Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет48/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

күні, айы, жылы қолы.
 
ПРЕСС-РЕЛИЗ 
Пресс-релиз анықтамасы бойынша (ағылшын тілінен – press-release – 
баспасөз үшін шығарылым) – «Баспа, радио, телевизия қызметкерлері үшін 
шұғыл жариялауға немесе таратуға жататын құжаттар мен ақпаратты құрайтын 
арнайы бюллетень». Бұл жарияланымның негізгі міндеті – журналистерге
содан кейін оқырмандардың кең аясына қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы 
хабардар ету. Пресс-релиз – бұл назар аудару үшін әрекет құралы, ол 
компаниялар және көрсетілетін қызмет туралы белгілі бір қоғамдық пікірді 
жасау және ұстау үшін құрал қызметін атқарады.
Оны жазу үшін кез келген оқиға түрткі болуы мүмкін:
- Халықаралық деңгейде өткізілетін саммит, симпозиум, конференция және 
т.б.; 
- жаңа жобаларды қосу; 
- акциялар мен конкурстар өткізу; 
- қызмет көрсетудің бағаларының немесе шарттарының өзгеруі; 
- семинарлар мен көрмелер өткізу
- ассортименттердің өзгеруі, жаңа тауарлардың шығуы; 
- компания қызмет саласының кеңеюі, филиалдардың ашылуы, жаңа қызмет
көрсетулер; 
- компанияның қайырымдылық акцияларына қатысуы, демеушілігі; 
- ғылыми жетістіктер, ойлап табушылық пен жаңалық ашулар; 
- мерейтойлар, айтулы даталар. 
Пресс-релизді таратудың ыңғайлы тәсілі электронды пошта. Сондай-ақ
құжатты факс бойынша жіберуге болады: 
- хат; 
- релиз; 
- хабарлама. 
Пресс-релизді жазу кезінде мынадай сәттерді ескерген маңызды: 
- құжаттың атауы (Пресс-релиз); 
- тарату күні; 
- атауы (тақырыпты және пресс-релиздің мәнін ашады); 
- пресс-релиздің мәтіні, бірінші кезекте оқиғаны өткізудің күні мен орнын 
көрсету; 
- пресс-релиздің мәтіні бойынша түсінік бере алатын адамның байланыс 
деректері, e-mail , телефоны. 
Пресс-релиз өзі жіберілетін басылымның аудиториясы үшін көкейкесті және 
құнды болуы тиіс. Сондықтан да оны жазу кезінде оқырманды немесе нақты 
басылымның оқырманын қызықтыра білу, ақпаратты ұғынықты және 
қарапайым тілмен жеткізе білу керек. Пресс-релизге компания басшыларының 
сұхбатын, комментарийін қосуға болады – бұл мәтінге «күш» береді. Пресс-


61 
релиздің соңына компания туралы: қызмет саласы, өнімдері, қаржылық 
көрсеткіштері және т.б. ақпараттық анықтаманы орналастыруға болады.
Пресс-релиз – әдетте, компанияның фирмалық бланкісінде, 1-2 бетте жасалады. 
Пресс-релиз журналистерге негізінен, электронды поштамен, сирек жағдайда 
факспен жіберіледі.
ПРЕСС-РЕЛИЗ 
По определению пресс-релиз (от англ. press-release – выпуск для прессы) – 
«специальный бюллетень для работников печати, радио, телевидения, 
содержащий документы и информацию, подлежащие срочному опубликованию 
и распространению». Основная задача этого вида публикации – оповещение 
журналистов, а затем и широкого круга читателей о событии, имеющем 
общественную значимость. Пресс-релиз – это действенное средство для 
привлечения внимания, он служит инструментом для создания и поддержания 
определенного общественного мнения о компании и предоставляемых услугах.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет