201
/сөздің қысқаша жазбасы/
«_________________»" 6-бөлімнің жалпы жиналысы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді
қолдану мен
дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының»
орындалуы ______________________________міндеттелсін.
2. Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді атсалысуы
жөніндегі шаралар белгіленсін.
Төрағасы: (қолы)__________________
Хатшысы: (қолы)__________________
8-тапсырма.
Етістіктерді ырықсыз етіс тұлғасында жазыңыз.
Үлгі: жазу – жазылды.
Талқылау, қарсы алу, бекіту, сайлау, қабылдау, өткізу, жүргізу, ұсыну,
тағайындау, мақұлдау, шешу, тексеру, орындау, келісу, айту, қол қою.
9-тапсырма. Мына сөз тіркестерiмен сөйлем құраңыз.
Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес, Президент Жарлығына сәйкес, нормативтiк
актiлерге сәйкес, бiрiншi мәселе бойынша, күн
тәртiбiндегi мәселе бойынша,
баяндама бойынша, iссапарда болуына байланысты,
Президент Жарлығы
туралы, Парламенттiң шешiмi туралы, Парламент шешiмiн жүзеге асыру,
жиналыстың қаулысын жүзеге асыру.
10-тапсырма. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс.
Баяндама,
хаттаманың көшірмесі, қорытынды,
сауал қою, қалыс қалу,
дауыс
беру, шешім қабылдау,
талқылау, кеңейтілген мәжіліс, төралқа,
жауап беру,
төраға,төрайым, сөз сөйлеу, тізім, дәлелді себеппен, дәлелсіз себеппен, хаттама
мәтіні, қаулымен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: