Мұсылман әйелдердің құқықтары – Францияның Исламға қарсы саясатының құрбаны деген мақалаға сүйенетін болсақ, белгілеген дәрежедегі құқықбұзушылықтар бар сияқты
Мұсылман әйелдердің құқықтары – Францияның Исламға қарсы саясатының құрбаны деген мақалаға сүйенетін болсақ, белгілеген дәрежедегі құқықбұзушылықтар бар сияқты.
Батыста көптеген ғасырлар бойы дінге қарсы күрес жүріп, оны шеттетуге ұмтылыстар жасалған соң енді міне халықтың дінге әсіресе Ислам дініне қызығушылығы көбейе түсті. Осының салдарынан демократия мен еркіндік ұранын көтеруші мемлекеттер түрлі сылтаулармен өзінің мұсылман тұрғындарының құқықтарын аяққа басып отыр. Батыста мұсылмандарға шектеулер қоя бастаған алғашқы елдердің бірі – Франция. Франция үкіметі әйелдер құқығын қорғаудамыз деген сөздеріне қарамастан бұл елде әсіресе аз ұлтты және көшіп келген әйелдердің құқықтары бұзылуда. Франция үкіметі мұсылман әйелдердің құқығын қорғау сылтауымен анда-санда заңдар шығарып, олардың діни сенімдері бойынша тұрмыс кешуіне кедергілер орнатады[26].
Өзін адам құқығы мен діни еркіндіктің жаршысымын деп санайтын Франция 2011 жылы 11 сәуірде мұсылман әйелдерге байланысты "пәренжеге" тыйым салу заңын орындай бастады. Осы заң бойынша полиция қызметкерлері қоғамдық жерлерде пәренже киген әйелдерге 150 еуро айыппұл сала алады. Сонымен қатар аталмыш заң бойынша зайыбын немесе қарындасын исламдық хиджап киюге мәжбүрлеген еркек кем дегенде бір жыл түрмеге қамалып, оған 30 мың еуро айыппұл салынады. Осыдан бұрын Франция үкіметі 2004 жылы Парламентте хиджап киген қыздардың мектепке кіруіне тыйым салатын аты-шулы заңды қабылдаған болатын.
1983 жылы Франция әйелдерге кемсітушілік жасамау конвенциясына қосылды. Осыған қарамастан бұл елде әйелдер құқықтарының бұзылу оқиғалары көбейіп кетті. "Әйелдерге кемсітушілік жасамау" конвенциясының 20-шы бабында "мемлекеттік оқу орындарында діни киім кию қыздардың білім алуына кедергі бола алмайды" деп айтылған, бірақ Франция хиджап киген мұсылман қыздар мен әйелдерге тым қатаң шектеулер қоюда. Еуропа Одағына мүше 27 мемлекеттің ішінде Франция мұсылман ең көп тұратын мемлекет болып табылады және олардың саны 6 млн-ға жақын. Франция үкіметінің Исламға қарсы шараларына және мұсылман әйелдерге қойып отырған шектеулеріне "Халықаралық кешірім ұйымы" секілді халықаралық мекемелер де "қоғамдық жерлерде әйелдердің пәренже киюіне тыйым салу" заңын сынға алды. Осы ұйымның бірнеше мүшесі "Франс-пресс" ақпарат агенттігімен сұхбатында: "Бетті жабуға тыйым салу – мұсылман әйелдерінің діни еркіндігін жояды" - деп жариялаған. "Халықаралық кешірім ұйымының" маманы Джон Далхвисин осы орайда: "Діни еркіндік қағидалары бойынша кез-келген адам киім түрін еркін таңдауы тиіс, сондықтан кейбіреулер немесе олардың көпшілігі киімнің бір түрін "қолайсыз" деп атағандықтан мұндай құқықты шектеуге болмайды" - дейді. Былайша айтқанда адам құқығы саласының белсенділері "бетті жабуға тыйым салу" секілді заңдар қабылдау адамның ең қарапайым еркіндігіне кепілдік беретін Еуропалық конвенцияға қайшы келеді деген ойда.
Қазіргі таңда Францияда мұсылман әйелдерінің діни парызы болып саналатын хиджап киюге көңіл аударылмай, оған тек саяси тұрғыдан қаралып отыр. Бірнеше жазушы мен зерттеуші ағылшын тілінде "Вейл" кітабын жазып, осы кітапта Батыс саясаткерлерінің мұсылман әйелдердің хиджабына сайқымазақпен қарауына сындар айтылған. Осы кітапта мұсылман әйелдердің АҚШ СІМ-нің бұрынғы орынбасары Карен Хюзбен сұхбаттары келтіріліп, былай делінген: "Хиджап кию олардың беделін түсірмейтінін және әлем бойынша әйелдер құқығының ең үлкен дұшпаны дін мен оның белгілері емес қайта - соғыс, кедейлік, білімнің жетіспеуі және отаршылдық екенін айтады." Әр адамның киімі оның мәдениеті, сенімдері және құндылықтарының белгісі[27]. Исламда әйелдердің киімі оның сенімдері мен құндылықтарын көрсетіп, әйел қоғамдық жерде өзінің денесін жабуды қалайтынын білдіреді. Былайша айтқанда Ислам діні хиджап киген әйелдер қоғамдық шараларға қатысып, кейбір бұзылған еркектердің мазалауынан аулақ болуын және оларға бір тұлға ретінде қарауды қалайды. Бірақ қоғамда жыныстық келеңсіздіктерді таратуды көздеп, әйелге бір құрал ретінде қарайтын Батыс үкіметтері Исламның жайылуынан үрейленіп, хиджапқа қарсы күрес жүргізуде. Хиджапсыз жүруден Батыстың нені көздейтіні туралы айтқан сөздерінде танымал англиялық тыңшы Хамфер былай деген: "Мұсылман әйелдер хиджапты сақтағандықтан оларды арсыздыққа тарту мүмкін емес, сондықтан мұсылман әйелдерді алдап, хиджаптан сыртқа шығару керек".
Исламда хиджап дегеніміз - әйелдің денесін бөтен еркектердің көзінен сақтайтын жамылғы және тәңірдің бұйрығы болып табылады. Алла тағала "Нұр" сүресінің 31-ші аятында және "Ахзаб" сүресінің 59-шы аятында мүмин әйелдерге пәктікті сақтау мен кейбір бұзықтардың мазалауына тап болмау үшін денелерін бөтендерге көрсетпеуді тапсырады. Осылайша қазіргі заманда дүниенің барлық аймақтарындағы мұсылман әйелдердің хиджап оларға қауіпсіздік, бедел, өз өзіне деген сенім бергеніне және олар қоғамда жыныстық тұрғыдан емес қайта тұлға ретінде таныстырылатынына көзі жетті. Сондықтан хиджап әйелдер үшін еркектерден өз қасиетін сақтаған жабық тұрған інжу тәрізді. Қазіргі таңда мұсылман әйелдер оңайлықпен қол жететіндей болмау керектігін түсінді. Өйткені оның қадір қасиеті мен қауіпсіздігіне және адами тұлғасына ауыр зиян тиеді. Сондықтан да Францияда хиджапты сақтау жолында қандай қиыншылықтар тұрса да әйелдердің исламдық киімдерге қызығушылығы артып келе жатқанын көреміз. Америкалық жазушы Венди Шелит ханым Батыс қоғамындағы қауіпті жағдайға меңзеп, әйелдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету себептерінің бірі хиджап дейді. "Мәдени тұрғыдан біз күрделі кезеңде тұрмыз. Қазір Батыс қоғамында түрлі азғырулар, ажырасу және өмірдегі мақсаттан айрылу өте көп. Қазіргі ұрпақ шектен тыс еркіндіктен шыдамы таусылды, олар нағыз адами құндылықтарды қайта аңсауда",-дейді Шелит ханым. Франция үкіметі пәренже киюге тыйым салу заңында еркектерге айыппұл қарастырумен, мұсылман әйелдер хиджапты киюге мәжбүр және олар мұндай киімді ата-анасына бағынғандықтан киеді деп көрсетпекші. Алайда әйелдер хиджапты оның рухани әсері үшін киетіндерін талай айтқан болатын. Хиджап оларға қауіпсіздік сыйлайды[28]. Сондықтан Франция үкіметі хиджапты саяси сылтау ретінде таңдап, мұсылман әйелдердің құқығын бұзбай тұрып, олардың қатысуымен еркін референдум өткізгені жөн болар еді. БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Кофи Анан 1999 жылы баршаны мұсылмандардың мәдениеті мен еркіндігін құрметтеуге шақырды. "Кез келген халық өзгелердің мәдениеті мен салт дәстүрін құрметтеуі тиіс. Сондықтан қазіргі таңда мұсылмандар өздерінің мәдениеті мен салты бұрындағыдай құрметтелуін қалайды. Біз барлығымыз басқалардың еркіндігін бұзбауға тырысуымыз керек" - деді ол. Франция үкіметі мұсылман әйелдерге шектеу қойып, өз еліндегі мұсылман азшылықпен байланысын өршіте қоймай, әлемдегі бір жарым миллиард мұсылман жамағатының ашуын тудыратыны анық.
Тарауды аяқтай отыра, әйел адамның құқығы Конститутциямен қорғалып, нормативтік актілермен құқықтың кейбір аспектілермен ерекшеленеді. Қалайда қорғау жүргізілседе олардың құқықтарының еш кемшілігі жақ заңмен сапалы қорғалу әрдайымда керек деген ойдамыз.