Қорытынды
Қазақтың бай салт-дәстүрінен сусындаған Бауыржан Момышұлы да
әліппені орысша оқыған, бүкіл қызметі орыс тілінде өтті. Бірақ ол Нағыз Қазақ болып қалды. Ол орысша сөйлегенде оның асқан шешендігіне, ой жүйесінің жампоздығына, биік білімділігіне ең зиялымын деген орыстардың өзі таңдай қағар еді. Бірақ ол орысша оқыған басқа көптеген қандастары сияқты өз тілінен безінген жоқ.
Оның орыс достары өте көп еді. Ол орыстың ұлы классик ақын-жазушыларын піріндей сыйлады. Ол соғыс кезінде, одан кейін де Илья Эренбург, Константин Семенов, Александр Фадеев сияқты ірі тұлғалармен дос болды. Ол туралы орыс жазушысы Александр Бек «Арпалыс» атты роман жазып әлемге әйгілі болды. Расында, ол әйгілі кітаптың авторы Бауыржан Момышұлы болатын.
Баукең адамды ұлтына емес ақыл-парасатына қарап бағалайтын. Сондықтан оны Ұлтшыл деп қаралайтын болсақ онда жала жапқанымыз. Ол Кубаға барғанда Фидель Кастро, Рауль Кастромен туыстасты. Ол алыстағы чех жазушысы Шдаймен ағайынша хат алысып тұрды. Ал, өз халқын ағынан жарыла жанындай жақсы көрді. Оның өткені мен қазіргісі, бүгінгі күні толғандырмай қоймады. Баукең көреген еді, ол сол уақытта, қан майданның қақ ортасында жүріп, өз халқының қамын ойлап Қазақстандағы басшыларға хат жазумен болды. Оны толғандырған ұлт келешегі, ұлт мүддесі, ұлт тарихы, ұлт рухының, ұлт тілінің, ұлт санасының, ұлт сауатының, ұлт ар намысының, ұлт әдебиетінің, ұлт мәдениетінің қамы болатын. Ол соғыстағы әрбір қазақтың, әрбір ұлттың адамы тірі қалу ұрпақ үшін зор қуаныш деп ұқты. Шығынсыз соғыс болмайтынын да ұқты, ал шығынның орнын толтыра алмайтындықтарын да ұқты. «Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады» дейді Бауыржан Момышұлы. Ол халықтың, ұрпақтың рухы сынбауын армандады.
Рух туралы озық ойы, өзіндік философиясы бар ол халық туралы: «Біз мал едік, қараңғы едік», - дегенге менің ашу-ызам келеді, - дейді Бауыржан Момышұлы. Ол өз халқы туралы мұндай қорлық сөзге шыдамаушы еді.
Ал, Баукең сол соғыс жылдарының өзінді-ақ: «Кеңесарыдан оның көзқарасының Маркс көзқарасымен сәйкес келуін талап етуге болмайды», - деп айдай әлемге жар салды. Франциядан арнайы Баукеңді іздеп қонаққа келген француз әйеліне Баукең қылышынан қан тамған уақыттың өзінде Мағжанның бір өлеңін жатқа айтып берген. Жанындағылардың айтқанына көнбей, өзім жауап берем деп бой бермеген. Ал француз әйелі болса Баукеңе Мағжанның өлеңдерімен таныс екенін, оның францияда кітабы шыққанын айтқанда Бауыржан «Мағжан ұлы ақын» деп жауап берген.
«Егер біз қазақ халқының барлық жақсы дәстүрін керегі жоқ деп қудалайтын болсақ, ата-бабаларымыздың кім екенін білмейтін болсақ, мұның өзі пайда бере қоя ма?» - деді. Өткенді жер мен жексен ету -болашақ ұрпақты мәңгүрттікке альш баратынын Бауыржан Момышұлы бұдан алпыс жылдай бұрын ескертті. Қоғам, қоғам тізгінін ұстарлары мұны ескермеді. Енді оның зардабын өлердей бастан кешіп, тіпті мына «тәуелсіз» деген заманның өзінде «мемлекеттік тіл» мәселесімен әуре сарсаңбыз. Бауыржан Тәңірге, Тәңір берген Тағдырға сенген адам: «Егер мен тағдыр жазып бүгінге дейін тірі жүрсем, алдағы тағдырдың маған қаншалықты рахымы боларына көзім жетпейді», - деп жазды ол отыз үш жасында. Тағдыр оған әлі қанша өмір беретіндігіне көзі жетпегендіктен де халқының мүшкіл халін ойлап, 1943 жылы 18 наурызда Қазақ ССР Халық Комисарлары Советінің төрағасы Нұртас Оңдасыновқа майданнан хат жазды. Онда ол мен майданда жауды жайратып жатырмын, мен атақты батырмын демейді. Республика басшысына халық тағдырына араша түсуді аманат қылады. «Өнегелі тәрбие алған адам Отанға берілгендік, әділдік, тәртіптілік сияқты жауынгерлік қасиеттердің негізін бойына сіңіреді.
Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дәстүрлер бүгінгі таңда қайта салтанат құруға тиіс. Халық даналығының алтын қазынасы біздің жетістігімізге айналып, біліміміз бен тәжірбиемізді байытып, істерімізге қолқабыс жасауға тиіс».
Бауыржанның ұлт, ұрпақ тағдырына байланысты осы хатына Н.Оңдасыновқа жазған хатына жауап алды ма, жоқ оны білмейміз, бірақ, ақиқатында бұл хат тек Н.Оңдасыновқа ғана емес, Мемлекет, Үкімет тізгінін ұстайтын келешек басшыларға да арналған.
«Тәрбие жұмысындағы осындай сорақы жаңсақтықтың салдарынан жастардың кейбір бөлігі адам танымастай әдепсіз жеңіл ойлы, нашар, ебедейсіз, қопал болып өсіп келеді; тіпті сужүрек, қажырсыз, бас қамын ойлайтындар да ұшырасады». Бауыржан бұл қасіретті жазғалы жарты ғасырдан асып кетті. Осы дерт асқындамаса азайған жоқ. Демек Бауыржан өсиеті әлі актуальды. Егер Мемлекет, Үкімет ұлт қамын болашағын ойлайтын болса, ұлт намысын қорғаймын десе, ең бірінші, адамдарды аздырмай, тоздырмай асылдандыруға көңіл бөлуі керек.
1944 жылы ақпанда ауруханада жатқан кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі хатшысы Әбдіхалықовқа Қазақ Тілі туралы хат жазыпты. Басталуы мынадай:
«Тіл маманы болмасам да, Алматыға келгелі орталық «Социалистік Қазақстан» газетін оқып, кейбір, кейінгі кездегі басылған қазақ тіліндегі кітаптарды желе-жортып қарап шығып, күннен күнге ұлғайып бара жатқан, шым-шытырық «шүршіттенуді» көзбен көре, құлақпен ести отырып, дәтім шыдамай жазамын деп отырғаным тіл мәселелері туралы». Осыдан 56 жыл бұрын жазғандары айна - қатесіз сол қалпында, дәл бүгінгідей. Қазір мың - миллиондаған адамдар Тіл! Тіл! деп кеңірдегін соза айқайлағанмен тіл жер бауырлап жылжып келеді. Ал, Бауыржан айқайлаған сол заманның қылышына қан тамған кезең еді.
Жыл өткен сайын, жылдар өткен сайын Бауыржан шыңының басы ұлғайа түскендей, әлі зерттеле келе ұлғайа бермек, өсіп - өркендей түспек Ал, біз өсетін елдің, өркениетті елдің қатарына қосылып, қазақ халқын әлемге танысқымыз келсек Бауыржан өсиетінен ғибрат алармыз және соны келешегімізге ту етіп ұстасақ, ұлы рухы биіктері сөзсіз.
«Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық жүру. Мұршасы, әлі жеткенше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге, алған мақсатына қопарыла, шын көңілмен адал қызмет істеу» Бауыржан Момышұлы да осы бақытқа ие болған асыл тұлға. Аты аңызға айналған әйгілі батыр, есімі ел жадында мәңгі жатталып, қалған даңқты қолбасшы, халқымыздың қыран мінезді айбынды перзенті, дүниеге екі келмес біртуар биік тұлға, жастардың ұлағатты ұстазы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының өзіне ғана тән көп қырлы қайталанбас асыл бейнесі ұрпақтан ұрпаққа жетіп, асқарлана, ажарлана түспек.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Ахметова 3. «Шуақты күндер»
2. Асылов Ұ. (құрастырған) «Дана ойдан шыққан сөз» Алматы 1987ж.
3. Ахтанов Т. «Ел қасиеті - ер қасиеті» Қазақ әдебиеті // 10 маусым,
1983ж.
4. Әлімқұлов Т. «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» Алматы
5. «Санат» 1994ж
6. Әлімжан Е. «Жанартау». Егемен Қазақстан // 27 қыркүйек, 2000ж
7. Баржақсы А. «Мың бір мақал, жиырма үш жоқтау» Алматы
8. Баялиев «Рух күші Б.Момышұлы» Ақ жол // 26 тамыз, 200ж.
9. Байтуов «Бір сұхбаттың тарихы» Ақ жол 7 ақпан, 2001ж.
10. «Беташар» (жинақ) Алматы «Өнер» 1991 ж
11. Голушко И.М. «Б. Момышұлы туралы». Қазақ әдебиеті // 22 апрель
1983ж
12. Жүнісұлы Ж. «Батылдықтан батырлыққа» Заң газеті 7 мамыр, 2001 ж
13. Кенжеахметұлы С. «Жеті қазына». 1-2т.т Алматы «Ана тілі» 2002 ж
14. Кенжеахметұлы С. «Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі»
Алматы «Санат» 1998ж
15. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (жинақ) Алматы «Рауан» 1994ж.
16. Момышұлы Б. «Ұяда не көрсең» Алматы «Жалын» 1988 ж
17. Момышұлы Б. Шығармалар жинағы 1, 2 т Алматы «Мектеп» 2001 ж
18. Мырзахметұлы М. «Аңызға аты айналған» Тараз 2000 ж
19. Мұртаза Ш. «Рух пен намыстың төресі» Ақжол // 2000ж
20. Мамытбек Қ. «Баукең айтқан әңгімелер» Жұлдыз 2002 ж №12
21. Мамыт А. «Баукеңнің беймәлім қырлары» Ақжол 31 қаңтар 2001 ж
22. Нұршайықов Ә. «Ақиқат пен аңыз» Алматы 1976 ж
23. Нұрышев С.Н. «Қазақтың халық мақалдарының даму тарихынан»
Алматы 1959ж
24. Ниязбек P. «Бауыржан - Алты алаштың ар-намысы» Жұлдыз №12,
2000 ж
25. Сейілханқызы «Өнегесін өміріне өзек еткен» Заң газеті // 9 мамыр,
2000 ж
26. Серікбаев К. «Бауыржанмен екі жүздесу» Жалын // № 5,6. 1996ж
27. Темірғалиұлы 3. «Баукең айтқан нақылдар» Заң газеті // 13 желтоқсан,
2000ж
28. «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы» Жалын журналы 1988ж №6
29. «Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі мақал - мәтелдердің
тәрбиелік мәні.» Ұлт тағлымы. // № 1 2003 жыл
офессору НАИ
Достарыңызбен бөлісу: |