Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»



бет30/31
Дата06.10.2022
өлшемі1.6 Mb.
#462084
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Махан Асел Visual basic программалау тілінде стандартты емес формаларды құру жолдарын оқытуға арналған көмекші электронды оқу құралын жетілдіру диплом жұмысы

Қолданбалы программалау түрлі қызмет атқарады. Қолданбалы программаларда меню, бұйрық және терезе ұғымы қолданылады.
Программада атқаратын қызмет түрлерінің жиыны меню деп аталады. Телевизор-информациямен жұмыс істеуге арналған экран ауданы, ол тіктөртбұрышты жиекпен қоршалады және арнайы элементтерден құралады. Программа мазмұны осы тіктөртбұрышты аудан ішінде ғана көрсетіледі. Мәтіндерді өңдеуге, безендіруге, басуға, сурет салуға, есептеулер жүргізуге, инфомациялар массивін өңдеуге түрлі қолданбалы программалар жасалған. Мысалы: Microsoft Word, Microsoft Excel, Abode, PhotoShop, Harvard Graphics, Reflex, Microsoft Access, AutoCad т.б.
Компьютерде программалардың жұмысын қамтамасыз ететін, компьютердің барлық құрылғыларын бір жүйеге байланыстыратын программалар жиелік программалар деп аталады. Жүйелік программалар информациямен ыңғайлы жұмыс істеу үшін қосымша жұмыс атқарады: компьютердің жұмысын тексереді, компьютер туралы анықтама береді, информацияларды өшіріп, сақтап және көшірмесін дайындауға мүмкіндік береді.
Бізде кең тараған операциялық жүйелер ретінде MS DOS, WINDOWS жүйелерін және одан жоғары версияларын атауға болады.
Аспаптық программалар деп жаңа программа жазуға арналған программалық жүйелерді айтады. Программалық жүйелерді алгоритмдік тілдер немесе программалық тілдер деп атайды. Қазіргі кезде алгоритмдік тілдердің өз компиляторы(тұтас программаны машина кодтарына аударып, орындайды), интерпретаторлары(программа жолдарын тексеріп, машина кодына аударып, біртіндеп орындайды), редакторлары(программа мәтінін жазып, түзетуге болады) бар. Кең тараған программалар жүйесі ретінде:Turbo Pascal, Microsoft C, Turbo C, Turbo C++, Microsoft Basic, Visual Basic, Delphi т.б. атауға болады.
Сонымен түлектік жұмыстың мақсаты:

  • Visual Basic 6 программалау тілін, жан-жақты сипаттау;

  • Жаңа үйренушіге программалау тілінің басқару элементтерін, қасиеттерін, тиімді әрі орынды пайдалана отырып, қажетті нәтижеге жете білуге даярлау;

  • Өз ойындағыдай Visual Basic ортасында программа құруға бағыт-бағдар беру;

  • Visual Basic 6 тілінің басқару элементтеріне, тышқанмен атқарылатын оқиғалар, IDE интегралды ортасында қолданушы өз қосымшасын құра алатындай етіп түсіндіру;

  • Visual Basic 6 программалау тілінде стандартты емес формаларды құру жолдарын түсіндіру

Келтірілген мысалдарды оқушы немесе үйренушіге орындата отырып, қасиеттердің жұмысымен таныстыру;Интегралдық құралсыз Visual basic программалау ортасында жұмыс істеу өте қиын. Проектілеу процесінде блок-схема салу және программаны қағазға жазу, одан кейін оларды пернетақтадан бір-бірлеп теруге ура келеді. Ал Visual basic тілінде қосымша ждасау процессін оңайлататын өте көп интегралды құралдар бар. Олар, яғни құралдар қосыла отырып интегралданған жұмыс ортасын құрады.
Visual Basic тілінің көмегімен Windows-қа басқа тілдерде программист немесе эксперт болмай-ақ, оңай әрі тез қосымша құруға болады. Visual Basic-те графикалық орта бар. Оның көмегңмен біздің қосымшамызда қолданылатын басқару элементтерін, экрандық форманы құруға болады. Visual Basic 6 негізінен Internet-ке арналып жасалған.
Сондай ақ Visual Basic тілінің көмегімен стандартты емес курделі кез- келгер формаларды құруға болады. Менің түлектік жұмысымда қарастырған күрделі формалар немесе қызықты программалар бұл тілді оқып үйренушілерді қызықтыра түсеріне кәміл сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет