Дипломдық ЖҰмыс 050301- мамандығы -«Құқықтану»



бет14/16
Дата02.04.2022
өлшемі0.55 Mb.
#456571
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дип әйел құқ

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, әйел адамдардың құқықтары Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конститутциясынан бастау алып қорғалатын құқық болып табылады.
Қазақстан өзінің сыртқы саяса­тының басымдығы ретінде әлем­дік қоғамдастықпен интеграцияны анықтады. Әлем елдерінің көпші­лігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық деклара­циясында (2000 ж.) ерлер мен әй­елдердің теңдігін көтермелеу, әй­ел­дердің құқықтары мен мүмкін­діктерін кеңейту үшінші мың­жыл­дықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір дәрежеде ілгеріледі. Қазақстан Рес­публикасының Конституциясы мен Қазақстан қосылған халық­аралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің «Қазақстан Республика­сында 2006-2016 жылдарға арнал­ған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының басты мақсаты болып табылады.
Еңбек рыногында әйелдерге сұ­­ра­ныс аздау. Осыған орай, әйел­дер арасындағы жұмыссыздық ерлерге қарағанда жоғары.
Қазіргі кезде, жалдамалы жұ­­мыс­пен қамтылған тұлғалардың ішінде әйелдер жартысынан көбін құрай­ды. Бірақ олардың жалақысы ерлер­дің жалақысының тек 66%-ын құрай­ды. Мұның себебі, әйел­дер әдетте өз­деріне тән денсаулық сақ­тау немесе білім беру салала­рын­да бол­сын, тө­мен төленетін лауазым­дарда жұмыс істеуіне бай­ланысты қалыптасуда.
Ерлер мен әйелдердің гендерлік теңдігіне қол жеткізуге және жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға бағытталған тұ­жырымдамаларды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мақсатында 2009 жыл­дың 8 желтоқсанында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» ҚР Заңы қа­былданды. Заңға сәйкес, ананы, ба­ла­ны және әкені, әйел­дерді жүкті­лігіне және босануына, сондай-ақ ерлердің өмір сүру жа­сының ұзақ­тығын ұлғайтуға бай­ланысты қор­ғауға бағытталған шаралар жы­ныс­тық белгісі бойынша кемсітушілік шаралары деп санал­майды.
Халықтың өмір сүруінің сапа­сы мен деңгейін арттыру негізд­е­рінің бірі ана мен баланы лайықты әлеу­меттік қолдау болып табыла­ды. «Халық денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ана болуды қор­ғау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, ұр­пақты болу жасындағы әйелдер­ге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңбе­рінде медициналық тексеріп-қарау, олар­ды динамикалық байқау және сау­ықтыру, сонымен қатар 1 жасқа дейінгі баланы емізетін ана ба­ланы күтіп-бағу үшін медицина­лық ұй­ымда болған барлық ке­зеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Халықты гигиеналық оқыту, от­басын, ананы, әкені және бала­ны қорғау тәулік бойы меди­ци­налық бақылауы болмайтын, дә­рі­герге дейінгі немесе білікті меди­циналық көмек деңгейінде және адам, от­басы және қоғам деңге­й­інде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әйел­дің ана болу туралы мәселені өзі ше­шуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақса­тын­да, өзі қала­май­тын жүктіліктен сақтанудың қазір­гі заманғы әдіс­те­рін еркін таң­дауға құқығы бар.
Әйелдердің және отбасылық мін­деттері бар өзге адамдардың ең­бегін реттеу ерекшеліктері Ең­бек Кодексінің келесі нормаларды қа­рас­тыратын 17-тарауымен реттеледі:
1) жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-бала­ны) тәрбиелеп отырған жалғыз­бас­ты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отыр­ған өзге де тұлғалармен еңбек шар­тын жұмыс берушінің баста­масы бойынша, ҚР заңнамалық актілерімен көзделген теріс жағ­дайларды қоспағанда, бұзуға жол берілмейді;
2) егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүк­тілігі туралы медициналық қоры­тын­ды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күті­міне байланысты демалыс аяқтал­ған күнге дейін ұзартуға міндетті.
3) әйелдердің еңбегін ауыр жұ­мыстарда, еңбек жағдайлары зиян­ды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады;
4) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан аса­тын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады;
Еңбек Кодексінің нормаларына сәйкес, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты қалыпты босану кезінде 126 күнтізбелік күн­ге, ал қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 140 күнтізбелік күнге дейін демалыс беріледі. «Семей ядролық сынақ полиго­нын­дағы яд­ролық сынақтардың салда­рынан зардап шеккен азаматтарды әлеу­меттік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, қалыпты босану жағдай­ын­да 170 күнтізбелік күн және ауыр босанған жағдайда 184 күн­тізбелік күн қарастырылған.
Республикадағы балалы отба­сы­ларды әлеуметтік қолдау ке­зе­гі­мен дамуда. 2006 жылы «Ба­лалы от­­ба­сы­ларға арналған мемлекеттік жәр­­демақылар туралы» ҚР Заңы қол­да­нысқа енгізілді және оған сәй­кес 2006 жылдан бастап бала тууы­на байланысты бiржолғы мем­ле­кеттік жәрдемақы мен отба­сының табы­сына байланыссыз бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтi­мiне байланысты мемлекеттік жәр­демақы, сондай-ақ аз қамтыл­ған отбасылардағы он сегіз жасқа дейiнгі балаларға мемлекеттік жәр­демақылар төлеу қарасты­рылған.
“Қазақстан Республика­сында­ғы арнаулы мемлекеттік жәрдем­ақы туралы» Қазақстан Республи­ка­сының Заңына сәйкес жанұя­да­ғы жан басына шаққандағы та­бы­сының мөлшеріне қарамастан бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар және марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік бюджеттен ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.
2008 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ана мен жаңа туған баланы қорғауға байланысты міндетті әл­еу­меттік сақтандыру енгізілді. Мін­детті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып жұмыс берушілердің және (немесе) өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ет­кен тұлғалардың ай сайынғы әл­еуметтік аударымдар төлеген ең­бек шарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар болып табы­лады. Осыған байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйе­сі­нің қатысушысы болып табылатын еңбек ететін әйел жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ал­ғаннан кейін жұмыс орнында жүк­тілігіне және босануына байла­ныс­ты демалысқа шығып, тұрғы­лықты жерінде орналасқан Зей­нет­ақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне ба­рып Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан (МӘСҚ) тағай­ындалатын жүктілігіне және бо­са­нуына, жаңа туған баланы (бала­ларды) асырап алуына байла­ныс­ты табысынан айырылу жағ­да­йына бір реттік әлеуметтік төлем алуға құжаттарын өткізе алады.
Ана мен баланы әлеуметтік қор­ғау еңбек ететін әйелдермен қа­тар еңбек етпейтін әйелдерге де көрсетіледі. Бұл орайда, жүктілі­гіне және босануына бай­ла­нысты тағайындалатын әлеу­мет­тік төлем­дерден басқа жәрдем­ақыларға жа­ңа туылған баланың әкесі немесе шешесі құжаттарын өткізе алады.
2005-2010 жылдары Қазақ­стан­да балалардың туылу көрсет­кіш­терінің және МӘСҚ-дан жүктілі­гіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы­на байланысты табысынан айы­ры­лу жағдайына бір реттік әлеумет­тік төлем алушылардың санының өсу қарқыны байқалады.
2011 жылдың 1-ші желтоқ­са­нына дейінгі МӘСҚ-дан төленген әлеуметтік төлемдердің 93%-ы жүк­ті­лігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айы­­рылу жағдайына бір реттік және бала бір жасқа толғанға дей­інгі оның күтіміне байланысты та­бысынан айырылған жағдайға ай сайынғы төленетін әлеуметтік төлемдер болып табылады
Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста болған әйел­дер­ге зейнетақы жарналары жүргізіл­месе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және ана­лық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байла­нысты әйелдің бала күтімі бой­ынша демалыста болған кезінде әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталынып, алушының жинақтаушы зейнет­ақы қорына жолданады.
Ана мен баланы қолдау халық­тың өмір сүру сапасы мен дең­гей­ін, мәдениетін, білімін, эконо­ми­ка­лық жағдайын нақты баяндайтын көрсеткіш болып табылады. Сон­­­дық­тан жүктілікті, босану мен аналықты міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу ана мен бала өмірі маңызды орын алатын қоғам құруға жетелейді.
Қазір адамды жынысына қарап емес, қабілетіне қарай бағалайтын заман. Сондықтан, қазақ әйелдеріне деген құрмет тек отбасы, ошақ қасы төңірегінде ұйысқан десек қателік болар еді. Қазірдің өзінде әйелдер саясатқа, билікке ұмтылып жатыр. Бірақ, олардың талпыныстарын жоғарыдағылар оң бағалап отырған жоқ. Парламент депутаттарының 17 пайызы ғана нәзік жандылар, мәслихаттарда саны одан да аз. Қайта, денсаулық сақтау және білім беру саласында, шағын және орта бизнесте әйелдер жүр. Гендерлік тең құқық болуы үшін билік басында қоғамға үн қататын, өжет, қайсар ханымдардың болғаны маңызды. Әйелдер ақыл-парасаты жағынан да, білімі, кәсіби шеберлігі мен қабілеті жағынан да ер адамдардан еш қалыспайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Қыз-келіншектердің еңбектегі және интеллектуалдық потенциалын билікте де пайдалану керек.
Гендерлік саясатқа келетін болсақ бәзбіреулер әйелді атқа мінгізіп, басын төрге сүйреу, еркекті көлеңкеде қалдыру деп түсінеді. Бұл – мүлдем олай емес! Гендерлік саясат әйелден еркек жасамайды. Бұл дегеніңіз, екі жұптың теңдігін қалыптастыру, басшылық, іскерлік қарым-қабілеті мол әйелдерге қолдау көрсету деген сөз. Қайта Елбасымыздың «гендерлік теңдікке қол жеткізудің 2006-2016 жылдарға арналған» Жарлығында ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестіру қарастырылған. Ал біздің ұйым бұл бағытта көптеген жетістіктерге жетті. Он жылдың ішінде Парламент мінберінен өз орнымызды айқындадық. Қазір соның нәтижесін көріп отырмыз. Билік басында министр мен депутат әйелдер жыл өткен сайын көбейіп келеді. Шындығына келгенде қазақ әйелдері — біздің қоғамдағы ең жинақы, ең серпінді күш. Біздің бойымызға шығыстық икемділік пен батыстық ынталылық қасиеттер қатар қонған. Содан болар қазақ әйелдері қоғамдық - саяси жұмысқа араласқанда, алдымен жұртшылыққа пайда әкелуге ұмтылады. Бір ғана мысал, бүгінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 80 пайызын әйелдер басқарады. Өз басым (егер қолыма билік берсе), шағын несиені нақ әйелдерге берудің тиімділігін дәлелдеп берер едім.
Ф.Ницше айтқандай, әйел – қоғамның қозғаушы күші. Қазақтың қыз-келіншектері табысқа қол жеткізуге, еліне пайдасын тигізуге, жақсы өмір сүруге қабілетті. Қазақ әйелінің табиғатында әлеуметтік жауапкершілік басым. Бұл – дәлелденген шындық. Оны бүгінгі өмір қатынастарынан көріп жүрміз. Елбасының нақты тапсырмасы негізінде жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік гендерлік саясатқа орай, бүгінде қоғамымыздың қай саласында да әйелдердің рөлі артып келеді. Өз басым әйелдер мәселесінің гендерлік саясатпен үндесуі, бұл – демократиялық дамудың ең басты шарттарының бірі деп есептеймін. Егер қазіргі биліктің басқару ісіне қазақ әйелі етене араласса, тұрақтылық пен мұқияттылық барынша сақталар еді. Сөзіме дәлел ретінде айта кетейін, билік құрылымдарындағы әйелдер 30-40 пайызды құрайтын жерлерде әлеуметтік бағдар да тұрақты дамиды екен.
Қазақстан Республикасының әйелдер қауымдастығы әйел құқығын қорғауда көптеген қызметтер атқаруда бұндағы басты мақсат – әйелдің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату. Әзірге бұл одаққа әйелдер басқаратын 18 үкіметтік емес ұйым мүше. Ендігі жерде біз саяси, әлеуметтік, мәдени, барлық салаларда бірге әрекет ететін боламыз. Сонымен бірге, үкіметтік емес қоғамдық ұйым болғандықтан, мемлекеттен де, демеушілерден де көмек күтеміз. Әйелдердің жобаларына серпін беру үшін оған өз идеяларын, күш-жігерді салып келеді. Алдағы уақытта әйелдерді жұмыспен қамтуға баса назар аударылмақ. Осы мақсатта Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы жұмыссыз әйелдерді оқыту және қайта даярлауға бағытталған әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Қазақстан экономикасын алға жылжыту үшін жұмыссыз әйелдердің азайғаны маңызды. Бүгінгі күні Қазақстанда жұмыссыз жүргендердің 55 пайызы әйел адамдар. Бір Алматы қаласында жұмыссыз қалғандардың 60 пайызы – нәзік жандылар ретінде тіркеліпті. Оның үстіне ер адамдардың еңбекақыларымен салыстырғанда әйелдердің жалақылары біршама төмен. Бұл аз десеңіз, әйелдердің қызмет бабында жүріп, аналық борышын өтеуіне, өмірге сәби әкелуіне тура келеді
Шындық сол, әйелдер мен ер адамдардың жалақысын салыстыруға келмейді. Бұған себеп не? Өйткені, атқарушы және заң шығарушы билік басында отырғандардың басым көпшілігі ер адамдар. Содан болар өңкей ер адамдардан құралған Үкіметте әйелдердің мүддесі ескеріле бермейді. Айталық, мұнай, кен өндіру салаларында қазақ әйелдері жоқтың қасы. Керісінше, орта және шағын бизнес әйелдерге қалған. Әйелдер денсаулығы да биліктің басты назарында емес. Рас, соңғы жылдары, еліміздегі ана өлімі екі есеге төмендегенімен, Еуроодақпен салыстырғанда әлі күнге 4 есеге жоғары. Оның үстіне Қазақстанда әрбір 20-шы нәресте мезгілінен бұрын дүниеге келеді екен. Түсік жасау мәселесінің де түйіні әлі тарқаған жоқ. Былтыр шамамен осындай 113 мың ота жасалған. Біздің ұйым бұл орайда ана денсаулығын жақсарту жайында нақты қарар қабылдаған болатын. Сонымен қатар бала көтеру, туу, ұрпақ өсіруді «еңбек» деп бағалауымыз керек.
Тақырыпты саралай келе, әйел адамның құқығы әрбір жеке адамның құқығы сияқты Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдармен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды деп тұжырымдаймыз.
Тақырыпты талқылауға қатысты әйел азаматтардың құқықтарын қорғайтын бірыңғай халықаралық нормативтік актілер жүйесі бар деп әбден айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы әйел азаматтарға мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің азаматшаларына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы әйел адамдарға тең құқықтар мен бостандықтарын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет