Дипломдық ЖҰмыс 050301- мамандығы -«Құқықтану»


Ана мен баланы қорғаудың құқықтық сипаты



бет10/16
Дата02.04.2022
өлшемі0.55 Mb.
#456571
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Дип әйел құқ

2.2Ана мен баланы қорғаудың құқықтық сипаты
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында қазақстандықтардың өмірсүру сапасын арттыруға ерекше көңіл аударылды. Елбасы ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуді тапсырды. Әлеуметтік сақтандырудың бұл түрлері бойынша әлеуметтік төлемдерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысынан жүргізу тапсырылды.
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында 2004 жылдың ақпанында құрылды. Қор қызметінің негізгі мақсаты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету және әлеуметтік тәуекел туған жағдайда алушыларға әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізу болып табылады.
Қазіргі уақытта міндетті әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік тәуекелдің үш түрін – еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылуды қамтиды. Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін барлық қызметкерлер, сонымен қатар өзін-өзi жұмыспен қамтыған барлық тұлғалар еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айрылу әлеуметтік тәуекелі туған жағдайда Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.
2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жолдауда айтылған Президенттің тапсырмасына сәйкес жүктілігі және босануына, сонымен қатар бір жасқа жейінгі нәресте күтімі жағдайына Қордан әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізіледі. Мұндай төлемдерді алуға ол үшін жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар жүргізген, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген жұмыс істейтін әйелдер құқылы.
Бұдан басқа, егер бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілгеннен кейін жүктілігі, босануы мен аналық кезінде әйелдің нәресте күтімі жөніндегі демалыста болған кезінде олардың зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле берілуі тиіс.
Кейбір жұмыс берушілердің жүкті әйелдерге кемсіту, тежеу сияқты қатынастары туралы күнделікті практикадан белгілі. Әлеуметтік төлемдердің маңызды бөлігінің Қорға берілуіне байланысты әйелдердің жүктілігі және бала туғаннан кейінгі бірінші жылы барлық қаржылық міндеттемелер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңымен кепілдендіріледі. Сақтандыру принципінің сипаты жарна есебінен көрсетілетін көмекті және жарна мен әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара тығыз байланысты қаржыландыру болып табылады.
Мұндай жағдайда төлем мөлшері сақтандырылған тұлғаға түсетін жеке жарналар көлеміне қарай бағдарланады. Әлеуметтік төлемдер мөлшеріне төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында және тұрақты төлеуі елеулі әсер етеді, яғни жұмыс беруші заңды қаншалықты дұрыс орындаса, әлеуметтік төлемнің нақты мөлшері соған байланысты болады.
Жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезі жағдайына әлеуметтік төлемдер алушылардың алдындағы міндеттерін Қордың орындауы үшін, сонымен бірге Қордың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымдар ставкасы жоғарылайды. Әлеуметтік аударымдар ставкасын тұтастай 2 пайызға бірнеше жыл бойы кезеңмен өсіру жоспарланып отыр. Мысалы, 2007 жылы төленетін әлеуметтік аударымдар мөлшері 3 % құраса, 2008 жылы ол әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 % құрауы мүмкін. Бұл ретте Қорға төленетін әлеуметтік аударымдар сомасына мемлекеттік бюджетке салық төлеушілердің төлейтін әлеуметтік салық сомасының мөлшері төмендегендіктен салық төлеушілерге қосымша салық жүктемесі жүргізілмейді.
Әрине, мұндай іс-шараларды енгізу бірқатар заңнамалық және нормативті құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді қажет етеді. Қор қызметкерлері әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізетін жұмыстарға белсенді түрде қатысатын болады. Сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін өтініш беру ережелерін анықтайтын нормалар белгілеу, әлеуметтік төлемдер мөлшерін анықтау әдістемесін жасау қажет.
Президент Жолдауында туу есебінен халықтың тұрақты өсу көрсеткіштері келтірілген, егер 2000 жылы 220 мың бала туса, ал 2006 жылы 290 мың бала туған. Тек 2005 жылы ғана халықтың табиғи өсімі туу есебінен 121 мың адамды құрады. Осыған қарамастан ел Президенті тууға және балаларды қорғау үшін жағымды жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған қосымша іс-шараларды қабылдау туралы Үкіметке тапсырма берді.
Мемлекеттің ана мен баланы қорғауға бағытталған әлеуметтік саясаты қоғамның жағдайы мен оның қарқынды дамуының болашағын айқындайды. Бүгін ана мен бала құқығын қорғай отырып, біз өз болашағымызды қорғаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет