невропатологтар қарағанда осы аталған психикалық аурулар байқалмаған;
- істегі дәлелдемелер жиынтығымен мыналар анықталған: ол бас жарақатын 1980 жылы алған, ал 1986 жылы Томар қаласы Ақсай АҚ-нің дәрігерлік комиссиясы оны Қорғаныс Министрінің 1973 жылғы №185 Бұйрығының 12-бабы бойынша соғыс кездері сапқа тұрмайтын қызметке жарамды деп таныған, яғни онда психикалық ауытқу байқалмаған;
- сонымен қатар, қандай да бір психикалық ауруға шалдыққан адамға, психиатрия тарапынан Қорғаныс Министрінің 1973 жылғы №185 Бұйрышның С.Н.Сәпиевтің әскери билетінде көрсетілгендей 12-бабы емес, 1-9 баптары қолданылады;
- қылмыстық істе Томар облыстық психиатриялық аурухананың психиатр-сарапшысы В.А.Утаевтің консультациялық қорытындысы бар, онда С.Н.Сәпиев сот-психиатриялық сараптама жүргізуді қажет етпейді делінген. Бұл қорытындының дұрыстығына күдіктенуге алдын ала тергеу органдарында негіз жоқ.
Баяндалғандар негізінде қаулы еттім:
С.Н. Сәпиевке сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартылсын.
Бұл қаулы айыпталушы С.Н.Сәпиев пен оның қорғаушысы О.С.Халықовқа хабарлайсын.
Томар қаласы, Ақсай ауданы
прокуратурасының тергеушісі
І-сыныпты заңгер А.Л. Мамытов
Өтінішті қанағаттандырудан бас тартқандықты хабарлау мақсатында жасалатын құжаттар
Томар қаласы №1 Тергеу изоляторының
бастығы ішкі қызмет подполковнигі
Г.А.Григорьевке
13.05.1998 ж.
Айыпталушы С.Н.Сопиевтің сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы мәлімдеген өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін жіберемін.
ҚІЖК-нің 276-бабының 3-бөлігіне сәйкес осы қаулыны Томар қаласының №1 Тергеу изоляторында отырған Серік Нарынұлы Сәпиевке хабарлауыңызды өтінемін.
Тіркеме бір парақта.
Томар қаласы Ақсай ауданы
прокуратурасының тергеушісі
1-сыныпты заңгер А.Л.Мамытов
Томар қаласы Ақсай ауданының
Заң консультациясының адвокаты
О.С.Халықовқа
Томар қаласы, 480073, Алға көшесі, 67
13.05.1998 ж.
ҚІЖК-нің 276-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы Сіз және Сіздің қорғауыңыздағы С.Н.Сәпиев мәлімдеген өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін жіберіп отырмын.
Тіркеме бір парақта.
Томар қаласы. Ақсай ауданы
прокуратурасының тергеушісі
1-сыныпты заңгер А.Л.Мамытов
Айыптау қорытындылары
«Бекітемін»
Томар қаласы Ақсай ауданының
прокуроры аға әділет кеңесшісі И.А.Мусин
10 тамыз 1998 ж.
№020-2341-98 қылмыстық іс бойынша
АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ҚК-тің 24-бабының 2-бөлігінде,
175-бабында көзделген қылмыстарды
жасады деп Вячеслав Васильевич
Коровинді айыптау бойынша
Бұл қылмыстық істі Томар қаласы Ақсай ауданының АІІБ-нің Тергеу бөлімшесі 1998 жылғы 11 маусымда қозғады.
Алдын ала тергеу барысында мыналар анықталды: 1998 жылғы 11 маусымда, сағат 4 шамасында В.В.Коровин бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында Томар қаласының Горький көшесіндегі 49-үйде орналасқан «Құрылыс» ААҚ-ның қоймасына келген. Өзімен бірге алып келген қол араның көмегімен ол қабырғада тесік жасап ішке енген, пайдакүнемдік мақсатта сомасы 21500 теңгелік тауар-материалдық құндылықты ұрлап кетпекші болған. Оны қылмыс жасау орнында полиция қызметкерлері ұстаған. Қойманың қабырғасын тесіп Коровин «Құрылыс» ААҚ-ға жалпы сомасы 1600 теңгелік материалдық зиян келтірген.
Айыпталушы ретінде тартылған және сұралған В.В.Коровин ҚК-тің 175-бабының 2-бөлігінде, 30-бабында көзделген қылмысты жасаған кінәсін толық мойыңдады, өзінің қазіргі кезде жұмыссыз екенін, шөлмектер жинап өткізетінін, ақшасыз екенін айтты. Бір апта бұрын, шамамен 1998 жылғы 3 маусым күні ол Томар қаласының Горький көшесіндегі 49-үйдің ауласында болған. Аулаға машина келіп сол аулада тұрған қоймаға бос шөлмектер түсіріп кететінін байқап қалған. Ақша таусылғанда осы қоймаға түсіп бірнеше шөлмек алуға болады деп ойлаған. 1998 жылғы II маусым күні шамамен сағат 3-тен 40 минут өткенде үйден бәкісін, темір кесетін қол арасын алып Горький көшесімен келе жатқан. Толстой және Бостандық көшелерінің қиылысында орналасқан әскери бөлімнің жанынан бір бума кілт тауып алған, оларды кейін сатып жібермекші болған. Шамамен сағат 4-тің шамасында ол Горький көшесіндегі 49-үйдің ауласындағы қоймаға келген, есігінің құлып ілінген доғасын аралап көрген. Бірақ онысынан ешнәрсе шықпаған. Сонан соң ол қойманың арт жағына барып оны қаптаған пластикті аралап тесік жасаған. Сол тесік арқылы ішкі түспекші болғанда ол өзіне қарай бағытталған қолшам жарығын көрген, жаққан полиция қызметкерлері екен. Қорыққанынан тұра қашқан, бірақ олар қуып жетіп ұстап АІІБ-ге алып келген. Құрал-саймандары қойманың жанында қалған (16-17-і. п.).
Айыпталушы В.В.Коровиннің өз кінәсін толық мойындауымен қатар, бұл қылмыстың жасалғаны жинақталған мына дәлелдемелермен толық расталынады. Куә Көбеева өз жауабында былай деді: «Құрылыс» ААҚ меңгерушісінің орынбасары болып төрт жылдай істейді. Тауарлар үшін қызметкерлер ортақ жауапкершілік көтереді. Горький көшесіндегі 49-үйдің ауласында орналасқан қоймада бос жәшіктер мен бөшкелер сақталады. 1998 жылғы 11 маусым күні онда жалпы сомасы 21500 теңгелік тауар-материалдык құндылық болған. 1998 жылғы 10 маусымда жұмыстан үйіне кеткенде қойманың еш жері бұзылмаған болатын. Ал, 11 маусым күні жұмысқа келгенінде біреудің құлып ілінетін доғаны екі жерден араламақшы болғанын көрген. Қойманың қаптамасы жұлынған, ішкі темір тор араланып, сыртқа қарай қайырылған. Қойманың ішіндегі заттардың барлығы өз орнында (18-19-і. п.).
Куә Омаров былай деп жауап берді: 1998 жылғы 11 маусымда ол Юдин және Ханмен бірге Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің автопатрулінде қызмет атқарған. Сағат 4 жарым шамасында Ақсай АІІБ-нің кезекші бөлімінен Томар қаласының Горький көшесіндегі 49-үйдің ауласындағы қойманы бұзып жатыр деген хабар келіп түскен. Ол жерге келгенінде олар қойманың арт жағындағы тесікті көрген. Жақындап келген кезде тесіктен бір белгісіз еркек, кейін анықталғандай — Коровин шығып, қашып құтылмақшы болған, бірақ ұсталған. Оның үсті-басын қарағанда одан бәкі, кілт бумасы, полиэтилен қапшық табылған (20-21-і.п.).
Куә Юдин дс тура осындай жауап берген (22-23-і. п.).
Өзара беттестіру кезінде берген Коровин мен Омаровтың жауаптары (24-і. п.)
Оқиға болған жерді қарау хаттамасы (6-і. п.)
Заттай дәлелелдемелерді қарау хаттамасы мен олардың іс материалдарына қосылуы (10-12-і. п.).
Және айыпталушының өз басы:
В.В.Коровин жұмыс орнында жағымсыз сипатталады, жұмысқа шықпағаны үшін ЕтЗК-нің 33-бабының 4-тармағы бойынша кәсіпорыннан бес рет шығарылған. Кәсіпорындарда ұзақ істемеген. Соңғы бес жылда мүлде жұмыс істемеген. Сотталмаған. Тұрақты мекен-жайы бар: Томар қаласы, Көктем көшесі, 25-үй, 41-пәтер, тұрған жерінде жағымды сипатталады, психо-неврологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмайды (55-64-і. п.) Коровиннің жазасын ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар іс бойынша жоқ.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде:
1.12.1934 жылы туылған, Омбы облысы Тара қаласында туып-өскен, орыс, білімі орта, жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған, әскери міндетті емес, Томар қаласының Көктем көшесіндегі 25-үйдің 41-пәтерінде тұратын Коровин Вячеслав Васильевич айыпталады, себебі ол: 1998 жылғы 11 маусымда, сағат 4 шамасында бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында Томар қаласының Горький көшесіндегі 49-үйде орналасқан «Құрылыс» ААҚ-ның қоймасына келген. Өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыра отырып ол өзімен бірге ала келген қол арамен қойма қабырғасынан тесік ойған, жалпы сомасы 21500 теңгелік тауар-материалдық құндылықты пайдакүнемдік пиғылмен ұрламақшы болған. Бірақ ол өзінің теріс пиғылын аяғына дейін жеткізе алмаған, себебі оны полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстаған.
Өз әрекетімен В.В.Коровин ҚК-тің 175-бабының 2-бөлігінде, 30-бабында көзделген қылмысты жасаған, сақтау орнына заңсыз кіріп бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға талпыныс жасаған.
ҚІЖК-нің 207-бабы негізінде бұл қылмыстық іс айыптау қорытындысын бекітуі және соттылығы бойынша жіберуі үшін Томар қаласы Ақсу ауданының прокурорына жолданады.
Айыптау қорытындысы 1998 жылғы 9 тамызда Томар қаласынан Ақсай АІІБ-нің тергеу бөлімінде жасалған.
Томар қаласы Аксай АПБ-нің
ТБ-нің тергеушісі әділет лейтенанты Т.А. Көпенов
«Келісемін»
Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің
ТБ бастығының орынбасары С.Н. Ғазизов
Сот мәжілісіне шақыруға жататын адамдардың
ТІЗІМІ
1. Айыптаяушы
Коровин Вячеслав Васильевич
|
Томар каласы, Көктем көшесі
25-үй,41-пәтер(16-І7,32-і.п.)
|
2. Азаматтық талапкер
Көбеева Бағдат Исақызы
3. Куә: Омаров Берік Болатұлы
|
Томар қаласы. Пушкин көшесі,
19-үй (18-19-і. п.)
Томар қаласы, Пушкин көшесі:
31-үй, 51-пәтер (27-і. п.)
|
Томар қаласы, Ақсай АІІБ-нің
ТП-нің тергеушісі әділет лейтенанты Т.А.Көпенов
«Бекітемін»
Томар қаласы Ақсай ауданының
прокуроры аға әділет кеңесшісі О.А. Қазиев
15 шілде 1998 ж.
№010-2222-98 қылмыстық іс бойынша
АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ҚК-тің 213-бабының 3-бөлігінде, 111-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп Роман Владимирович Потапинді айыптау бойынша 1998 жылғы 15 мамырда Томар қаласының Ақсай АІІБ-нің Тергеу бөлімі №010-2222-98 қылмыстық істі қозғады.
Бұл іс бойынша жүргізілген алдын ала тергеуде мыналар анықталды: 1998 жылғы 15 мамыр күні таңертеңгі сағат 6 шамасында Потапин, Томар қаласының Вересаев көшесіндегі 20-үйдің №44 - өз пәтерінде, мас күйде, Омаров пен Кипрушевтің көзінше, өз пәтерінде тұрған Д.В.Вулневке тиіскен, сонан соң кенеттен күш қолданған: жұдырығымен бетіне ұрған, денесінің әр жеріне, оның ішінде өмірлік маңызды орган — басына жұдырығымен ұрған, аяғымен тепкілеген. Алған соққыдан Вулнев еденге құлаған, ал Потапин осы кезде денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы дайындалған пышағын алып, онымен Вулневтің құлағының тұсынан ұрған, сол құлақ жарғағына сұғылған-кесілген жарақат келтірген. Содан кейін де Потапин, өзінің бұзақылық әрекетін жалғастырып жәбірленуші Вулневтің денесіне, басына аяқпен, қолмен көптеген соққы жасаған. Осы кезде пәтерде болған Кипрушев пен Омаров Потапиннің қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекетін тоқтатуға тырысқан, бірақ ол бұларға ырық бермеген, Вулневті ұруын жалғастырып оның кеудесінің сол жақ тұсына тесілген-кесілген жарақат салған, өкпесін зақымдаған, ол пневмогемоторокске ұласқан, сонымен Вулневтің денсаулығына ауыр дене жарақатын салған.
Айыпталушы ретінде тартылған және сұралған Р.В.Потапин ҚК-тің 213-бабының 3-бөлігінде, 111-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған кінәсін жарым-жартылай мойындады және ол былай деп көрсетгі: 1998 жылғы 14 мамыр күні сағат 20-лар шамасында, Май көшесінде, бұрын мектепте бірге оқыған Кипрушев пен Омаровты кездестірген. Олар ішімдік ішкен, көшеде қыдырған, сонан соң Томар қаласы Вересаев көшесіндегі 20-үйдегі оның №44-пәтеріне барған. Ол жерден ақша алып, олар сыра алуға шыққан. Баспалдақпен төмен түсіп келе жатқанда олар 4-қабатта тұрған таныс емес Вулнев пен Анисимованы көрген. Вулнев олардың жолына тосқауыл болған. Потапин оны айналып өткен, ал Кипрушев Вулневке ескерту жасаған. Осы кезде Вулнев олардың кім екендігін және онда неге жүргендігін сұраған. Кипрушев оған Потапин осында бесінші қабатта тұрады деген, бірақ Булнев өзінің сенбейтіндігін және керек болса, бір шөлмек араққа бәстесетінін айтқан. Кипрушев оған келіскен. Ол Потапиннің сондағы №44 пәтерде тұратындығын дәлелдегенде, Вулнев ұтылып қалғанына ызаланған. Арақ алуға бәрі сыртқа бірге шыққанда Вулнев оларға «Кетіңдерші» деп, өзі басқа жаққа бұрылған. Кипрушев оған бәстескенін еске салған. Вулнев қалтасынан 200 теңге алып купюраға түкірген, оны Кипрушевтің маңдайына жапсырмақшы болған, бірақ, олармен бірге барып Ульянов көшесіндегі дүкеннен арақ сатып алып оны Омаровқа ұстатқан, ал Кипрушевке «сенімен әлі сөйлесемін» деп, балағат сөздер айтқан. Ол, Омаров пен Кипрушев алдыға озып кеткен. №45 мектептің жанында Вулнев пен Анисимова оларды қуып жеткен, Вулнев өздерінің олармен бірге баратынын айтқан. Потапиннің пәтерінде олар бесеуі сатып алған арақты ішкен. Вулнев пен Кипрушев сөзбен байланысып қалған, олардың арасына түспекші болған Потапинге Вулнев «Аузыңды жап» деген. Бір кезде Вулнев пен Анисимова дәлізге шыққан. Бұл оларды кетеді деп ойлап, шығарып салмақшы болған. Вулнев дәліздегі киім ілгіштің жанында тұрған, ал Анисимова Потапиннің ағасының бөлмесіне кірген. Айыпталушы олардың қашан кететінін сұраған, бірақ оны Вулнев назарына алмаған, еңкейіп қолындағы қапшыққа қараған. Ол өз сұрағын қайталап, Вулневтың иығынан ұстаған, осы кезде Вулнев оны шалқайып тұрып шынтағымен кеудеге бір перген. Вулневтың сол шекесіне он қолымен бір ұрып Потапин жауап қайтарған. Төбелес басталған, айыпталушы жығылған, Вулнев оның үстіне мініп алып шашынан тартқан, басын еденге соққылаған. Айқай-шуға Кипрушев пен Омаров шыққан, Вулнев ұрғанын қойған. Потапиннің мұрны бұзылып қан аққандықтан ол басы-көзін жууға ваннаға кеткен. Ваннадан шыққанда ол Анисимованың өз бөлмесінде, ал Вулневтің пәтерге кіретін есіктің жанында тұрғандарын көрген. Потапин олардың кетуін өтінген, оған Вулнев жауап қатпаған. Сонан соң айыпталушы оны белінен құшақтап көтеріп есіктің алдына дейін апарып есікті ашпақшы болған, осы кезде Вулнев оны басынан ұрып құлатқан, тағы да ұра бастаған. Айқай-шуға Омаров пен Кипрушев тағы да шыққан. Вулнев ұрғанын қойған. Айыпталушы Вулневтің аяқ киімін, оның көзінше терезеден лақтырып жіберген, Вулнев бәрі бір кетпеген, ал Потапин жуынуға ваннаға кірген. Одан шыққанда ол Вулнев пен Анисимованың есіктің жанында сыбырласып тұрғанын көрген. Біреуінің қолында полиэтилен қапшық болған. Потапин олардың кетуін талап еткен. Онысына жауап ретінде Вулнев қапшықтан резинка таяқ сияқты нәрсе алып, онымен айыпталіушының иығына бір салған. Потапин Вулневке сес көрсету мақсатында ұйықтайтын бөлмедегі қобдишаның үстінде тұрған, ұстарасы алюминге ұқсас жеңіл металдан жасалған, коммерциялық дүкендерде сатылатын, тарту ретінде саналатын пышақты алып келген. Айыпталушы пышақтың өтпейтіндігін білген, Вулневтің денсаулығына зақым келтіру оның ойында болмаған. Сол пышақты қолына алып Потапин «кетіңдер» деп Вулнев пен Анисимоваға айқайлаған. Вулнев ешқандай себепсіз айыпталушыны резинка таяқпен сол шықшытына салып қалған. Потапин, соққыдан қорғанамын деп пышақ ұстаған қолын алдыға созған, алған соққыдан құлап түскен. Тұрған бойда ваннаға кіріп, ішінен іліп алған. Потапин Вулневке пышақ тиді деп ойламаған, себебі пышақтың ұстарасы таза болған, ептеген қан сабында ғана болған. Өзінің үсті-басы қан болғандықтан, ол қанды өзінікі деп ойлаған. Айыпталушы ваннадан шыққанда пәтерде ешкім болмаған. Вулнев есікті қағып, ашуды талап еткен. Бірақ ол құлып бұзылып қалды деген сылтаумен есікті ашпаған. Ертеңгісін полиция қызметкерлері келіп айыпталушыны ұстаған (17-18-і. п.).
Айыпталушы Р.В.Потапиннің кінәсін өзі мойындауымен қатар, бұл қылмысты жасағандығын іс бойынша жинақталған мына дәлелдемелер толқтай растайды:
Жәбірленуші Д.В.Вулневтің жауаптары, ол былай деп көрсетті: 1998 жылы 14 мамыр күні кешкісін, қыдырып жүріп Анисимовамен танысқан. Итті қыдыртуға алып шығу үшін олар оның үйіне кірген. Сол күні сағат бір жарымға дейін қыдырған. Олан кейін 5-және 4-қабаттар аралығындағы баспалдақ алаңында сөйлесіп тұрған. Осы кезде жоғарыдан таныс емес үш жігіт түсіп келе жатқан. «Мұнша кеш уақытта мұнда неге жүрген адамдар» - деген оның сұрағына олардың біреуі осында, 5-қабатта тұратынын, тіптен ол үшін бір шөлмек араққа бәстесетінін айтқан. Олар жоғары көтерілгеннен кейін Рома деп аталатын біреуі 44-пәтерді өз кілтімен ашып, оның өзінікі екендігін дәлелдеген, ал оның Володя деген досы Вулневтің бір шөлмек араққа ұтылғанын ескерткен. Олар бесеуі Ульянов көшесіндегі дүкенге барған, жәбірленуші ұтылған арағын сатып алып жігіттерге берген. Араларында ешқандай жанжал болмаған. Рома Вулнев пен Анисимоваға арақты үйге барып бірге ішейік деп айтқан. Олар Романың пәтеріне келіп бірге арақ ішкен, жәбірленуші бір жанжалдың боларын сезіп Анисимоваға кетіп қалайық деген. Олар 4-қабатқа түскенде Анисимова, егер душ қабылдамаса аллергиясы қозатынын айтқан. Ол жәбірленушіге Ромаға барып, душ қабылдауға оның рұқсат беруін өтін деген. Пәтер иесі Анисимованың душ қабылдауына рұқсат берген соң, ол ваннаға кірген. Ал ас үйдегі жігіттердің Анисимова жайында сөз айтып жатқанын естіген жәбірленуші ваннаның есігінің жанында тұрған. Осы кезде оның жанына Володя келіп оны кемсітіп сөйлеген, жанжалға итермелеген, ал оның артында тұрған Рома ойламаған жерден бетіне бір ұрған. Жәбірленуші басын бұғып қалып соққыдан жалтарып үлгерген. Володя оған ұрып жатса да мыңқ демейсің деп айып таққам, ал осы кезде Рома оны тағы да басынан ұрған. Жәбірленуші шыдамай Романың бетіне жұдырықпен ұрған. Рома қолымен оның денесін, басын ұрған, екеуі еденге жығылған. Романың достары оларды ажыратқан. Володя Вулневтің құлағын Рома қыршып алды деп айтқан. Вулнев айнаға барып қарап, сол құлағының сырғалығы жұқа теріге ілініп тұрғанын, одан қан аңғып жатқанын көрген. Рома Вулневке жақындап келіп тағы да ұрмақшы болған. Вулнев Романың құлағын тістеп алған, оған: «Ауыратынын сездің бе, ал сен менің құлағымды қыршып алдың» деген. Оған жауап ретінде Рома оны бірнеше рет төмпештеп, бөлмесіне кіріп кеткен. Алина ваннадан шыққан, ал Романың достары дәлізде болатын. Бірнеше минуттан кейін Рома бөлмесінен шыққан. Кеудесіне қарай бүктелген қолына пышақ ұстап шыққан. Жымиып күле келіп ол жәбірленушінің төсіне бірден пышақ ұрған. Ол жалтарып үлгермеген, пышақ салынған жерден қан атқылаған. Жейдесін жыртып кеудесін таңған, еңкейіп аяқ киім киюге шамасы келмей, жалаңаяқ пәтерден шығып кеткен. Үйіне келген. Шешесі жедел жәрдем және полиция қызметкерлерін шақырған (19-20-і. п.).
Жауап алынған куә Л.Н.Вулнева былай деп көрсеткен: 1998 жылғы 14 мамырда, сағат 21 шамасында оның ұлы Дмитрий өзінің досына кеткен. Үйге түнеуге келмеген, ертеңгісін - 15 мамыр күні сағат 6 шамасында біреу есік қаққан. Ашқанда ұлын көрген. Ептеп ішкендігі байқалады, кеудесін қан-қан жейдесімен таңып алған, жалаңаяқ. Сол құлағының сырғалығы жыртылған, мойны тырналған. Ұлының айтуына қарағанда оны осы подъездің 5-қабатындағы төрт бөлмелі пәтерде тұратын 19 жасар Рома деген пышақтаған. Л.Н.Вулнева оның 44-пәтер екенін бірден білген. Ұлы жедел жәрдем шақыр деген, басқа тіс жарып ешнәрсе айтпаған. 10 минуттай өткен соң ілінбеген есіктен қыз кіріп келіп, ұлының атын атап шақырған, бірақ ол қызбен сөйлескісі келмеген, Вулнева қыздың кетуін өтінген (22-23-і. п.).
Куә А.А.Анисимова былай деп көрсеткен: 1998 жылғы 14 мамыр күні кешкісін ол Вулневпен танысқан, олар қалада қыдырған. Сонан соң олар итті қыдыртып келмекші болған. Вулнев итті алып шығуға үйіне кірген. Анисимова баспалдақ аланында қалған, сол жерден ол 4 және 5-қабат аралығында тұрған үш мас адамды көрген. Итті қыдыртып қайтып келгендерінде ол үшеуі әлі сол жерде тұрған. Олар Вулневті шақырып алған, Вулнев 10 минуттай жоқ болып кеткен. Баспалдақта қараңғы болғандықтан қыз жігіттердің жоғары көтерілген-көтерілмегенін айта алмайды. Вулнев қайтып оралғанда өзінің бір шөлмек араққа ұтылғанын айтқан. Бесеуі бірге Ульянов көшесіндегі дүкенге барған, Вулнев ұтылған арағын сатып алып жігіттерге берген. Олар арақты бірге ішейік деген. Бұлардың барғысы келмеген, бірақ Рома тиісіп сөйлеген соң, бармағанымыз болмас деп Вулнев көнген. Анисимова Вулневпен бірге Томар қаласының Вересаев көшесіндегі 20-үйдегі Рома тұратын 44 пәтерге келген. Ас үйге барып жігіттер арақты бөліп ішкен. Ешқандай жанжал болмаған. 10 минуттан соң ол Вулнев екеуі пәтерден шығып төмен қарай 4-қабатқа дейін түскен. Анисимова өзін нашар сезінген, оған тез мойнын шаю керек еді, оған Вулнев үйге кірейік деген, бірақ уақыт кеш болғандықтан кіргенге ыңғайсызданған. Ол Вулневке Ромаға барып, одан рұқсат сұра деген. Дима оған қарсы болған, бірақ осы кезде жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан Рома үйіне кіріп шайынып шығуды өзі ұсынған. Диманың жібермегеніне қарамастан Анисимова Романың пәтеріне бармақшы болған, Вулнев оның артынан қалмаған. Қыз ваннаға кіргенде Дима есіктің жанына барып тұрған. Анисимова суды ағытқанда шудың арасынан паласт жылжытқандай дыбыс естіген. 5-7 минуттан кейін ваннадан шыққанда ол айнаның алдында құлағын қарап тұрған Вулневті көрген. Жейдесі жыртылған, беті мен мойны қан. Романың достары баспалдақ алаңыында тұрған, кіретін есік ашық болған. Қыз шыққан кезде екінші бөлмеден Рома да шыққан, оның оң қолы кеудесінің тұсында бүгілген екен. Оның қолында бір жылтыр зат болған, бірақ оны қыз байқап үлгермеген. Рома Вулневке жақын келіп қолын жылдам алдыға созып қайта тартып аздан, артқа шегінген. Вулнев сол бүйірін басып ұстай алған, қан сорғалап аққан. Қатты қорықаннан Анисимова баспалдақ қанатып шығып, жоғары қарай жүгірген. Өзі өзіне келген соң, төмен қарай түсіп Романың пәтерінің есігін қаққан. Ол қазір ата-анаң келеді, пәтер шашылып жатыр деп, есікті ашпай қойған. Сонан соң төмен түсіп Вулневтің пәтеріне барған, оның диванда отырғанын көрген. Оның мамасы Вулневтың жарақат екенін айтып, кетуін өтіпген. Вулневтің ауруханада екендігін үш күннен кейін естіп, полицияға өзі келген (25-25-і. п.).
Достарыңызбен бөлісу: |