207
1. Дипломатиялық
қызметке жоғары бiлiмi бар, өзiне жүктелген мiндеттердi
орындау үшiн тиiстi iскерлiк, моральдық, кәсiби қасиеттерге қол жеткiзген әрi
денсаулық жағдайы дұрыс Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала
алады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiн
Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымынан
босатады.
Қазақстан Республикасының төтенше және өкiлеттi
елшiлерiн Қазақстан
Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкiлдерiн
Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды және керi шақырып
алады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары,
ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес
лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады. (РҚАО-ның
ескертуі: қараңыз. (16-18-тармақтары)
Басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен
босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi жүргiзедi.
3. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке
тұру азаматтар алдын ала
мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
4. Шет елдегi жұмыстан кейiн Қазақстан Республикасына оралған
дипломатиялық
қызметтiң қызметкерi, егер ол осы Заңның 22-бабында
көзделген жазаларға тартылмаған болса, бұрын Сыртқы iстер министрлiгiнде
атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.
5. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке алғаш тұрған адамдар
үшiн үш айға дейiн мiндеттi сынақ мерзiмi белгiленедi.
Сынақ мерзiмiнен өтудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрi белгiлейдi.
6. Бұрын сотталған және ақтала алмайтын негiздер бойынша
қылмыстық
жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ ұнамсыз себептермен мемлекеттiк
қызметтен босатылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қызметке
қабылданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: