Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт мазмұны кіріспе 7


Футболдағы жарыстағы және жаттығудағы күш салудың әсерін бағалау



бет8/22
Дата29.04.2023
өлшемі2.01 Mb.
#473008
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
dip -zhas-futbolshylardyn-tozimdilikke-tarbieleu-dayyndygynyn-adistemesi-2015-53

Футболдағы жарыстағы және жаттығудағы күш салудың әсерін бағалау
Жаттығу процесінің барысын тиімді басқару спортшылардың физикалық жұмысқа қабілеттілігінің жағдайы және қолданылатын жаттығудағы және жарыстағы күш салулардың қол жеткізілетін әсері туралы дәл ақпарат болған кезде ғана мүмкін болады /18/.
Жарыстағы және жаттығудағы күш салулардың әсерлері уақыт бойынша гетерогенді /18,42,95,96/. Организмде жүріп жататын биохимиялық өзгерістердің сипатын ескере отырып, мыналарды ажырату қабылданған /18,19,42/:
- шұғыл жаттығу әсері, оның мәнін тікелей жаттығуды орындау кезінде және оттектік қарызды өтеу жүретін демалыстың ең жақын кезеңінде байқалатын биохимиялық өзгерістер құрайды.
- қалпына келудің кейініректегі сатыларында байқалатын, кейінге қалдырылған, яғни мерзімі ұзартылған жаттығу әсері. Оның мәнісін жұмыс істеу кезінде шығындалған энергетика ресурстарын орындауға және бұзылған мен қайтадан синтезделетін ақуыз құрылымдарын жедел қалпына келтіруге бағытталған процестер құрайды.
- кумулятивті, яғни жинақтаушы жаттығу әсері, мұнда жаттығудың ұзақ кезеңі бойында жүретін биохимиялық өзгерістер жүзеге асырылады. Ол жекелеген жаттығу сабақтарының көп сандарының жедел және кейінге қалдырылған әсерлерін қосу нәтижесі ретінде пайда болады.
Организмдегі биохимиялық жылжулардың шамасы мен бағытталғандығы орындалатын жаттығулардың сипатына, олардың қарқындылығы мен ұзақтығына, демалыс аралықтары мен жаттығуларды қайталану санының шамасына байланысты. Денеге күш түсудің тізіп көрсетілген, қолданылатын жаттығу тәсілдері мен әдістерінің спортшының организміне әсерін анықтайтын көрсеткіштерімен қатар, сонымен қатар жаттығуларды орындау жағдайлары /82,95,96/ және аэробтық және анаэробтық потенциялардың дамуының бастапқы деңгейі /186,42,128,135,143/ де маңызды мәнге ие болуы мүмкін.
Аэробтық мүмкіндіктерді дамытқан кезде негізгі міндет жұмыс пен демалыстың оптималды үйлесімін іріктеп алудан тұрады. Шамамен келесі сипаттамалар қабылданған:
а) жұмыстың қарқындылығы шамамен алғанда максималды қарқындылықтан 75-85% деңгейінде болуға тиіс. Одан жоғары қарқындылық тыныс алуға – тотықтандырғыш фосфорилирленуге қысым көрсетеді /16,18,19/, сондықтан қарқындылық жұмыстың аяғында пульс жиілігі минутына 180 соққыға жететіндей болуға тиіс. Пульс жиілігі 180 соққыдан төмен болатын төмен қарқындылықтағы күш салулар аэробтық мүмкіндіктердің айтарлықтай артуына алып келмейді;
б) тек қана осы жағдайларда оттегі қарызы шамасы және оттегін максималды тұтыну демалыс кезінде байқалатындықтан, жұмыстың ұзақтығы 1,5 минуттан аспауға тиіс /45,501/;
в) демалыс аралықтарын қарқындылығы шамалы жұмыспен толтырып отыру ұсынлады, бұл тыныштықтан жұмысқа және кері бағытқа көшуді жеңілдетеді, сонымен қатар қалпына келу процесін біршама жеделдетеді. Осының бәрі жұмыстың үлкен көлемін орындауға мүмкіндік береді /43/;
г) демалыс аралығы 3-4 минуттан аспауға тиіс /15,16/;
д) қайталаулар саны шұғылданушылардың функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес іріктеп алынады, бұл жоғары деңгейде оттегін тұтынудың тұрақтануы жағдайларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Күш түсіруді мөлшерлеген кезде кідірістің аяғына қарай минутына 120-140 соққы болатын пульс көрсеткіштерін басшылыққа алады /42/.
Организмдегі биохимиялық өзгерістердің шамасы мен бағытталуы бойынша көбінесе аэробты әсердегі, аралас аэробты-анаэробты әсердегі, анаэробты гликолиздік әсердегі және анаэробты алактаттық әсердегі күш салулар бөлініп көрінеді /18,19, /.
Жаттығулар қарқындылығының 5 аймағын бөліп көрсету ұсынылады:
1 аймақ – «төзімділік шекарасынан» төмен жатқан, төмен қарқындылықтағы күш салулар (ОМТ-дан 50%);
2 аймақ – «төзімділік шекарасынан» ПАНО-ға дейінгі шектерде жатқан, орташа қарқындылықтағы күш салулар;
3 аймақ – ПАНО – «сындарлы жылдамдық» аймағында жатқан, үлкен қарқындылықтағы күш салулар;
4 аймақ – «сындарлы қуаттылық» аймағынан біршама төмен жатқан, максималды қарқындылықтағы күш салулар (сындарлының үстіндегі қуаттылық).
Ю.П.Ильичев (2 кесте) қызықты материалдар алған. Ол футболшылардың ойындағы қозғалыс әрекеттерінің әртүрлі қарқындылықтарының абсолютті және салыстырмалы шамаларын анықтады, осылайша жаттығуда қандай да бір қарқындылықты қандай көлемде пайдаланған жөн екендігін алғаш рет көрсетіп берді /8/.
2 кесте
Футболшылардың қимыл әрекетінің қарқындылығының, уақытының және сипатының ара қатынасы (орташа шамалар) /Ильичев Ю.П. - 48/

Қимыл әрекетінің қарқындылығы

Уақыт, мин

Ойынның жалпы уақытына %-бен

Қашықтық, м

Жалпы қашықтыққа %-бен

Шамалы
Орташа

40,4-64,2
52,0

45-75,3

4150

45,0

Қалыпты
Орташа

8,2-35,4
22,0

9-40,0

4626

52

Орташа
Орташа

0,45-3,00
2

0,9-3,4

577

1,5

Үлкен
Орташа

0,15-2,10
1,5

0,25-2,3

203

0,6

Максималды
орташа

0,13-3,4
2,3

0,2-3,8

354

0,9

Осы педагогикалық бақылаулар футболшылардың жаттығудағы және жарыстағы күш салуларының қауырттылығын физиологиялық зерттеулермен расталған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет