135
-ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің қауіптің жаңа ошақтары мен қауіпсіздікке
төнер қатерлерді еңсеру жөніндегі пайымын танытатын тарихи Астана
Декларациясының қабылдануы.
-Қазақстанның халықаралық
беделінің айқын көрінісі, Мемлекет
басшысының Еуразиялық интеграциялық бастамалары мен оның жаһандық
әлемдік проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстарын дүние жүзінің
мойындауы.
-Ұлтаралық
татулық
пен
келісімнің
қазақстандық
моделін,
республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін, кемелдігі
мен тұтастығын паш ету.
-Қазақстан елордасы танымалдығының жаңа деңгейі. Астана бұған дейін
ЕҚЫҰ Саммиттерін өткізуге ұйтқы болған
Еуропаның ірі қалаларының
қатарынан орын тепті.
-ЕҚЫҰ VII Саммиті – сенім, дәстүр, ашықтық, толеранттылық.
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ,
Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған
халықаралық ұйым Бас кеңсесінің орналасуы – Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ
құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ Президенті
Ф.Д.Рузвельт ұсынды, Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда
қабылданды. Бұл БҰҰ-ның ресми күні болып жарияланды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып
табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО,
АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері
өкілдерінің қатысуымен
жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан
тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско
конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24
қазанында
аталмыш
конференцияға
қатысушы
елдердің
Жарғыны
ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24
қазан
халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде
кеңінен аталып өтіп жүр. Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
органы болып саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау
кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер,
атап айтқанда,
бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның
бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі
қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас
Ассамблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына
мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды.
Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция
мемлекеттері тұрақты мүше.
Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері
Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр.
Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ.
БҰҰ Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
•бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
136
•ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
•халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыру мен адам
құқығын құрметтеуді қолдау;
•осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы
болу.
(Интернет материалдарынан алынған)
Достарыңызбен бөлісу: