Дипломдық ЖҰмыс 050301- мамандығы -«Құқықтану»


Шет мемлекеттердегі әйел адамдардың құқықтарын қорғау



бет7/16
Дата02.04.2022
өлшемі0.55 Mb.
#456571
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Дип әйел құқ

1.4 Шет мемлекеттердегі әйел адамдардың құқықтарын қорғау
Батыс үкіметтері ұзақ жылдардан бері адамзаттың әсіресе әйелдердің құқығын қорғаймыз деген уәж айтады. Егер тарихи мәліметтерге сүйенсек олай емес сияқты.Олар өзге елдерді осы құқықты қорғамай отыр деп сынайды. Тіпті өздерінің ойынша адамзат құқығын елемей отыр деген елдерге қоқан- лоққы жасап, санкция салады. Алайда түрлі деректер Еуропалық елдер мен АҚШ-та адамның алғашқы құқығы мен әйел мәртебесі аяққа тапталып жатқанын аңғартады[23].
Осы елдердің бірі – Британия. Бұл елде адамзат құқығы атап айтқанда әйел құқығы түрлі саладағы кемшіліктерін табуға болады. Британиядағы әйелдердің жағдайына шолу жасайтын болсам.
Британия үкіметі әйелдердің мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлетіндігін және осы бағытта 1992 жылы әйелдерге қарсы кемсітушіліктің барлық түрін шешу конвенциясына қосылдық деген уәж айтады. Алайда осы еуропалық елде нәзік жандылар қатыгездіктің таралуы, әйелдер мен бойжеткендер контрабандасы, нашақорлық, жыныстық кемсітушілік сияқты көптеген әлеуметтік өрескелдіктердің одан әрі құрбаны болып отыр. БҰҰ 2008 жылғы бір есебінде Британияда қыздар мен әйелдерга қарсы түрлі отбасылық, тәндік және жыныстық қатыгездіктер кең таралғанын мойындады.
1960 жылы жұмыспен шұғылданатын әйелдерге қатысты кемсітушілікті шешу үшін “Тең жұмыс үшін - теңдей еңбекақы” заңы бекітілді. Алайда қазір бес онжылдық өткеннен кейін әлі де көптеген әйелдер өзінің заңды және табиғи құқығына қол жеткізбегенін көріп отырмыз. Атап айтар болсақ, еңбек нарығындағы жағдай түзелтілмеген. Әйелдер бір ер адамның 6 күн жұмыс істегеніне тең келетін еңбекақы алу үшін 10 күн жұмыс істеуі керек. Қазіргі уақытта британдық әйелдерге қарсы кемсітушіліктің және осы елдің еңбек нарығында әйелдер мен ер адамдардың жалақысы арасындағы айырмашылықтың айқын мысалын көруге болады. Жаңа статистикалық мәліметтерге сәйкес, күні бойы істейтін бір әйелдің орташа табысы сондай жағдайда істейтін ерлердің табысының шамамен 83 пайызын құрайды. Британияда қиын жұмыстарға нәзік жандыларды қолданып, сырт көзге ерлермен теңестіреді[24]. Дегенмен осы қиын жұмыстар әйелдің жаны мен тәніне сай емес. Бұған қоса, әйелдерге төленетін еңбекақы мардымсыз. Осындай жағдайды Британиядағы жыныстық теңсіздіктің айқын мысалы деп білуге болады.
Британияда отбасы мен қоғамда әйелді кемсітудің салдарынан отбасы содан соң қоғам дағдарысқа ұшырап отыр. Британияның статистика басқармасының есебіне қарағанда, осы елде және Уэлсте үйлену соңғы жарты ғасырда ең төменгі деңгейге жеткен. Кейбір әлеуметтік мәселелер мамандары Британияда үйленудің азаюы отбасы құндылықтары мен әлеуметтік міндеттемелер құлдырағанын аңғартады. Қайсыбір экономикалық саясаттар Британияда отбасы ошағы әлсіреуіне кері әсерін тигізіп отыр. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, егер Британияда ер мен әйел шаңырақ құрғаннан кейін бір баспанада өмір сүрсе , некесіз бірге тұрған жағдайымен салыстырғанда көбірек салық төлеуі керек. Бұған қоса соңғы 30 жылда балалы отбасыларға қатысты салық ұлғайған. Британиядағы осы салық жүйесі бір балалы отбасылардың көбеюіне және ағылшындар арасында ажырасудың ұлғаюына себеп болып отырған факторларға жатады.
Британияда әйелдерге қатысты қолдау ұрандарына қарамастан олардың шын мұң- мұқтаждықтарының ескерілмеуіне байланысты олардың арасында психикалық есеңгіреу жиі байқалады. Осы еуропалық елде жыныстық кемсітушіліктің көптігінен эмигрант әйелдер мен этникалық азшылықтар арасында түңілушілік, жүйке аурулар және өзіне өзі қол жұмсау өрістеп отыр. БҰҰ-ның статистикасы бойынша Британиядағы эмигрант әйелдер білім алу, жұмыспен қамтылу және денсаулығын күту негізінде неше түрлі кемсітушіліктердің зардабын көріп келеді[25]. Қазіргі таңда эмигрант әйелдер арасында ананың өлім- жітімі ең жоғары көрсеткішке жетті.
Британия қоғамындағы әйелдер арасында есірткі заттар тұтыну кең өрістеп, өрескел әдетке айналып отыр. Статистикалық мәліметтер әйелдер кокайнді көп тұтынатынын көрсетеді. Ағылшын психологтары әйелдердің есірткі заттарды көп тұтынуы олардың түңілу мен психикалық ауруларға ұшырауына себеп болып отырғанын айтады. БҰҰ-ның есірткі заттарды бақылау агенттігінің жылдық есебіне сәйкес, Британия полициясы есірткі заттарды тұтыну дың мәдениетіне жауап беруі тиіс. Британдық әйелдер арасында арақ- шарап тұтыну да кең тараған. Спиртті ішімдіктер тұтынудан туындаған аурулардың зардабынан британдық әйелдердің өлім – жітімі екі есе болған. БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда, осы мәселе британдық әйелдер арасында алкоголизмнің індетке айналғанын көрсетеді.
Британияда әйелдерге тауар ретінде қарау және оларды кемсітудің өзге бір мысалы әлемдік үшінші ірі сауда ретінде әйелдер мен қыздар контрабандасы болып табылады. Британияға, тағы басқада дамыған өнеркәсіпті елдерге заңсыз апарылатын әйелдер жезөкшелер үйіне тапсырылады. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, жылына бір миллион әйел мен қыз заңсыз түрде дамыған елдерге жеткізіліп, жезөкшелікке тартылады. Британияда құл иеленудің күші жойылғанымен, бұл елде құл иеленушіліктің жаңа түрі әйел саудасы ұлғаюымен өріс алып жатыр. Аталған елде әйелдерге қатысты өрескелдіктердің бірі, олардың осы елдегі түрмелерге қамалуы болып табылады. Қазіргі таңда бұл елдің түрмелеріндегі әйелдердің жағдайы аянышты. “Индипендент” газеті бұл жөнінде: Британия мен Уэлстегі жалпы тұтқындардың 5 пайызын әйелдер құрайды деп жазды. Британия әділет министрінің орынбасары Мария Игель ханым ел түрмелеріндегі өрескелдіктерге сілтеме жасап аналардың түрмеде болуы отбасы мен перзенттеріне кері ықпалын тигізуі көңіл алаңдатарлық деп біледі. Ол соңғы жылдары психикалық ауруларға шалдыққан тұтқындар мен нашақор әйелдердің саны екі есе болды деген пікірде.
Қазіргі таңда Британияда әйелдерге арналған 17 түрме бар және онда 14 мың 460 әйел қамауда отыр. Әйел тұтқындардың 78 пайызы психикалық ауруларға шалдыққан 30 пайызы түрмедегі қолайсыз жағдайға байланысты өзіне өзі қол жұмсаған. Әйел тұтқындар арасында психикалық ауруларға шалдығу қаупі және тіпті өзіне өзі қол жұмсау арта түскен. Жас әйелдердің жасы ұлғайған қылмыскер тұтқындармен бірге тұруы , жетерлік денсаулығы мен жұмысының болмауы, түзету бағдарламаларының жоқтығы және тұтқынның отбасынан алыста болуы БҰҰ Британиядағы әйелдердің ахуалына алаңдаушылық білдіруіне себеп болған мәселелерге жатады.
Батыста әйелге тауар ретінде қарауы мен Ислам дінінің әйелді қоғамдағы белсенді адам ретінде қарауы және жұбай мен ана ретінде отбасында оған маңызды орын беруі Батыстағы әсіресе Британиядағы әйелдердің осы аспандық дінге бет алуына себеп болып отыр. “Дейли мейли” газеті бұл жөнінде британдық әйел тілшілер мен актрисалардың Ислам дініне бет бұрысы күн санап өсіп жатқанын хабарлады. МТВ телеарнасының жүргізушісі 43 жастағы Кристиан Бакэр осындай жандардың бірі. Ол Батыстың әйелге қарсы қатыгез және кемсітуші мәдениетін тәркілеп, Ислам дініне бет бұрды. Кристиан Бакэр өзінің Исламға иман келтіргендігінің себебін шектен тыс еркіндік бар қоғамнан қашу деп жариялап, біз Батыс мәдениетінде құнсыз дәлелдермен өзімізді қысылтаяңға қоямыз, алайда Исламда әрбір іс жоғары мақсатқа қол жеткізу, яғни Алланың ризалығы үшін атқарылады,- дейді Бакэр. Ислам біз өмір сүріп жатқан қоғамнан тыс өзгеше құндылықтар жиынтығы болып табылады. Мен ылғи өзімдегі үлкен бір кемшілікті сезінетінмін, алайда Ислам дініне иман келтірген уақыттан бері менің өмірім мағыналы да, мақсатты болды- дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет