Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»



бет2/31
Дата06.10.2022
өлшемі1.6 Mb.
#462084
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Махан Асел Visual basic программалау тілінде стандартты емес формаларды құру жолдарын оқытуға арналған көмекші электронды оқу құралын жетілдіру диплом жұмысы

Тақырыптың өзектілігі: Кез келген программалау тілі бұл адам жасаған жасанды тіл. Яғни берілгенді өңдеу мақсатында қандай да бір анықталған мақсатты орындау. Өңделіп, орындалатын тапсырманың ауқымдылығына қарай программалау тілі де әмбебап болу керек. Бір жағынын бұл әмбебабтылық кейбір нақты есеп шешуге, пайдалануға жарамсыз болуы мумкін . Әр есептің түріне сәйкес өзінің тілдері қарастырылады. Мәселен шығарылатын есептер үшін ФОРТРАН, БЕЙСІК-ті айтуға болады. Кез келген программалау тілін сипаттауда оның өзіндік алфавиті, синтаксисі болады. Тілдің алфавиті программа құру кезінде пайдаланатын символдардың жиынтығы. Синтаксисі-еcептерді шешуде әртүрлі алгоритм жасауға болатын арнайы кострукциялық символдардан құралған тәртіпті анықтайды. Ендігі бір программалаудың негізгі ұғымы-оператор. Оператор деп белгілі бір әрекетті орындататын компьютерге берілетін бұйрықты айтамыз. Сонымен осындай программалау тілдерінің ең көп таралғандарының бірі-алгоритмлік тіл – бейсік тілі болып табылады. Оның аты ағылшын тілінен қысқартылған BASIC-Beginners All-Purpose Symbolic Instructional Code сөзін береді. Біз осы бейсік тілінің дамыған түрі-Windows жүйесінде программалауға арналған – Visual Basic тілін қарастырайық.
Ыңғайлы программалау тілінің шығуына сәйкес ғылымның көптеген салаларында, өнеркәсіпті басқаруда, компьютерді пайдаланып жұмыс атқару айтарлықтай өзгерістер алып келді.
Программаларда атқаратын қызметіне байланысты қолданбалы, жүйелік және аспаптық деп үш топқа бөлуге болады.
Қолданбалы программалау түрлі қызмет атқарады. Қолданбалы программаларда меню, бұйрық және терезе ұғымы қолданылады.
Программада атқаратын қызмет түрлерінің жиыны меню деп аталады. Телевизор-информациямен жұмыс істеуге арналған экран ауданы, ол тіктөртбұрышты жиекпен қоршалады және арнайы элементтерден құралады. Программа мазмұны осы тіктөртбұрышты аудан ішінде ғана көрсетіледі. Мәтіндерді өңдеуге, безендіруге, басуға, сурет салуға, есептеулер жүргізуге, инфомациялар массивін өңдеуге түрлі қолданбалы программалар жасалған. Мысалы: Microsoft Word, Microsoft Excel, Abode, PhotoShop, Harvard Graphics, Reflex, Microsoft Access, AutoCad т.б.
Компьютерде программалардың жұмысын қамтамасыз ететін, компьютердің барлық құрылғыларын бір жүйеге байланыстыратын программалар жиелік программалар деп аталады. Жүйелік программалар информациямен ыңғайлы жұмыс істеу үшін қосымша жұмыс атқарады: компьютердің жұмысын тексереді, компьютер туралы анықтама береді, информацияларды өшіріп, сақтап және көшірмесін дайындауға мүмкіндік береді.
Бізде кең тараған операциялық жүйелер ретінде MS DOS, WINDOWS жүйелерін және одан жоғары версияларын атауға болады.
Аспаптық программалар деп жаңа программа жазуға арналған программалық жүйелерді айтады. Программалық жүйелерді алгоритмдік тілдер немесе программалық тілдер деп атайды. Қазіргі кезде алгоритмдік тілдердің өз компиляторы(тұтас программаны машина кодтарына аударып, орындайды), интерпретаторлары(программа жолдарын тексеріп, машина кодына аударып, біртіндеп орындайды), редакторлары(программа мәтінін жазып, түзетуге болады) бар. Кең тараған программалар жүйесі ретінде:Turbo Pascal, Microsoft C, Turbo C, Turbo C++, Microsoft Basic, Visual Basic, Delphi т.б. атауға болады.
Сонымен түлектік жұмыстың мақсаты:

  • Visual Basic 6 программалау тілін, жан-жақты сипаттау;

  • Жаңа үйренушіге программалау тілінің басқару элементтерін, қасиеттерін, тиімді әрі орынды пайдалана отырып, қажетті нәтижеге жете білуге даярлау;

  • Өз ойындағыдай Visual Basic ортасында программа құруға бағыт-бағдар беру;

  • Visual Basic 6 тілінің басқару элементтеріне, тышқанмен атқарылатын оқиғалар, IDE интегралды ортасында қолданушы өз қосымшасын құра алатындай етіп түсіндіру;

  • Visual Basic 6 программалау тілінде стандартты емес формаларды құру жолдарын түсіндіру

  • Келтірілген мысалдарды оқушы немесе үйренушіге орындата отырып, қасиеттердің жұмысымен таныстыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет