Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс



Pdf көрінісі
бет159/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

13-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс 
беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру 


209 
1. Жекелеген жағдайларда, жұмыста елеулi табыстарға қол жеткiзсе немесе 
айрықша еңбек сiңiрсе, белгiленген мерзiм өткенге дейiн (мерзiмiнен бұрын 
дәреже беру) немесе дәреже берудiң кезегi сақталмастан (кезектен тыс дәреже 
беру) дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дәрежесi өсiрiлуі мүмкiн.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ Сыртқы iстер 
министрлiгiнен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының 
және өздерi болатын елдердiң заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп 
соғатын iс-әрекеттер жасаған жағдайда олардың дипломаттық дәрежесі 
төмендетiлуi немесе олар дипломаттық дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.
Мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн дипломатиялық қызмет 
органдары жүйесiнен босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкерi 
сонымен бiр мезгiлде дипломаттық дәрежесiнен де айырылады.
Дипломатиялық қызмет қызметкерiн дипломаттық дәрежесiнен айыру 
немесе оның дәрежесiн төмендету дәреже берiлгендегiдей тәртiппен 
жүргiзiледi.
Дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң бұрынғы дипломаттық дәрежесiн 
қалпына келтiру қызметтiк аттестаттаудан өткеннен кейiн жүргiзiледi.
 
4-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ӨТУ 
14-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру
қызмет атқару 
1. Дипломатиялық қызмет персоналының лауазым ауыстыруы кадрлардың 
бiлiктiлiгi, кәсiби даярлығы, олардың ротациясы мен мамандану принциптерi 
ескерiле отырып, қызмет бабындағы қажеттiлiкке сәйкес жүзеге асырылады.
Дипломатиялық қызмет органдарында бос қызмет орындарына тұру, келесi 
жоғары тұрған және төмен тұрған санаттарда қызметке тұру жолымен қызмет 
бабында орын ауыстыруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының 
мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң лауазымы шет елдердегi 
мекемелердегi жұмысы кезеңiнде, оның шет елде болу мерзiмi қызмет 
бабындағы қажеттiлiкке байланысты ұзартылған жағдайларды қоспағанда, бiр 
реттен артық өсiрiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет