210
2) iшкi ротация – Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық
бөлiмшелерi
арасында ауысу.
3. Шет елдердегi мекемелердегi жұмыстар арасындағы кезеңде
дипломатиялық қызмет персоналының Сыртқы iстер министрлiгiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiндегi жұмыс мерзiмi, әдетте, кем дегенде екi жыл
болуға тиiс.
4. Дипломатиялық қызмет жұмыскерлерiнiң шет елдердегi мекемелердегi
үздiксiз жұмыс мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
Қызмет бабындағы қажеттiлiк пен сол адамның келiсiмi бойынша
аталған
мерзiмдi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi ұзартуы мүмкiн.
5. Дәлелсiз себептермен шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту
тәртiптiк тұрғыдан терiс қылық болып табылады және
тәртiптiк жаза қолдану
үшiн негiз бола алады.
Шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту үшiн дәлелдi деп
танылатын себептердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
министрi белгiлейдi.
6. Шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберу кезiнде
дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
7. Осы баптың 3, 4-тармақтарының күшi шет
елдердегi мекемелердiң
басшылары ретiнде жұмысқа жiберiлетiн адамдарға, кеңесшi-уәкiлдерге,
Қазақстан Республикасының халықаралық
ұйымдар жанындағы тұрақты
өкiлдерiнiң орынбасарларына, сондай-ақ сирек кездесетiн шет тiлдерiн
меңгерген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: