Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет104/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

Есіңізде сақтаңыз! 
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараға байланысты
қабылдаған халықаралық шарттары: 
 
 
1. «Достастыққа мүше мемлекеттердің, олардың сыртқы шекарасында 
тұрақтылық жағдайды қамтамасыз етуіне байланысты ынтымақтастық туралы 
келісім». 
Бішкек, 1992 ж. 9 қазан. 
2. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттердің егемендік
территорияның мызғымастығы мен қол сұқпаушылығын сақтау жөніндегі 
Декларация» 
Мәскеу, 1994 ж.15 сәуір. 
3. «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекаралары жөніндегі ҚР мен ҚХР 
арасындағы келісім». 
Алматы, 1994 ж . 28 сәуір. 
4. «ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шекараны қорғаудағы ынтымақтастық 
туралы шарт». 
Мәскеу, 1994 ж 21 қазан. 
5. «ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шекараны бірлесіп қорғау жөніндегі 
шарт». 
1995 ж. 30 шілде. 
6. «ҚР мен Өзбекстан Республикасы арасындағы «Қазақстан-Өзбекстан» 
шекарасы жөніндегі шарт». 
2001 жыл. 
45-тапсырма
Мына сөз тіркестерімен сабақтас құрмалас сөйлемдер 
құрастырыңыздар. 
Аумақтық тұтастықты қорғау, саяси тұрақтылықты сақтау, ұлттық 
экономиканы дамыту, өзара ымыраға келу, әріптестік деңгейге көтеру, жоғары 
деңгейдегі кездесулер, бірлесіп пайдалану, әділетті және ұтымды пайдалану, 
үкіметаралық келісім жобасы, жаһандық мәселелер.
Глоссарий 
 
Шекараны делимитациялау (лат. delimitatio – белгілеу) – келіссөздер 
арқылы мемлекеттер арасында шекара сызықтарының жалпы (ортақ) 
бағытын анықтау. Делимитациялау туралы қаулылар әдетте мемлекеттік 
шекараларды белгілеу немесе өзгерту туралы бейбіт шарттарды немесе 
арнайы келісімдердің құрамдас бөлігі болып табылады. Делимитациялау 
барысында уағдаласушы мемлекеттер (қағида бойынша, шекара маңында 
жұмыстар жүргізусіз, карта бойынша) шекара сызықтарының өтуіне 
сипаттама жасайды, ол шарттың өзінде немесе оның қосымшасында дербес 
бап болуы мүмкін. Осылайша белгіленген шекара сызығы шартқа 


138 
қосымшаланатын Арнайы дипломатиялық терминология картаға түсіріледі. 
Делимитациялау материалдары шекараны анықтаудың – оны жер аумағына 
жүргізудің келесі кезеңі үшін негіздеме болып қызмет атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет