Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт мазмұны кіріспе 7


Жалпы төзімділікті тәрбиелеудің жас ерекшеліктері



бет5/22
Дата29.04.2023
өлшемі2.01 Mb.
#473008
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
dip -zhas-futbolshylardyn-tozimdilikke-tarbieleu-dayyndygynyn-adistemesi-2015-53

1.2 Жалпы төзімділікті тәрбиелеудің жас ерекшеліктері

12-13 жасар ұл балалардың жас ерекшеліктері және спортпен шұғылданудың олардың дене қасиеттерінің дамуына әсері


Оқу-жаттығу процесін дұрыс жоспарлау және жүзеге асыру үшін балалар организмінің қалыптасуының жас ерекшеліктерін, жоғарғы жүйке қызметінің, вегетативті және бұлшық ет жүйелерінің заңдылықтары мен даму кезеңдерін, сонымен қатар олардың әрекеттестігін ескеру қажет. Организмнің аса негізгі жүйелерінің жастық дамуының заңдылықтарын ескере отырып, жас футболшыларды үйретудің және жаттықтырудың ұтымды, ең тиімді әдістемесін саналы түрде қолданудың нәтижесінде ғана жоғары дәрежелі футболшыларды даярлау міндетін толықтай шешуге болады /1,2,4/.
Әрбір жас кезеңінің организмнің жекелеген жүйелерінің құрылысы мен функцияларында өзіндік ерекшеліктері болады, олар дене шынықтырумен және спортпен айналысуға байланысты өзгеріп отырады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің көпжылдық процесі адам дамуының жас ерекшеліктерін мұқият есепке алған жағдайда табысты жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда, бұрынғыдай болып көрмегеніндей, сабақтарды дұрыс, ғылыми негізде жоспарлау және негіздеу, ұйымдастыру үшін жас спортшылардың организмдерінің ерекшеліктерін ескеру қажет /8,13, /.
11-14 жас жас кезеңінің бірқатар физиологиялық, морфологиялық, психикалық алғышарттары бар /22, /.
Аталған алғышарттар осы жас кезеңінде потенциалдық мүмкіндіктерді ең көп жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатындығынан тұрады. Онымен қоймай, көптеген зерттеушілердің есептеуінше, осы мүмкіндіктерді пайдаланбау барлық потенциялардың жүзеге асырылмай қалуына алып келеді /22, /.
12-15 жаста жүрек-қан тамыры жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Дамудың осы бір кезеңінде жүрекке ең айқын білінетін және жылдам артатын өзгерістер тән болып келеді. Әсіресе жүрек бөліктерінің, көбірек дәрежеде сол бөлігінің салмағы әсіресе айтарлықтай өсе түседі. Жүрек қабырғаларының қалыңдығына қарағанда, оның көлемі одан да жылдамырақ арта түседі. Егер 12 жастағылардың жүрек көлемі орташа алғанда 458 мл тең болса, онда 15 жастағыларда бұл көрсеткіш енді 620 мл жетеді. Тыныштықта жасөспірімдердегі жүрек қысқаруларының жиілігі орташа алғанда 76 соққы/мин жетеді, ал қанның систолалық көлемі 25 мл-ден (8 жастағыларда) 41,5 мл дейін жетеді (15 жастағыларда), жүректің соққы көлемі арта түседі. Мәселен, 13 жасар ұл балаларда тыныштық қалпындағы пульс жиілігі 70 соққы/мин, ал жұмыс істеген кезде айтарлықтай ұлғая түседі (180-200 соққы/мин). Балалардың қан қысымы әдетте ересектерге қарағанда төменірек, 11-12 жасқа қарай ол 107/70 мм сынап бағанасына, 13-15 жасқа қарай - 117/73 мм сынап бағанасына жетеді /22, /.
Жүректің өсу мен даму қарқындары жыныстық жетілу кезеңінде әсіресе айтарлықтай болады, бұл кезде жүректің мөлшері, оның салмағы 3-5 жыл ішінде екі есе дерлік ұлғаяды. 12 жастан бастап 15-16 жасқа дейінгі жас кезеңі спортпен шұғылдануға байланысты эндокриндік қозғалыстардың және үнемі әсер етулердің әсерімен миокардтың гипертрофиясына және жүрек қуыстарының дилятациясына, кей кездері оның өлшемдерінің жаппай артуына алып келеді /22, /.
Карпман В.Л. спортшыларда жүректің үнемдірек жұмыс істейтіндігін атап көрсетеді /5/. Ересек спортшыларда жүректің күш түсуге бейімделуі жүрек қысқару жиілігі азырақ өскен кезде жүректің соққы көлемінің артуы есебінен жүреді, жасөспірімдерде күш түсуге айқынырақ білінетін пульстік реакция байқалады /10/. Жас өсе келе тыныс алу мен қан айналымы функцияларының өзара байланысын көрсететін көрсеткіштер, оттектік пульс (ОП) пен оттегін пайдалану коэффициенті (ОПК) жақсара түседі /13/. ЖЕЛ 2900-3100 мл құрайды, ал максималды өкпе вентиляциясы (МӨВ) - 100-110 л құрайды, ересектерде ЖЕЛ - 4000-5000 мл және МӨВ - 120-150 л.
Бір тыныс алу циклының ішінде жасөспірім 14 мл оттегін тұтынады, дәл сол кезде ересек адам 21 мл-ден көбірек тұтынады /13/.
12-13 жаста тыныс алу барысында қанға 3,6% O2, 14-15 жаста – 4,6% O2, 16-17 жаста – 4,5% O2 көшеді /109/. Демек, оттегінің дәл бірдей мөлшерін тұтынуды жасөспірім тыныс алу функциясының қарқындырақ режимінің есебінен жүзеге асырады. Жас өсе келе тыныс алу жиілігінің абсолютті шамасы біршама төмендейді, ал тыныс алу тереңдігі арта түседі.
12-ден 17 жасқа дейін тыныс алу аппаратының мүмкіндігі айтарлықтай арта түседі: тыныс алу көлемдері 1,5 еседен көп артады, дем алу мен дем шығарудағы ауа ағынының жылдамдығы арта түседі. Кеуде клеткасының шеңбері және оның тыныс алу қиылдарының мөлшері ілгерілеп арта түседі. Ұл балаларда 7 жастан 12 жасқа дейін кеуде клеткасының шеңбері 60-тан 68 см дейін артады, өкпенің өмірлік сыйымдылығы 1400-ден 2200 мл дейін артады. Ұл балалардың тыныс алу бұлшық еттерінің күшінің дамуы тыныс алудың көбірек тереңдігін қамтамасыз етеді, қарқынды бұлшық ет жұмысы кезінде қажет болатын өкпе вентиляциясының айтарлықтай ұлғаюы үшін мүмкіндік жасайды. Ұл балаларда жас өсе келе тыныс алу бұлшық еттерінің күші өзгереді, алайда оның ең көп артуы 11 жасқа дейін байқалады /22,24/. Бұл кезде өкпе вентиляциясының айтарлықтай артуы байқалады. Жас өсе келе ұл балаларда тыныс алу қоры да ұлғаяды. Мысалы, 11-12 жасқа қарай тыныс алу қоры 50 литрге жетеді. 15-16 жаста тыныс алу көлемі ересек адамның шамасына жетеді. Дәл сол бір адамдағы тыныс алу көлемінің ауытқуы айтарлықтай үлкен екендігін атай кеткен жөн .
Бірдей жағдайларда балалар мен жасөспірімдер денеге күш түсуіне анағұрлым айтарлықтай реакциялармен жауап береді, ұзағырақ дем алуға мұқтаж болады және ересектерге қарағанда азырақ жұмысқа қабілетті болып шығады .
Дұрыс әдістеме болған кезде жасөспірім жастағы спорттық шұғылданулар шұғылданушылардың организміне оңды әсерін береді. Бұл құбылыс екіжақты түрде: антропометриялық белгілердің арта түскен өсімі түріндегі морфологиялық өзгерістер ретінде де, жұмысқа қабілеттіліктің артуы түріндегі функционалдық қозғалыстар ретінде де көрінеді /24,25, /.
Осы жастағы ұл балалардың ең айқын ерекшелігі жыныстық жетілудің басталуын сипаттайтын физиологиялық процестердің кешені болып табылады. Организмнің дамуы мен өсуінің жоғары белсенділігі, оның дамуындағы уақытша анатомиялық-физиологиялық диспропорциялардың пайда болу мүмкіндігі, балалардың өте жоғары әсерленгіштігі, салыстырмалы түрдегі шамалы мүмкіндіктері бола отырып, үлкен іс тындыруға ұмтылыс белгілі бір шамада жаттықтырушының епті жұмысын талап етеді /26/.
Балалық жаста сүйек ұлпасының қуатты өсуі жүреді. 14 жасқа қарай, сүйек ұлпасының сүйектену және анатомиялық қайта құрылу процестері жалғасып жататындықтан, тірек аппаратының негізгі элементтерінің микроқұрылымы әлі де тұрақтанбайды /61/. Сүйектену процесі өте ұзаққа созылады, ол организм дамуының бүкіл кезеңінде өрбиді де, 20-25 жасқа қарай аяқталады /81/. 14 жасқа қарай жамбас сүйектері түзіліп бітеді, бел бөлігіндегі омыртқаның тұрақты қисықтығы орнығады, омыртқааралық буындардың шеміршек сақиналарының азаюы жүреді. Бұл сабақтарда күшті және жылдамдық-күш қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған, ауыр заттармен жасалатын жаттығуларды қолдануға мүмкіндік береді.
Жасөспірімдердегі дене салмағының орташа жылдық өсімі 4-5 кг, бойының өсім - 4-6 см; кеуде клеткасының шеңберінің өсімі - 2-5 см /101/.
Жүйке жүйесінің, әсіресе қимыл талдағышының дамуында аса маңызды роль организмнің оған сыртқы ортаның әсер етуіне сәйкес әрекетіне себепші болатын қаңқа бұлшық еттерінің функциясына тиесілі. 14-15 жасқа қарай бұлшық еттер өздерінің функционалдық қасиеттері бойынша ересек адамның бұлшық еттерінен шамалы ғана ерекшеленеді. Аяқтар мен қолдардың бұлшық еттерінің бірқалыпсыз дамуы жүреді. 12 жасар ұл балалардың бұлшық еттерінің салмағы дене салмағының 29,4%-ын құрайды, 15 жаста – 33,6% құрайды, бұлшық еттердің абсолютті және салыстырмалы күші арта түседі /22,24, /. 12-15 жасар ұл балалардың күшінің айтарлықтай өсуі байқалады, бұл кезде бәрінен бұрын ірі бұлшық еттер дамиды, бүккіш бұлшық еттердің тонусы жазғыш бұлшық еттердің тонусынан басым келеді /59,101/. Сондықтан жасөспірімдерде денені ұқыпсыз, салдыр-салақ ұстауды және нашар мүсінді байқауымызға болады, бұл басты төмен салбыратудан, еңкіштіктен, құрсақ қабырғасын шартитудан және «қанат тәріздес» жауырыннан көрінісін табады. Осы жаста мүсінді тәрбиелеумен жасалатын жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп отыруға тиіс. Бұлшық еттердің, әсіресе дене мен аяқтардың үлкен бұлшық ет топтарының күші анағұрлым арта түседі. 14 жасқа қарай, әсіресе ұл балаларда айтарлықтай шамаларға жететін бұлшық ет күші ауырлықтарды көтеру және т.б. секілді жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді /11,12, /. Күш салу біртіндеп арта түскенде және мұқият түрде дербес жаттыққанда бұл жаттығулар қаңқаның дамуындағы қандай да ауытқуларды тудырмайды және жақсы жаттығу әсерін береді /25,26, /.
Күшті тәрбиелеген кезде негізгі көңіл бүкіл қимыл аппараты бұлшық еттерінің топтарын нығайтуға, әсіресе әлсіз дамыған бұлшық еттерді: қарынның бұлшық еттерін, дененің қиғаш бұлшық еттерін, қолдардың бұратын бұлшық еттерін, жамбастың артқы бетінің бұлшық еттерін және аяқтардың әкелетін бұлшық еттерін күшейтуге шоғырлануға тиіс /74,10/.
12-13 жасар ұл балалардың жас ерекшеліктерін талдау осы кезеңнің дене қасиеттерінің қауырт дамуымен сипатталатындығы, потенциалдық мүмкіндіктерді мейлінше көбірек жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлардың жасалатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Спортпен шұғылдану жасөспірімдердің организмінің барлық жүйелерінің дамуына және оның функцияларының қалпына келуіне айқын білінетін оңды әсерін тигізеді /22,34, /. Жаттығу сабақтарының жасөспірімдердің аэробтық мүмкіндіктеріне оңды әсері туралы 12-13 жасар жас футболшыларда дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттілігінің спортшы еместермен салыстырғанда 8-10%-ға жоғары келетіндігі фактісі айтады /5/. Футболмен жүйелі түрде шұғылдану жаттығудың бірінші кезеңдерінде – 14 жасқа дейін жасөспірімдердің кардио-респираторлық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін ең айтарлықтай кеңіейте түседі /1,,5,24/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет