Дипломдық ЖҰмыс 050301- мамандығы -«Құқықтану»


Әйел құқығын қорғау саласы



бет5/16
Дата02.04.2022
өлшемі0.55 Mb.
#456571
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дип әйел құқ

1.2 Әйел құқығын қорғау саласы
Әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады.
Жоғарыда аталған құқық қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады. Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік қағиданы түсінбеушілік, халықаралық құқық қорғау стандарттарын білмеушілікпен кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей бүгінде өз қызметінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережелерін, оның үстіне Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алмайды, кейбірі Республиканың халықаралық құқыққорғау міндеттемелерінің басымдық сипатын сезінеді.
Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер куәландырғандай көп жағдайларда әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын дәлелдер (уәж) арасында ерекше құқыққа жүгіну түріндегі өте “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге әйелдер өз өтініштерінде жыныстық белгі бойынша кемсіту дәйектерін сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай жағдай әйелдер құқығының бұзылу жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің төмен деңгейімен байланысты [11]. Неғұрлым ақталды деп мемлекет саясатының гендерлік сезімтал қоғамдық сананың дамуына жалпы бағыттылығы саналады.
Әйелдер құқығын қорғау және көтермелеу бойынша Уәкіл қызметті іске асыру тетіктерінің бірі болып халықаралық ұйымдармен және қорлармен бірлесе отырып, омбудсмен мекемелерінің жүзеге асыратын жобалары саналады. 2005 жылғы сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясымен, БҰҰ “Гендер және даму” бюросымен және Швецияның “Квинофорум” консалтингілік компаниясымен бірлесе отырып іске асырылатын “Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасын бастады.
Жоба Швецияның (классикалық үлгі) және Литваның (аталмыш бастаманы транзитті мемлекетте іске асыру үлгісі) тең мүмкіндіктері бойынша омбудсмен институтының жұмыс істеу тәжірибесін неғұрлым терең зерделеуге, Қазақстандағы тең құқықтар мен мүмкіндіктер бойынша Уәкіл мекемесін құру мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба қызметтің арнаулы саласы – гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлерін даярлау деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.
Жоба шеңберінде Астана және Алматы қалаларында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл офисінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері – Атырау, Петропавл, Өскемен, Алматы және Шымкент қалаларындағы омбудсмен мекемелерінің серіктестері, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері үшін үш күндік тренингтер топтамасы өтті.
Оқыту “Көру-Түсіну-Қолдану” әдісінде құрылған, яғни гендер туралы хабардар болу, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік және айырмашылық себептерін түсіну, алуан түрлі құрал-саймандарды пайдалану арқылы күнделікті жұмыста осы білімдерді қолдану Тренингте мемлекеттік басқару жүйесінде және еңбек қатынастары саласында тең мүмкіндіктер қағидасын сақтау, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қорғау саласында жауапкершілікті енгізу, “оң кемсітушілікті” қолдану мәселелері өзектілендірілді.
“Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасы шеңберінде 2005 жылдың 30 қарашасында Уәкілдің жанындағы Консультауиялық кеңес мүшелері және Қазақстанның әр түрлі қалаларының серіктес қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен үйрету семинары өткізілді. Семинарға қатысушылар гендерлік теңдік мәселелерін, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қорғау мен көтермелеудің, халықаралық заңнамаларында көзделген тетіктерін талқылады.
Жұмыстың келесі бағыты әйелдер құқығын қорғауға қатысты халықаралық стандарттарды Қазақстанның орындау қажеттігі өзектілеу болып табылады. Уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік Стратегиясын өңдеуге белсенді түрде қатысты.
Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы әйел адамдардың тең құқығын көздейді.
Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы Мемлекет басшысының 2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің IV Форумында берген тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссиясымен өңделді. Стратегияны өңдеуге және оны талқылауға барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Стратегия жобасында Уәкілетті мекеменің ескертпелері мен ұсыныстары ескерілді.
Стратегия мемлекеттік гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған негіз қалаушы құжат, оны мемлекет және азаматтық қоғам тарапынан мониторингті жүзеге және іске асырудың құралы болып табылады. Құжат БҰҰ Әйелдер қорының (ЮНИФЕМ) аймақтық офисімен бірлесе өңдеген, саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық қорғау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлықтың алдын алу мәселелерінде гендерлік теңдікке жету бойынша индикаторлардан тұрады.
Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын ескерту туралы Конвенцияның нормаларын имплементациялау мақсатында елдің еңбек заңнамасына адам құқықтары бойынша Уәкілеттімен есептік кезең ішінде Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүкті әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау қаеттігі туралы ұсынымдар жіберілді.
Уәкіл келіп түскен өтініштерге сүйене отырып, министрлікке күші мерзімі өтуі бойынша жүкті әйелдермен жеке еңбек келісіміне заңнамалық тұрғыдан тыйымды кіргізу жолымен күші бар заңнамаларға өзгерістер енгізуге бастамашылық етуге ұсыным берді.
Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік-маңызды күндерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өзге ұйымдар өткізетін осындай іс-шараларға қатысу болып табылады. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті мекемесі “Ақмола-Феникс” АҚ Малиновка селолық округінде ауылдық жердегі әйелдер құқығын өзектілеуге арналған іс-шаралар өткізді.
Уәкілетті мекеме өткізген іс-шараның мақсаты қоғам назарын ауыл әйелдерінің құқығына аударту болды. Адам құқықтары бойынша Уәкілетті және Уәкілеттінің мекемесі қызметкерлері № 5 мектепке, отбасылық дәрігерлік амбулаторияға, тұрмыстық үйге барды.
Жер шары халқының ширегін (төрттен бірін) азық-түлік өндірісінде, сонымен қатар ауыл, аудандардың дамуы және тұрақтылығында басты рөл атқаратын ауыл әйелдері құрайды. Әлемде 500 млн. ауыл әйелдері кедейлік шегінде өмір сүреді. Олардың қоғамдық өмірге қосатын өмірлік маңызды үлестері көзге көрінбейді. Қазақстанда ауылдық жерде халықтың 43% тұрады. Олардың жартысы әйелдер. Алайда оған қарамастан олардың көбінде жерге өз меншік құқығын қорғауға, несие немесе оқу сияқты өмірлік маңызды қызметке қол жеткізу мүмкіндіктері жоқ.
Ауыл әйелдерінің іс жүзінде жағдайын, оларға қатысты таптаурындарын назарға ала отырып, жер реформасы туралы заңдарды жүзеге асыру барысында гендерлік көзқарасты көздеу қажет. Әйелдер стратегиялық жоспарларды, экономикалық бағдарламалар мен реформаларды өңдеу деңгейінде ұсынылуға тиіс. Әйелдердің экономикалық ресурстарға, оның ішінде жерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу қажет.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қазіргі заманғы кезеңінде қалалық және ауылдық әйелдердің мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық маңызды түрде шиеленісіп кетті. Қаладағы және ауылдағы өмір салтын ұйымдастыратын және жүйелі түрде ықпал ететін сыртқы мән-жайлардың обьективті айырмасы, өмір салтымен қалалық әйелдерден ерекшеленетін, олардың құқықтарын қосымша қорғауды талап ететін ауыл әйелдерін жеке топға бөлуге мүмкіндік береді.
Еуропада жыл сайын 15 қазанда Ауыл әйелдерінің күнін (World Rural Women,s Day) атап өтеді. Қазақстанда ауылдың еңбекші әйелдерінің ерекше рөлі мен мәртебесінің бекітілмеуі және ресми жалпы мемлекеттік дәстүрде белгіленбеуі ауыл әйелдерінің мәселелері мен қажеттіліктерінің әрдайым ескерілмеуінің дәлелі. Мысалы, ауыл әйелдерінің ақпаратқа қолы жетімсіз, қазіргі жағдайларда оларды талап етусіз қалған кәсіби білімді жүзеге асыру, біліктілігін арттыру мүмкіндіктері шектелген. Статистика көрсетіп отырғандай, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын әйелдер саны мардымсыз. (орташа 25 % және кедей ауыл-аудандарда 0 %). Міне, сол себепті осы жағдай өзгеру үшінкүш салу қажет.
Қазақстан Республикасында әйелдер құқығын қорғау ұйымдары халықаралық деңгейде қызметін атқараып отыр деп айтуға болады.
Есептік кезеңде Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиямен ынтымақтастық жемісті болды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіле мен оның аппаратының қызметкерлері 2005 жылдың 24-26 тамызы аралығында Алматы қаласында өткен “Қанатты әйел – 2” әйелдер идеялары мен тауарларының ұлттық жәрмеңкесі жұмысына қатысты. Жәрмеңке Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның, БҰҰ-ның “Гендер және даму” бюросының және Швецияның “Sprang bradan” консалтингілі компаниясының бірлескен жобасына айналды.
Жәрмеңкенің мақсаты шағын және орта бизнеспен, қоғамдық қызметпен табысты шұғылданып жүрген әйелдерді анықтау және насихаттау, әйелдер мәртебесін көтеру, олардың зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерін ілгерілету, сонымен қатар, тәжірибе алмасу болды.
Аталған іс-шарада Қазақстанның барлық аймақтарының, ТМД мемлекеттерінің, сондай-ақ Швеция, АҚШ, Қытайдың өкілдері қатысты. Жәрмеңке барысында 70-тен астам дөңгелек үстел, семинарлар, 25 мыңнан аса адам қатысқан отбасы, әйелдер және балалардың жағдайын жақсарту бойынша тренингтер мен мастер-кластар өткізілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Қазақстанның Іскер әйелдер Қауымдастығы өкілдері, Облыстық отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиялардың мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысқан “Қазақстанда әйелдер құқығының сақталуы туралы” дөңгелек үстел өткізілді.
Сондай-ақ Уәкіл мекемесінің қызметкерлері бірқатар өзге іс-шараларға қатысты:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Азия даму банкімен (АБР-АДБ) ұйымдастырған “Кедейшілікті төмендету бағдарламасына гендерлік көзқарасты енгізудің өзекті аспектілері” семинарына (14.04.05ж);
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі қалалық комиссия мен “Ана алақаны” үкіметтік емес ұйым ұйымдастырған “Әйелдерді көшбасшылықтың жаңа технологияларына үйрету, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін ілгерілету және қорғау” семинар-тренингінде (15.04.05ж);
“Отбасы” депутаттық тобы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ-ның “Гендер және даму” бюросы, Швецияның “Sprang bradan” консалтингілік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған семинарға, ЕҚЫҰ және Қазақстанның Дағдарыс орталықтарының Одағымен бірлесіп өткізген, Қазақстанның Дағдарыс орталықтарының заңгерлері үшін Республикалық университетінің шеңберіндегі семинарға 2005 жылы 21 қарашада Уәкіл мекемесімен: «Түсікке құқық» тақырыбында әдіснамалық семинар өткізілді. Семинарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлері, орталық мұсылман мешітінің және орыс православ шіркеуінің діни қызметшілері; отбасын жоспарлау орталығының медициналық қызметшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының заңдарында кемсітушілік нормалары жоқ, тұтастай ол әйелді дәстүрлі және діни некелерден туындайтын қосымша кемсітуден қорғамайды, сондай-ақ әйелдердің мүліктік құқығы да қорғалмаған.
Некеге тұруға бірдей құқықтар, жұбайлардың отбасындағы теңдігі діни және ұлттық дәстүрлердің күшімен некелесуде жиі бұзылады. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Ресупбликасының Заңында көп әйел алу немесе өзге жағдайларда бейресми некелермен байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жоқ. Заң тек ресми түрде тіркелген некеде тұрған жұбайлардың мүліктік құқығын қорғайды. Сондықтан діни немесе ұлттық дәстүр күшімен қиылған некеге жұбайлардың ортақ балалары болса да және ортақ шаруашылық жүргізсе де неке ресми тіркелмегендіктен, әйелдердің құқығы қорғалмаған. Қосымша кемсіту еңбек заңнамаларында да орын алады. Елдің заңнамалары ерлер мен әйелдердің мүмкіндігін теңестіретін тетіктерді әзірге қарастырмайды.жұмыс берушілерге бұрынғыша, әйелдерді жұмысқа алу тиімсіз, өйткені бұл жүктілігі бойынша және бала күтімі бойынша демалысқа шығумен тығыз байланысты.
«Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жүктілік кезеңінде мерзімі өтуі бойынша жеке еңбек демалысына тікелей тыйым жоқ[12].
Әйелдердің көпшілігі ерлермен салыстырғанда шаруа (фермерлік) қожалығын жүргізу үшін және телімін алу құқығын пайдалана алмайды, өйткені Қазақстан Республикасының Жер Кодексі мұндай құқықты арнаулы ауылшаруашылық білімі және біліктілігі бар, сонымен қатар, ауыл шаруашылығында іс жүзінде тәжірибеге ие азаматтарға береді. Қазақстан Республикасы «Шаруа (фермерлік) қожалықтар туралы» Заңның 8-бабына сәйкес шаруа (фермерлік) қожалықты ұйымдастыру үшін жер телімін алуға тілек білдірушілерге ауылшаруашылық өндірісінде қожалық бөлу туралы қолдау хатқа қосымша түрде сәйкес білімі немесе арнаулы даярлықтан өтуі туралы құжат беруі қажет. Яғни тіпті шартты негіз бойынша көптеген ауыл әйелдеріне жер алуға заңды түрде рұқсат жоқ. Сырттай әділ, заң жүзінде жер телімін алу үшін біліктілік талаптарын іс жүзінде бүркеме кемсіту ретінде бағалауға болады. Себебі меншікті иелену, басқару, пайдалану және сақтау, қаржы тәуелсіздігіне ие болуы бойынша әйелдер құқығы үшін орталықты болып табылады.
1952 жылы Бас Ассамблея әйелдер құқығына қатысты БҰҰ – ның алғашқы құжаты – Әйелдердің саяси құқықтары туралы Конвенциясын қабылдады. Бұл құжатта әйелдер барлық сайлауда ер адамдармен тең жағдайда дауыс беруге, қоғамдық–мемлекеттік қызметке орналасуға және ұлттық заң белгілеген барлық қоғамдық–мемелекеттік орындауға құқылы деп айтылған. БҰҰ құрылған кезеңде әр он мүше мемлекеттің тек алтауы толығымен әйелдердің сайлауға қатысу құқығын таныған; бүгін бұл құқық дерлік жаппай танылып отыр. 1979 жылы БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы әйелдер жөніндегі кемсітулікшіліктің барлық нысанын жою туралы Конвенция қабылдады (1981 жылы күшіне енді). Кенвенция әр түрлі салада, соның ішінде саяси және қоғамдық өмірде, азаматтық, білім алу, денсаулық сақтау, неке және жанұя мәселесінде әйелдер жөніндегі кемсітулішілікті жою мақсатында қабылдануы тиіс шараларды қарастырады. Қазіргі уақытта Конвенцияны 160-тан аса мемлекет ратификациялаған[13].
Бұл Конвенцияны Қазақстан Республикасы 1998 жылы ратификациялаған. 1997 жылы ҚР Президенті құптаған мемлеттің гендерлік саясат концепциясы жасалды. Онда ҚР Конституциясына және Қазақстанның халықаралық міндеттеулеріне сәйкес әйелдер мен ер адамдарға тең мүмкіндік беру бойынша мемлекеттік саясаттың болашақ бағыттары анықталған. 1984 жылы БҰҰ–ның Бас Ассамблеясы қинауға және іс–әрекеттің қатігез, адамгершіліктен тыс немесе адами қасиеттерді қорлайтын басқа да түрлері мен жазалауға қарсы Конвенция қабылдады. 1987 жылдың маусымында күшіне енген Конвенция қинауды тергеу немесе куәландыру, мойындату, жазалау, қорқыту, бір нәрсеге мәжбүрлеу немесе кемсітушілікке негізделген кез–келген себеппен ресми сипатта жеке тұлғаны арамдатушылық бойынша физикалық немесе адамгершілік тұрғыдан қауіпті ауыру мен азап шегуді қасақана туғызатын кез – келген әрекет ретінде анықтады. Сонымен Конвенция «анықтамада заңды санкциялар нәтижесінде пайда болатын немесе кездейсоқ болатын ауру мен қиналу туралы айтылмаған» деп анықтайды.
Конвенцияға сәйкес қатысушы – мемлекеттер өзінің ішкі заңдылығында қинауды қолдануды бұлтартпауды қарастырып, қинаулардың заңмен жазалануына кепілдік беріу тиіс. Соғыс, соғыс қаупі немесе ішкі саяси тұрақсыздық сияқты ешбір өзгеше жағдай немесе кез келген басқа төтенше жағдай қинауды қолдануды ақтай алмайды, сондай–ақ, басқа тұлғаның бұйрығыменде қинауды қолдануды ақтаай алмайды. Конвенция арнайы ереже ретінде қинауды жүзеге асыруда күдікті тұлға сот алдында өз қылмыстары үшін жауап берілуі тиіс, егер қатысушы мемлекет оны көрсетпесе, ол кез–келген қатысушы мемлекеттің соты алдына келуі мүмкін деп қарастырады. Конвенцияға сәйкес өкілдігіне қатысушы мемлекеттің берілген Конвенцияны жүзеге асырудағы шаралары туралы баяндамаларды талқылауы енетін, қинауға қарсы Комитет құрылды.
Конвенция, сонымен қатар, қинауды қолданудағы айыптар бар хабарлардың растығын халықаралық деңгейде тексеруді қарастырады, соның ішіне қинауға қарсы Комитет өкілдерінің Конвенцияға қатысушы кез–келген мемлекеткке шыға алу рәсімі жатады. Комитет Конвеция ережелерінің бұзылуы туралы жеке тұлғалардың шағымдарын, сондай–ақ, бір мемлекеттің басқа мемлекетке қатысты оның ережелерін орындамағаны туралы шағымдарын, егер де басқа мемлекет бұл факультативті қолданысты таныса ғана қарастыра алатын болды. 55-тен аса елдің Конституциясында қинауларға тура немесе жанама тиым салынған, 1998 жылдың жазында Қазақстан Республикасы Парламенті аталмыш Конвенцияны ратификациялады.
Қазіргі кездегі адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесі үш деңгейден тұрады: халықаралық, аймақтық және ұлттық.Адам құқығын қорғаудың халықаралық механизмдері Біріккен Ұлттар Ұйымымен, БҰҰ Жарғысымен және адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен астасып жатыр[14]. Соңғы саяси беделдің жоғарлығы сонда, оның қағидалары әлемдегі көптеген елдердің конституцияларына енгізіліп, адам құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін қалыптастыруға, халықаралық саясат пен халықаралық қатынастардың дамуына маңызды әсер етті. Халықаралық құқық және сонымен бірге саясаттың дамуы ауқымды саяси ынтымақтастыққа талпынуға жол ашып отыр. БҰҰ халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін ғана емес, сонымен бірге оның механизмдерін, халықаралық құқықтық актілердің заңдылық күшіне енудегі қажетті органдардың жүйесін де құрып берді. Әлемдік өзгерістерге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымына жаңаша көзқараспен қараудың қажеттілігі туындады, яғни БҰҰ адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық саясат пен мемлекетаралық ынтымақтастықта басты бағыттаушы орталық болып табылуы тиіс.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам құқығы саласында халықаралық ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) негізін қалады. 1945 жылы 26 маусымда әлемдік 50 мемлекеттің өкілдері БҰҰ Жарғысын қабылдау үшін Сан – Францискоға жиналды. БҰҰ-ң Жарғысы – аталмыш халықаралық ұйымның құрылу тәртібі мен әрекет етуін реттейтін, мемлекеттердің адам құқығы саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негізін қалайтын маңызды құжат. БҰҰ-ң мақсаты Жарғының 1 бабында анықталған, ол – адам құқығы мен баршаға ортақ негізгі бостандықтарды сыйлауды дамыту және мадақтауда мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. БҰҰ-ң орталығы Америка Құрама Штатының Вашингтон қаласында орналасқан. Бұл қалаға барлық БҰҰ-ға мүше елдерінің өкілдері БҰҰ Бас Ассамлеясына қатысу үшін жыл сайын жиналады.
Жарғының 55-бабында БҰҰ -ға мүше мемлекеттердің «нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды жалпы сақтау мен сыйлау барлығына ортақ» халықаралық құқықтық міндеттері анықталған, яғни БҰҰ- ң Жарғысы нәсіл, жыныс, тіл, дін тәрізді қаналуға жатпайтын төрт қағидаға басты мән бере отырып баршаның тең құқылығын орнатады. 1-ші және 55- ші баптарда көрсетілген жағдайлар адам құқығы саласындағы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің құқықтық негізін құрайды және бұл ынтымақтастықтың бағытын анықтайды[15]. Жарғы БҰҰ мүшелеріне адам құқығы саласы бойынша міндеттемелерді жүктейді. Сол себепті БҰҰ Жарғысы адам құқығы мен бостандығы саласында тәуелсіз мемлекеттер мен халықтардың ынтымақтастығын нығайтудың негізгі саяси және заңдылық іргетасы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет