Дипломдық ЖҰмыс 050301- мамандығы -«Құқықтану»


Ана мен баланы қорғаудың құқықтық сипаты …….....................................43



бет2/16
Дата02.04.2022
өлшемі0.55 Mb.
#456571
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дип әйел құқ

2.2Ана мен баланы қорғаудың құқықтық сипаты …….....................................43

2.3 Кәсіпкерлік саладағы әйел құқығының қорғалуы.......................................56


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................60


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................65


КІРІСПЕ
Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жер бетінде Адам ата мен Хауа ана пайда болғаннан бері әлемдегі адамзаттың тең жартысынан көбі әйелдер болып келеді. Сол әйелдер қазір қоғамның қозғаушы күші, қай елде де әлеуметтік – экономикалық дамуға елеулі үлес қосушы екені белгілі. Мемлекеттің мәртебесін биіктету бағытында әйел – ана, әйел – қайраткер, әйел – еңбеккердің орны ерекше.
Өзгені айтпағанда, қазағымыздың ішінен шыққан Тұмар ханым, Аққағаз патшайым, Зере, Дина күйші ел тарихына алтын әріппен жазылған тамаша тұлғалар. Ұлы Отан соғысы кезінде шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк, қанатты қыз Хиуаз халқымыздың абыройын асқақтатып, ұлтымыздың ұлығылануына зор үлес қосты.
Қазіргі кезде бұндай аналарымыздың артынан өсіп келе жатырған жас ұрпақ,соның ішінде әйел азаматшалардың құқықтар жөнінде мәселе қозғамақпын.
Адам құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам соның ішінде әйеладамдардың құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өз қызметінде жете көңіл бөлмеген.
Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады. Яғни, Қазақстан Республикасы Конституциясы арқылы барлық азаматтардың құқықтары қорғалады олардың қатарында әйел азаматшаларымызда бар. Олардың құқықтарының ерекеше маңызы бар, себебі олар бірінші ана, әжелеріміз, апаларымыз, қарындастарымыз және т.б. яғни олардың құқықтарының қорғалу тәртібін білген абзал.
Ғылыми жаңашылдығына тоқталатын болсам әйел адамдардың құқығын қорғайтын заң ол аліміздегі заң бастауы яғни Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясы.
1995жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаудың алдында қоғамдық құрылыс жаңарып, экономика нарықтық жүйеге көше бастап, әртүрлі меншік нысандарына рұқсат берілді, плюрализм дамып, халық билігінің тікелей жүзеге аса бастады, әлемдік қоғамдастық пен ынтымақтасу және қауіпсіздік кеңейе түсті; ғылымда марксистік тұғырнамадан жалпы адамзаттық адам құқығы тұғырнамасына көшуі орын алды. 1995 жылғы Конституция - біздің қоғамымыздың даму бағыты бекітілген түбегейлі жаңа құжат. Мұнда адамға және жалпы адамзаттық құндылықтарға басымдық берілген. Бұл қасиеті мемлекеттік мүдделердің адам мүдделерінен басым болған социалистік теорияға тән тұғырнамадан бас тартып, жаңа адам құқығының тұғырнамасына көшкенін көрсетеді.Бірақта адам құқықтарын қарастыруда әрине Қазақстан Республикасының Конституциясы соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғау бөліп алып қарастырмайды. Оларды жалпы азаматтардың құқықтарын қорғау бөліміне енгізген.Ал әйел азаматтардың құқықтарын қорғауды еліміздің басқа да нормативтік актілерге кіргізген. Соның ішінде неке және отбасы құқығы, жәрдем ақы алу, зейнеткерлік,еңбек демалысынна шығу және т.б.
Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласында ол ХХ - ғасырдың ІІ жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды. Қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға мемлекетттің саяси және құқықтық жүйесінің сәйкес екендігінің көрсеткіші ретінде ол қазіргі қоғамның күрделі жағдайында адамның лайықты және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығының мәселесі – қазіргі заманның маңызды және өзекті мәселелерінің бірі. Оның ұлттық және ғаламдық сипаты бар.
Адам құқығы мәселелерінің қазіргі заманда алдыңғы қатарға шығуы – рухани байлық пен адамгершіліктің қайта түлеуінің жарқын куәсі деуімізге болады. Адам құқығы оның мемлекет ішіндегі, сондай-ақ ғаламдық көлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерге нақты қатысуын қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығы мен бостандығын тану, соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғау және оны сақтау жеке елдерде, сондай-ақ бүкіл әлемде қауіпсіздікті нығайтып, қарым-қатынастардың тұрақтылығын арттырады. Халықаралық құқық мойындаған адам құқығына кепілдік беретін нормалар ұлттық заңдарда негізгі ретінде конституциялық деңгейге жатады. 
Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеті мемлекеттің қалыптасу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметінде адам құқықтарын соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғауды іске асырылуын зерттеу. Жағымды тәжірибені анықтау және қарама-қайшылықтармен кемшіліктерді табу арқылы жүйелі талдау. Әйел азаматтардың құқықтарынның ерекшеліктеріне талдау жасау басты мақсат болып отыр.
Менің зерттеуім адам құқықтарын соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырылуы мәселесіне арналған. Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, әйел азаматтардың құқықтарын мен бостандықтарын қорғау, азаматшалардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады.
Адам құқықтарын қорғауды соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғау кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың әйел азаматтардың құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы әйелдерді қорғаудың халықаралық құқықтық жағдайлары туралы жиналған мәліметтерді арнайы Конституциялық құқық пәндерінде қолданып,арнайы орта оқу орындарында, коледждерге арнайы және жоғары оқу орнындарының студенттеріне өткізілетін дәріс немесе семинар сабақтарының материалдарына,әдістемелік оқыту құралдарына кірістіріп басшылыққа алуға болады.
Адам құқықтарын, соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғауға, бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің (қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткені оның нәтижесі қолданылған тәсілдерге сәйкес болып шығады.
«Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, демократия - мемлекеттік билік өзінің бағдарламалары мен қызметін көпшілік таныған адам құқықтары мен бостандықтарына негіздегенде ғана мән-мағынаға ие бола алады. Соның ішінде әйел азаматтардың құқықтарын қорғау сұрақтарыда бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет