Дипломдық ЖҰмыс 050301- мамандығы -«Құқықтану»


Әйел құқығын қорғау және көтермелеу



бет6/16
Дата02.04.2022
өлшемі0.55 Mb.
#456571
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дип әйел құқ

1.3 Әйел құқығын қорғау және көтермелеу
Әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады.
Әйел құқығын қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады[16]. Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік қағиданы түсінбеушілік, халықаралық құқық қорғау стандарттарын білмеушілікпен кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей бүгінде өз қызметінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережелерін, оның үстіне Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алмайды, кейбірі Республиканың халықаралық құқыққорғау міндеттемелерінің басымдық сипатын сезінеді.
Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер куәландырғандай көп жағдайларда әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын дәлелдер (уәж) арасында ерекше құқыққа жүгіну түріндегі өте “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге әйелдер өз өтініштерінде жыныстық белгі бойынша кемсіту дәйектерін сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай жағдай әйелдер құқығының бұзылу жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің төмен деңгейімен байланысты. Неғұрлым ақталды деп мемлекет саясатының гендерлік сезімтал қоғамдық сананың дамуына жалпы бағыттылығы саналады[17].
Адам құқығына қатысты халықаралық нормативтік актілер әйел адамның құқықтарына да шектеу қоя алмайды.
Адам құқығына қатысты БҰҰ Жарғысының шарттары кейінірек әртүрлі халықаралық құжаттармен нақтыланып, дами түсті. Бүгінгі күнге дейін БҰҰ аясында көптеген халықаралық құжаттар қабылданды, соның ішінде адам құқығын қорғаудың әр саласы бойынша мемлекеттердің әрекет етудегі міндетті заңдылық нормаларын қалыптастыратын келісім шарттар, конвенциялар мен пактілер де бар.
Әмбебап құжаттар негізгі төрт актімен сипатталады: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1947ж), экономикалық,әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (1966 жылы қабылданып 1977жылы күшіне енді), егер жеке құжат деп танитын болса азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттің факультативті хаттамасы. Аталмыш құжаттардың заңдылық күштері әр түрлі, бірақ жиынтығында олар адам құқығы саласы бойынша мемлекетердің халықаралық ынтымақтастығының негізін құрайды.
Адам құқығы туралы алғашқы толыққанды халықаралық құжаттың бірі Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. Ол БҰҰ Жарғысына негізделіп барлық халықтар мен мемлекеттерге адам құқығының жалпы үлгісін анықтап берді. Декларация (лат. хабарлама, өтініш) – белгілі бір қағидаларды жариялайтын халықаралық - құқықтық акт[18]. Декларация міндеттеушілік емес, керісінше нұсқаушылық сипат алады. Сондықтан Декларациялар қабылданғаннан кейін бірден күшіне енеді.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-ң Бас Ассамблеясы адам құқықтары мәселесін мұқият зерделеп, әрбір бөлім бойынша дауыс берудің 1400 сатысынан өткізе отырып, адам құқықтар туралы реттелген құқықтар мен бостандықтардың жалпыға бірдей тиімді түрде мойындалуы мен сақталуын бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы қамтамасыздандыру мақсатын жүзеге асыруда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Декларация, адам құқықтарын қорғау жолындағы істің дамуын бағалай алатын негізгі эталон ретінде жалпыға бірдей дерлік танылды. Декларация 48 қолдау және 8 қалыс қалған дауыспен қабылданды. Аталмыш құжат тарихта адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық қамтыған құжаттың бірі болды.
Декларация заңдылық тұрғыда міндетті болмаса да БҰҰ Жарғысын талқылаудағы беделді құрал ретінде қарастырылады. Көптеген мемлекеттер өздерінің заңдары мен конституцияларында Декларация қағидаларына
сілтеме жасап отыр.
30 баптан тұратын Декларация кез келген мемлекетте әрбір адамға тиесілі құқықтар мен бостандықтарды анықтайды. Декларациядағы құқықтар мен бостандықтарды төрт топқа бөлуге болады:
1. Қарапайым құқықтар мен бостандықтар (3-5,7-12):

  • өмір сүруге, бостандықта болуға, жеке басына қол сұғылмау құқығы(3 б.);

  • құлдықта болмау бостандығы (4 б.);

  • азапталуға, қадір - қасіретін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге немесе жазалануға тиым салу (5 б.);

  • заң алдындағы теңділік (7 б.);

  • әділ сот арқылы кепілдіктер берілген құқықтар (8-11бб.);

  • жеке өзінің және жеке отбасылық өміріне өз бетінше араласуынан, озбырлық жасап баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғуынан, ар-намысы мен абырой беделіне нұқсан келтіруінен қорғау (12б.).

2. Азаматтық құқықтар (6б, 13-17бб):

  • тұлғаның құқықсубъектісі ретінде танылу құқығы (6б.);

  • жүріп-тұру және өз қалауынша тұратын мекен-жайды таңдау бостандығы (13б.);

  • баспанаға деген құқық (14б.);

  • азаматтыққа деген құқық (15б.);

  • некеге тұру және отбасын құру құқығы (16б.);

  • мүлік иемдену құқығы (17б.).

3. Саяси құқықтар (18-21 бб.):

  • ой-пікір, ар-ождан, дін бостандығы (18б.);

  • наным-сенім және өз көзқарасын еркін білдіру құқығы (19б.);

  • бейбіт жиналыстар және ассоциациялар құру бостандығы (20б.);

  • өз елін басқару ісіне қатысу құқығы (21б.).

4. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар (22-28 бб):

  • еңбек ету құқығы және жұмыс түрін еркін таңдау бостандығы (23 б.);

  • тең еңбегі үшін тең еңбек ақы алу құқығы (23 б.);

  • кәсіподақтарға бірігу құқығы (23 б.);

  • тынығу және мәдени демалу құқығы (24 б.);

  • анықталған өмір деңгейіне деген құқық (25 б.);

  • білім алу құқығы (26б.).

Декларация әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын ғана емес, санымен бірге олардың қоғам алдындағы міндеттерін және тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудағы шектеуліктерді де анықтап береді (29 б). Аталмыш шектеуліктер демократиялық қоғамдағы заңмен анықталған басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіп және қоғамдық өмір жағдайын тану және сыйлау мақсатында қабылданған. Декларацияның соңғы бабында Декларациядағы ешбір қағида қайсібір мемлекетке, адамдар тобына немесе жеке адамдарға аталмыш Декларацияда баянды етілген құқықтар мен бостандықтарды жоятын қызметпен айналысу немесе іс әрекет жасау құқығын береді деп пайымдалған.
Декларация нормаларының міндетті емес сипатына қарамастан, ол мемлекетке қатысты міндетті тәртіп ережелерінің қалыптасуына күшті ықпал етеді. Декларация негізінде адам құқығы мәселелеріне қатысты міндеттілік сипатына ие болған халықаралық келісім – шарттар құрастырылып, қабылданады. Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқықта Адам құқығын қорғау аясында мемлекетке қатысты заңдылық міндетті нормаларды құрайтын алпысқа жуық әрекеттегі халықаралық келісімдер, пактілер мен конвенциялар бар.
Декларацияда көрсетілген ұсыныс беруші нормалар мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасқа да әсерін тигізеді, яғни, БҰҰ-ның мүшесі болып табылатын мемлекет, сол сияқты Қазақстан да, БҰҰ-ның нормативті актілерімен есептеспеуіне болмайды. БҰҰ-на мүше мемлекет БҰҰ-ның ереже-рекомендацияларын үнемі бұзған жағдайда, бұл халықаралық ұйым өз жарғылық міндеттеулерін осы мемлекеттің орындамағаны туралы мәселе көтеруіне болады. Декларация бұрынғыдай XXI ғасырда да құқық қорғау саласындағы құқықтың басты қайнар көзі және адам құқвғын қорғаудағы жалпыға ортақ қозғалыстың негізі болып қалады.
БҰҰ-ның маңызды жетістіктерінің бірі адам құқығын қорғау саласында барлығын қамтитын нормативтік базаның құрылуы болып табылады. Әлемдік қауымдастық тарихында алғаш рет адам құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша заңдардың жалпыға ортақ жиынтығы құрастырылды және бұған барлық мемлекет қосыла алады.
Адам құқығы туралы халықаралық пакт – бұл қатысушы мемлекеттер, яғни, олардың ережелерін ұстануға ресми келіскен мемлекеттер, құқықтардың кең бағытын жүзеге асыруда құрметтеп, кепілдік беру үшін жасалған келісімдер.
БҰҰ шеңберінде жасалған заңды міндеттемелік келісімдердің ішіндегі маңызы бойынша ең көлемділері «Азаматтық және саяси құқық туралы Халықаралық Пакт» және «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы Халықаралық Пакт» болып табылады. 1966 ж. қабылданып, 1976 ж. өз күшіне енген аталмыш құжаттар мемлекеттің өз азаматтарын қамтамасыз етуі тиіс адам құқығының ең төменгі стандарттарын орнатады.Бұл көзқарастан Пактілер Жалпыға ортақ Декларациямен салыстырғанда бір қадам алдыда тұр. 1998 жылға қарай Азаматтық және саяси құқық туралы Халықаралық Пактіге дамыған елдердің көпшілігімен қатар 140 мемлекет қол қойды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактінің қатысушылары 137 мемлекет болды. Көптеген мемлекеттер қатары соның ішінде АҚШ, бұл құжатты ратификацияламады. Жоғарыда аталған құжаттарды қабылдау маңында орын алған пікір таластар негізінен, бұл пактілердің біреуін ғана немесе екеуін де қабылдау керектігі туралы сұрақтар төңірегіне бағытталған. Көпшіліктің пікірі көптеген мемлекеттерде азаматтық және саяси құқықтар заңды түрде қалыптасқан, сондықтан ол бақылау жүргізетін ерекше орган жағынан қарастырылатын нәрсе болуы мүмкін делінді. Экономикалық, саяси және мәдени құқықтарды жүзеге асыру ол кезде көбінесе тез арада іске асуы мүмкін болмайтын мақсат ретінде қарастырылды, дегенмен Адам құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясы солар сияқты басқа құқықтарға да мән берді. Қазақстан Республикасы 2005 жылы осы Пактілерге қосылды. Осылайша, Пактілер Жалпыға ортақ Декларацияда мазмұндалған көптеген құқықтарды танып, нақтырақ анықтайды, сонымен қатар кейбір қосалқы құқықтарды қарастырады. Азамтаттық және саяси құқықтар туралы Пактіде нақтылы құқықтар мен бостандықтар анықталған. Бұл әр адамның ажырамас құқығы - өмір сүру құқығы. Пакт өлім жазасы алынбаған мемлекеттерде өлім жазасы ең ауыр қылмыс үшін шығарылатыны анықталған. 6- шы бапта 18-ге толмаған тұлғалар және жүкті әйелдер өлім жазасына кесілмейді деп көрсетілген. Қазіргі уақыттағы жағдайда әлемдік қауымдастық әлемге өлім жазасынсыз келе жатыр. Қылмыстық сотқа ескерту жасау бойынша БҰҰ-ның комиссиясы өзінің соңғы бесжылдық зерттеуінде (1996 ж.) көптеген елдердің заңында көрсетілгендей іс жүзінде де өлім жазасын алып тастау тенденциясының күшейгендігін көрсетеді. 1989 жылдан 1995 жылдың аяғына дейін жазалаудың бұл шарасын тағы да 25 мемлекет алып тастаған. Қорытындысында, 1995 аяғына қарай өлім жазасы 72 мемлекетте толықтай, кейіннен тағы 30 мемлекетте алып тасталынды, ал 90 мемлекетте сақталды. Өлім жазасын алып тастаған барлық мемлекетүкіметтерінің арнайы шағымдарына бұл шара қылмыспен күресудің тиімді тәсілдері туралы қазіргі заманғы ұғымға сәйкес келмейтіндігін көрсеткен.
Өлім жазасын алып тастау немесе оны орындауға моратория енгізуге көшу процесіндегі мемлекеттер саны барынша тез жылдамдықпен өсіп келеді
(мысалы, Литва, Латвия, Россия) [19]. Бірақ бұл бағыттағы өсу барлық жерге тән емес. Кей мемлекеттерде қарама-қарсы бағыттар бақыланып отыр: не өлім жазасы орнатылған (АҚШ-тың екі штатында: Техас және Флорида), не оның қолдану аясының кеңеюі (Қытай, Корея, Сауд Аравиясы). «Халықаралық амнистия» көрсеткіштері бойынша 1995 ж. қарай әлемдегі бүкіл өлім жазасының 87%-ы Қытай, Иран, Нигерия үлесіне тиген.
Адам құқығы бойынша Халықаралық Пактілермен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенция нысанындағы адам құқығы бойынша бірқатар құжаттарды жасап, қабылдады. Конвенция (латын тілінен келісім шарт, келісім), пакт (лат. келісім шарт) – бұл халықаралық келісім, келісім шарт.
Ереже бойынша, Конвенция – бұл қандай да бір арнайы сұрақ бойынша, бірыңғай мәселе бойынша келісім түрі. Пактілер - әртүрлі мәселелер тобын қамтитын келісім шарттар[20]. Конвенциялар мен пактілер өз күшіне қабылданғаннан кейін емес, айтылған мемлекеттер санының ратификациясынан кейін енеді. БҰҰ шеңберінде геноцид (115 қол қоюшылар), нәсілдік кемсітушілік (148 қол қоюшылар),бала құқығы (174 қол қоюшы), әйелдер дискриминациясының барлық нысанын жою (85 қол қоюшы) бойынша конвенциялар жасалып, қабылданды. Конвенция мен пактілерге қатысушы мемлекеттер өз мойындарына құжатта берілген міндеттемелерді алады және оларды қатал орындауы тиіс. Қабылданған келісімдердің және олардың міндеттеулерінің орындалуын бақылау үшін оған сәйкес арнайы комитеттер құрылады.
Ашық конвенциялар және пактілердің ерекшеліктері келесілер болып табылады:
1. Олардың дайындалуы мен қабылдануына қатыспаған мемлекеттер оларға қосыла алады;
2. Қатысушы мемлекеттер өз міндеттеулерінен бас тартып, берілген келісімнен шыға алады, яғни оны денонсациялайды (денонсировать лат. хабардар ету).
«Әйелдер құқығы» қазіргі тұста түрлі мемлекеттерде қиын, тайталас тудыратын тақырып. Тарихта қашашда оның айналасында қаншама дау-дамай, тартыс толастамай, әйелдер құқығы сақтау талай кедергілерге кезігуде.
Қазіргі заманда көнтеген мемлекеттер әйелдерді кемсітушілік және оларға деген қатыгездік таныту секілді мәселелермен бетпе-бет келуде, осыған орай заңдық базада нығайтылу үстінде. Бұл процесске ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрыптар, діни дәстүрлер өзіндік әсер етуде.
Мәселен Ислам діні тұрғысынан әйелдердің күрделі құқыларының бір бөлімін қарастырсақ. Ислам әр кезде әйелдер құқығын қуаттап, негіздер мен заңдар жинағын отбасы мүшелерінің құқығы және міндеті ретінде баяндаған. Бұл заңдар – отбасы құқығын құрайды.
Үйлену және отбасын құру – адамзаттың бір мұқтаждығы мен қажеттілігі. Оның аясында әйел мен ер және перзенттері кемелдікке жетеді. Негізінде, отбасы – адамдардың дамуы үшін қолайлы орталық. Қоғамдағы біртұтас денені қарастырсақ, олардың әр біреуі жеке арнайы рөл атқарғанымен, ортақ міндетке де ие. Ислам тұрғысынан отбасы – бір құқық органы болудан бұрын махаббат пен жанкештңк орталығы. Өйткені, бұл орталықта екі адам өмірлерінің ең тәтті жылдарын бір-бірінің жанында өткізеді. Ислам тағылымдары отбасы мүшелері ахлақ ұпайларына жетіп, бір-бірінің құқыларын біліп, оларды сақтаулары қажет. Исламның құқықтық жүйесінде отбасы экономикасы және күнделікті тұрмысқа мұқтаждықтарды қамтамасыз етпегендіктен, ол отбасылық міндеттерін орындауға және перзенттерін тәрбиелеуге қолайлы мұрстақа ие. Некеге отырғаннан кейін ер адам өз қаржы мүмкіндіктерінің бір бөлімін жұбайына береді. Әлбетте қалыңның бір мөлшері ер адаммның негізге қабілетіне қарай белгіленеді.
Аллаһ Тағала “Ниса” сүресінің 4 аятында ерлерді қалыңын төлеуге міндеттеді және: “Әйелдердің мәһерін (қалыңын) ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге мәһерден бір нәрсе кеңшілік етсе, онда оны жеңдер; сіңімді, жүрімді болсын,”- деп айтады. Мамандар назарынан қалың ердің әйелге деген адалдыған көрсетеді. Мұсылман ойшыл шәһид Мұтаххари әйел мен ердің теңдігі туралы мәселе көтерген адамдарға берген жауабында әйелдің қалыңы туралы әңгіме жүргізеді. Ол: “Қалың заңы негізінде табиғатпен сәйкес келеді. Сондықтан ол ердің әйелге деген ғашықтыған және әйелдің ерге деген жауабын көрсетеді. Ер адам әйелген құрмет көрсетіп, оған сыйлықтар сыйлайды. Осы себепті қалың заңын әйел мен ердің құқыларының теңдігі деп атауға болмайды,”- деп жазады.
Ислам мектебі пайда болғаннан бұрын қалың әйелді сатып алудың құны болды. Әйелдерді адам деп санамайтын надандық ғасырларда әйелдің заңды құқығы саналатын қалыңды оның әкесі немесе ағасына беретін. Ислам бұл дұрыс емес сенімдерді өзгертіп, қалыңды әйелдің өзіне беретін болды. Күнделікті жұмсайтын қаржылар - әйелдердің жанұядаға құқыларынан. Жанұя құрғаннан және әйел күйеуінің үйіне кіргенне кейін ер адам оның күнделікті жұмсайтын қаржыларын қамтамасыз етуі қажет. Яғни бүгінгі қоғамды күрделі мұқтаждықтарға үй, азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек және әйелдің күнделікті өміріне қажетті басқа заттары жатады. Күйеуі бұл мұқтаждықтарды қамтамасыз етіп, әйелдің ықтиярына беруге міндетті. Қазіргі кезде феминизм және Батыстың кейбір мектептері әйелдің ер адамға экономикалық тәуелді болуын ер мен әйелдің құқыларына теңдігінің жоқтығы және кемсітушілік деп санайды. Бірақ негізінде қалың және әйелдің күнделікті қаржылары әйел мен ердің ерекшеліктеріне назар аудара, әйел үшін қажетті әйелдің бала туу және жүкті кезіндегі қиындықтары әйелдің ойнындағы табиғи міндеттерден. Мұндай жағдай әйелге психикалық және рухлық қиындықтар тудырады. Егер де әйел мен ер жанұяға қажетті мұқтаждықтарды бірдей қамтамасыз ететін болса, және заң әйелдерді қорғамайтын болса, әйелдер қиындықтарды төзе алмайды. Ұстаз Мұтаххари әйелді бала туу, она тәрбиелеу және қоректендіру міндеттері дәлелімен күнделікті қаржыларын алуға міндетті деп санайды. Әйел мен ердің физикалық күштері де тең емес. Өйткені ер адам ауыр жұмыстарға төзімді және оларды орындайтн күш-қабілетке ие. Аллаһ Тағала олардың өмірлік істерін бөлген кезде ер адамға әйелдің экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуді жүктеді.
Сонымен қатар әйел өзінің аналық және жұбайлық рөлін атқару үшін тыныштық пен қауіпсіздікке мұқтаж. Егер де әйел ауыр және төзбейтін жұмыстар жасайтын болса, тез шаршап, өзінің жұбайына және перзенттеріне байланысты мейірімділік міндеттерін атқара алмайды. Шәһид Мұтаххаридің сенімінше, әйел қуанышта өмір сүру үшін ерден гөрі көбірек тыныштыққа мұқтаж. Жаратылыс заңы әйел мен ердің арасындағы кейбір айырмашылықтарды қарастырып, оларды бір-бірін толықтыратындай қылып жаратқан. Ислам назарынан әйел адам жанұясы немесе өзі үшін жұмыс істеуге мәжбүр емес және ердің ол үшін күнделікті қаржыларын қамтамасыз ету бір міндет саналады. Ислам әйелдің рухлық және физикалық ерекшеліктерін сақтау дәлелімен әйелдер үшін жұмыс жасауды міндет ретінде қарастырмайды.
Батыс қоғамында әйел мен ердің құқыларының теңдігі ретінде әйелдің сыртта жұмыс жасауы қарастырылған. Батыс әйел мен ердің табиғи айырмашылықтарына назар аудармай, сырт жұмыстарда да әйел мен ерді тең көреді. Мұндай көзқарас жағдайлардың көбісінде әйелдің психикалық абыржуларына және жанұяның құлдырауына себеп болады. Американдық қоғамтанушы Герхард Ленски өз кітабында: “Әйелдердің өнеркәсіптік жұмыс жасауы қылмыстар мен ажырасудың көбеюіне себеп болды, ”- деп жазады. Психологтардың көбісінің сенімінше, әйелдер өздерінің рухлық және жыныстық ерекшеліктері дәлелімен еңбектерімен бірге аналық және жұбайлық міндеттерін бірдей жақсы орындайды. Америкадағы әйелдер дәрігер Джессика Андерсон әйелдердің оқу және мамандық жетістіктерін аналық және жұбайлық міндеттерін орындуға қайшы деп біледі. Ол өз зерттеулерінде еңбек ететін әйелдердің қиындықтарына тоқтайды. Бұл зерттеулер Америкадағы жұмыс жасайтын аналардың 60 пайызының рухлық қысымдар және стрестермен кезігетіндерін нышан етеді. Әрине бұл қиындықтар әйел мен ердің ерекшеліктерін дұрыс қарастырмаудың әсері. Батыс қаржы тәуелсіздік сылтауымен әйелді қиын экономикалық жағдайлармен бетпе-бет қояды. Әйел де ермен бірдей теңдікке жету үшін өзінің аналық және жұбайлық міндеттерінен алыстайды. Ислам назарынана әйел – жанұяда мейірімділіктің орталығы. Сондықтан аналық және жұбайлық – құнды орынға ие. Әйел адам өзінің негізгі міндеттерімен қатар, қоғамда да белсенді жұмыс жасай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет