Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет83/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 
ТІРКЕЛГЕН БАРЛЫҚ 
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТЕРГЕ 
Алматы мен Астана қ-ры
 
 
Сөздік 
Жоғары Мәртебелі – Ваше превосходительство; Высокопочтенный; 
достопочтенный; высокочтимый 
зор ілтипат – огромное внимание 
гүлдену – процветание, процветать
әріптестік – партнёрство
ілеспе хаттар – сопроводительные письма
ынтымақтастық – сотрудничество; содружество; дружба; сплочённость 


107 
14-тапсырма. Үлгіні оқып, етістіктердің қай райда тұрғанын 
анықтаңыз.
 
Құттықтау нотасы 
Астана қаласы 
200––––––––––
Жоғары Мәртебелі, ................ 
Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күніне орай 
Қазақстан халқы мен өз атымнан шын жүректен құттықтауым мен шынайы 
лебізімді жолдағым келеді. 
Осы орайда, екі ел арасындағы түрлі саладағы әріптестікті қамтамасыз етуге 
және екі ел экономикалары байланысын тереңдетуге бағытталған 
ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалаймыз.
Жоғары Мәртебелі, өзіңізге зор денсаулық және бақыт, достас Пәкістан 
халқына гүлдену тілегім келеді.
Жоғары Мәртебелі ––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––мырзаға 
Пәкістан Ислам Республикасының
Президенті
Исламабад 
 
15-тапсырма. Үлгімен танысыңыз. 
Жоғары мемлекеттік деңгейде жазылатын 
хаттардың үлгілері 
Астана қаласы 
1999––––––––––
Жоғары Мәртебелі, ................ 
Сіздің жылы лебізіңіз және еліңізге сапармен келіп қайтуға шақырғаныңыз 
үшін шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Елдеріміз арасындағы 
қарым-қатынастардың жедел дамуын оң бағалай отырып, арадағы достық пен 
бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға Қазақстанның ұмтыла 
беретіндігін атап өткім келеді.
Пәкістан 
Ислам Республикасына ресми сапармен келіп қайтуға 
шақыруыңызды зор қуаныш сезіммен қабылдаймын және сапарды жүзеге 
асыру үшін келесі 2000 жыл ең қолайлы мерзім болады деп ойлаймын. 
Жоғары Мәртебелі, өзіңізге зор денсаулық пен баянды бақыт, бауырлас 
Пәкістан халқына өркендеу мен өрлеу тілеген ақ ниетімді қабыл алыңыз.
Ізгі ниетпен,......................... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет