Футболшылардың төзімділігінің физиологиялық сипаттамасы
Физиологиялық факторлар тұрғысынан алғанда төзімділік жүйке орталықтарының функционалдық тұрақтылығымен, қозу мен тежелу процестері арасындағы қажетті қатынасты ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігімен анықталады; сонымен бірге, төзімділік түрлерінің көпшілігі организмнің жүрек-қан тамыры, тыныс алу және өзге де вегетативті жүйелерінің әрекетке қабілеттілігімен, алмасу процестерінің үйлесімділігімен, қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың функцияларының қажетті координациясымен , сонымен қатар организмде энергетикалық ресурстардың бар болуымен және оларды аэробты алмасу жағдайларында пайдалану мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі /14,12/.
Шаршап – шалдығу жұмыстың нақтылы түрлерінде әртүрлі көрініс табатындықтан, төзімділік спецификалы болып келеді /20/. Жалпы және арнайы төзімділікті ажыратады.
Жалпы төзімділік – бұл бұлшық еттер топтарының көпшілігін жұмысқа тартатын, орташа қуаттылықтағы динамикалық жұмысты ұзақ уақыт орындай білу қабілеттілігі. Жалпы төзімділік кардио-респираторлық және эндокринді жүйелердің өнімділігімен, орталық жүйке жүйесінің ұзақ уақыт импульстеудің салдарынан шектен тыс тежелуге тұрақтылығымен анықталады. Жалпы төзімділіктің энергетикалық негізі аэробтық процестер болып табылады.
Футболда, қарқындылығы шамалы жұмыстың ұзаққа созылмайтын аралықтарымен кезектесіп отыратын, қысқа мерзімді, қарқындылығы жоғары, сан мәрте қайталанатын жұмыс кезінде тыныс алу процестері жалпы энергоөнімде көбірек үлес салмақ ала бастайды. Жұмыс кезіндегі тыныс алу процестерінің қуаттылығына жинақталатын О2-қарызының шамасы және салыстырмалы немесе толықтай дем алу кезеңдеріндегі О2-қарыздарын жою жылдамдығы байланысты болып келеді /17,18, /.
Организмнің өнімділігін оттегін максималды тұтыну (ОМТ) шамасы ең көп дәрежеде сипаттайды. Аэробты өнімділік тыныс алу мен қан айналымының, сонымен қатар қан жүйесінің функционалдық қабілеттілігіне байланысты болып келеді. Сондықтан ОМТ-ны анықтау – организмнің осы бір аса маңызды функцияларының даму диапазондарын анықтаудың сенімді әдісі /44,130,158/. Жас өсе келе жұмыстың ұзақтығы мен шекті қуаттылығы ОМТ шамасына қатаң параллель арта түседі. Жаттығу барысында аэробтық өнімділіктің артуы «оттектік каскадтың» барлық шектеуші жүйелерінің жетілдірілуімен байланысты болып келеді. Оттегінің үлкен көлемін тұтыну мүмкіндігінің, 18-25 жаста максимумға жете отырып, жас өсе келе өзгеретіндігі және дененің салмағына, жынысқа, орындалатын жұмыстың түріне байланысты болып келетіндігі анықталған /42/. Жоғары ОМТ көрсеткіші, әдетте, ең жоғары жұмысқа қабілеттілікпен үйлеседі. Мысалы, 12-13 жасар ұл балаларда ең көп жұмысқа қабілеттілік ОМТ-ның жоғарырақ деңгейімен үйлесімін табады. Еркек жынысты адамдар үшін ОМТ нормасы 51 мл/мин/кг тең болады. Бұл ретте 6 жастан 11 жасқа дейін юұл көрсеткіш тұрақсыз, ал 11-14 жасар адамдарда нормаға жуық ұсталынып, осыдан кейін құлдырау жүреді. ОМТ-ның жоғарғы деңгейін ұл балалар 13 жасында табады – 53,13 мл/мин/кг. Аэробтық энергетиканың рекордты қуаттылықтары жасөспірімдерде 67-69 мл/мин/кг жетеді /93/.
13-15 жасар жасөспірім спортшыларда ОМТ шамасы, спортшы емес жасөспірімдерге қарағанда, ересектерге көбірек шамада жақындайды /13,18,19/. Мысалы, 14-15 жасар суда жүзушілерде үлкен жаттығу күш салуларын қолдану жағдайларында ОМТ 4-5 л/мин дейін артады (дене салмағының 1 килограмына 60-70 мл), ал жаяу жүрушілерде – 3,5-4 л/мин дейін артады (дене салмағының 1 килограмына 50-60 мл) /22/. 12-13 жасар жас футболшыларда 3,5-3,8 л/мин тең (53-58 мл/кг . мин) ОМТ шамалары тіркелген. Дәл сол уақытта футболдан КСРО құрама командасының ойыншыларында салыстырмалы ОМТ шамалары бар-жоғы 56,2 53-58 мл/кг . мин құраған /115/. Максималды аэробты қуаттылықтың айтарлықтай көп мәндері әлем мен Еуропаның жетекші командаларының футболшыларында байқалған. Мысалы, ОМТ шамасының орташа мәндері 1974 жылғы әлем чемпиондары, ГФР құрама командасының ойыншыларында 4,067 л/мин құраған /68/, осы команданың бірқатар жетекші ойыншыларында (Брайтнер, Д.Мюллер, Шварценбек, Бонхоф, Оверат) ОМТ-ның 60 мл/кг . мин мәнінен асып түсетін көрсеткіштер байқалған. Мюнхенде өткен 1974 жылңы әлем чемпионатына қатысушы Польша құрама командасының ойыншыларында ОМТ шамасының орташа мәндері 59,5 мл/кг . мин құраған, ал жетекші ойыншылардың қатарында 62 мл/кг . мин асып түсетін мәндер байқалған /88/.
Әдебиет мәліметтерін талдау ОМТ-ның салыстырмалы көрсеткіштерінің жас айырмашылықтары әлсіз анықталатынын көрсетті: балғын спортшыларда бұл шама ересек спортшылардың мәліметтерінен шамалы ғана ерекшеленеді /22/.
Біліктілігі жоғары футболшыларды тексеру нәтижелері ОМТ-ның шамамен 65-70 мл/кг . мин мәндеріне қол жеткізу – ойындағы жоғары жұмысқа қабілеттіліктің қажетті шарты деп есептеуге негіз береді /4/.
Дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттілігін бағалау үшін бірқатар функционалдық сынамалар қолданылады, осылардың ішінде соңғы жылдары кең таралымды PWC170 тесті – велоэргометриялық және жүгіру варианттары алды /5/.
Сынама жүрек қысқаруларының жиілігі мен денеге күш түсудің қуаттылығы арасында анық, параболалық өзара байланыс байқалатындығынан тұратын заңдылыққа негізделеді /51/. Осылайша, PWC170 шамасы неғұрлым көбірек болса, спортшының жұмысқа қабілеттілігі соғұрлым жоғарырақ болады.
11-18 жасар футболшылардың даярлығын дербес бағалау үшін жасын және дене салмағын ескере отырып, физикалық жұмысқа қабілеттіліктің стандарттары (велоэргометриялық сынама) жасап шығарылған /55/.
PWC170 тестінің жүгіру вариантын жас футболшыларда физикалық жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтаған кезде қолдану туралы мәліметтер ғылыми-әдістемелік әдебиетте жоқ болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |