Еліміздің әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, құрамына бесіктегі баланы да, еңкейген кәріні де қосатын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі халыққа жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асырады. Жаһандық дағдарыстың қиындықтарына қарамастан, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі саяси дамуымыздың маңызды беталысынан айныған жоқ.
Елбасымыз адамзат жаратылысында елеулі орын алатын ана мен баланың жағдайын жақсарту мәселесіне айрықша көңіл бөліп, жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуді үрдіске айналдырды. «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты барлық қазақстандықтарға арнаған 2007 жылғы Жолдауында осы үрдісті жалғастырып, жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу қажеттігін атап көрсетті [37]. Осыған орай, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізіледі. Мұндай төлемдерді тек жұмыс істейтін әйелдер жұмыс берушісімен әлеуметтік тәуекел туындаған күнге дейін ай сайын әлеуметтік аударымдар төленген, сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтып, өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген жағдайда ала алады.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты бір реттік әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағының негізінде босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі әлеуметтік демалыстың барлық кезеңіне тағайындалады. Бұл орайда, жұмыс берушінің жұмысшылары үшін Қорға әлеуметтік аударымдарды уақытылы және тұрақты төлеуіне асқан жауапкершілікпен қарауы өте маңызды, себебі бұл аударымдардың мөлшері Қордан тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері жүктілігі және босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күнге дейінгі соңғы 12 ай ішінде жұмыс берушімен Қорға төленген әлеуметтік аударымдары негізінде анықталатын орташа айлық табысты сәйкес коэффициенттерге көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттер босану қалпына байланысты анықталады, мәселен қалыпты, ауыр және екі не одан да көп бала туған жағдайда, ядролық сынақтар жүргізілген аумақта тұру не жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу жағдайларына байланысты өзгереді.
Бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде жұмыс берушімен Қорға төленген әлеуметтік аударымдар негізінде анықталатын орташа айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Алайда, аталған төлемнің белгіленген ең жоғарғы және ең кіші мөлшері қарастырылған, яғни, төлем мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленетін ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауы және осы тектес бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін мемлекеттік бюджет есебінен төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының бала санына орай, белгіленген мөлшерінен төмен болмауы керек.
Бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде ай сайынғы әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен анықталған. Аталған Заңға сәйкес, ҚР азаматтарына нәрестелі болған жағдайда, мемлекеттік бюджет есебінен баланың туылуына орай бір реттік мемлекеттік жәрдемақы төлеу қарастырылған: бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленетін, 30 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК), төртінші не одан да көп баланың туылуына – 50 АЕК-тең сома беріледі.
Сонымен қатар жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін әйелдің жүктілігі, босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік демалысы кезінде де зейнетақы жинақтары үзілмейді, яғни оған жүктілігі, босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалған әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталып, алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне өтініш білдіру керек.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтiнiшке келесі құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;
4) салық төлеушінің куәлігі;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;
6) жұмыс орнынан жүктілігі және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күнге дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы табысы туралы анықтама қоса ұсынылады.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтiнiшке келесі құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) салық төлеушінің куәлігі;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
6) отбасы құрамы туралы мәліметтер (отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері) қоса ұсынылады.
Атап кететін жәйт, тіршілік атаулыда елеулі орын алатын ана мен баланың жағдайын жақсарту үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қосып жатқан үлесі зор. Бұл үлесті Қордан жүктілігі мен босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төленген әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуінен көруге болады. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2008 жылы туылған балалардың саны 356 575 болса, 2009 жылы – 357 552 баланы құрады, немесе 0,3%-ға өсті. Бұл ретте, 2009 жылы Қордан жүктілігі және босануына байланысты төленген әлеуметтік төлемдер алушылардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 36%-ға өсті. 2008 жылдан бастап 2010 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Қордан жүктілігі мен босануына байланысты 56,1 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменттері саналады. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге құқылы.
Атап кететін жәйт, әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде төлеушілердің (жұмыс берушілер және/немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың) ҚР Салық Кодексі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаларға қайшы, ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды дұрыс және уақытында төлемеу фактілері анықталып жатыр.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылары үшін ай сайын әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз көлемінде, арнаулы салық режимiн қолданатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған тұлғалар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 5 пайызынан кем емес көлемде әлеуметтік аударымдар төлеуге міндетті. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдардың ең үлкен мөлшері есептік кезең үшін әлеуметтік салықтың есептелген сомасынан асып кетпеуі тиіс, себебі оларға жеңілдетілген салық режимі ұсынылады (патент негізіндегі жеке кәсіпкерлерге салық салу объектісінен, яғни, көрсетілетін табыс сомасынан 2%, оңайлатылған декларация негізінде – 3%). Тәжірибеде көрсетілген нормаларға қарамастан, әлеуметтік аударымдар әлеуметтік салықтың есептелген сомасынан асырылып төленеді, бұл Қордан асырылған көлемдерде әлеуметтік төлемдер алуға әкеледі.
Сонымен қатар, ҚР Салық Кодексіне сәйкес жұмыс берушілер әлеуметтік салықты төлеу кезінде еңбек шарты жасалған әрбір жұмысшысы үшін есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын шегеріп тастайды.
Кедейлікті қысқартуда әлеуметтік қорғау саясаты маңызды рөл атқарады. Күнделікті қиыншылықтарды жеңуге кепілдік беретін жәрдемақылар беру, қызмет көрсету шаралары іске асырылады. Бұл саясат кедейшілік шегінен төмен тұратын халық топтарының қаржы ресурстарының уақытша көбеюіне жағдай жасайды. Әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін ресурстар тек қана мұқтаж адамдарға берілуі қажет.
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекеттің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл денгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады. Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арналуы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдалумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтәк төлемақылар беріледі. Кедейленген топты азайту-рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттң әлеуметтік саясатының негізгі міндетті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланытылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасы мүшелерінің саны, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың ара - қатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсатты-осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сұруіне қолайлы материалдық негіз жасау.
Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрідәрмек отбасына қажет қызметтер жиынтығының құны мен құрамы есептеп шығарлады.
Казіргі жағдайда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі одан ары қарай жетілдіруді талап етеді. Осы бағытта 2004 жылы мемлекеттік әлеуметтік реформаларды 2005-2007 жылдары одан әрі қарай тереңдету Бағдарламасы қабылданды. Бұл Бағдарламаның мақсаты қаржылық-тұрақты, экономикалық тиімді, әлеуметтік әділетті үш сатылы әлеуметтік қамсыздару жүйесін құру болып табылады. Жалпы барлық жәрдемақылар категориялық санаттық негізде беріледі: тек қана республикалық деңгейде бекітілген екі әлеуметтік төлемдер-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын-үй жәрдемақысы-мұқтаж адамдардың табысын гексеру арқылы орташа табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасыларына беріледі (егер олардың табысы күнкөріс минимумынан 40%-дан төмен болса) .
Әлеуметтік төлемдердің ішінде көлемі жағынан екінші орында тұрған әлеуметтік көмектің бір түрі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер болып табылады: оған тұрғын –үй жәрдемақысы, бала тууға байланысты берілетін және басқа да әлеуметтік көмектің түрлері жатады.
Халықтың тұрмыс деңгейі - халықтың ауқаттылығын көрсететін категория, адамның материалдық әлеуметтік қызметтер мен игіліктерді тұтынуы және нақты сұраныстарын толығымен қамтамасыз ететін жиынтық көрсеткіш. Осы қызметтер мен игіліктердің бір мезгілде үй шаруашылығында тұтылуының ақшалай көрісінің жиынтығы өмір құны деп анықталады. Олар:
- тұтынуға қолданылатын табыстар (жан басына шаққандағы ай сайынғы көрсеткіш);
- орташа еңбек ақы.
Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:
- алықтың ақшалай табыстарының номиналдық (аталуы) көрсеткіші (ай сайын жан басына шаққандағы көрсеткіш);
- ең төменгі еңбек ақы;
- номиналдық (атаулы) еңбек ақының ең төменгі еңбек ақыға қатынасы;
- жасына қарай берілетін ең төменгі зейнетақы;
- күнкөріс минимумы (жан басына шаққандағы ай сайынғы көрсеткіш);
- табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлес салмағы, %;
- азық-түлік себетінің құны (жан басына шаққандағы ай сайынғы көрсеткіш) ;
- табысы азық-түлік себетінен төмен халықтың үлес салмағы, %.
Мемлекеттің атаулы көмегін алушылар-балалар, балалары бар отбасылар кедей халықтың ішінде өте көп. Сондықтан ана мен баланы қолдау республикада өзекті мәселеген айналған.
Бүгінгі күнде ана мен баланы әлеуметтік қорғауда төлемдердің үш түрі қолданылады:
- жүктілік және босану бойынша төленетін жәрдемақы;
- көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
Келешекте арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі ұлғаяды және екі жәрдемақы еңгізіледі: бір жақса дейін балаға қарауға арналған жәрдемақы, 18 жасқа дейін балаларға берілетін жәрдемақы (отбасының жиынтық табысын ескере отырып тағайындалады).
Бала мен ананы қорғау жүйесі жақсы жолға қойылғанымен әйелдерге толыққанды жұмыс істеуге, еңбек процесіне қатысуға, өзіне және балаларына қалыпты тіршілік қамтамасыз етуге жағдай әлі жасалмай келеді.
Мұндай шешілмеген мәселелерге әйелдің жүкті болған кезінде бала кутуге араналған демалысын үйымдасьыруда, жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтап қалуда жауапкершілігін арттыруда көптеген шешілмеген мәселелер бар.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау тұралы заңдардың сақталуын бақылау халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктеледі. Оларға үйымдарға мүгедектерді әлеуметтік қорғау тұралы заңдардың сақталуын тексеру: бұзушылықтар туралы актілер жасау, анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша үйғарымдар беру, заңдарда белгіленген негізіндер бойынша айыппұлдар салу құқығы беріледі. Заңдарды бұзғаны үшін кінәл басшыларға және заңды тұлғаларға (тиісінші 200 және 400 АЕК) әкімшілік шаралар қолдану көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |