Эвристикалық немесе «Сократ» әдісі. Бұл әдісті оқыту үрдісіне келелі мәселе қоя отырып (проблемды) оқыту әдісіне де жатқызады. Бұл,әдіс, негізінен сұрақ – жауапқа құрылады. Әңгіме әдісі орыс мектептерінде жаңа білімді хабарлау, алған білімді бекіту, тексеру сияқты сабақтың барлық буындарында қолданылады. Жаңа білімді хабарлау кезіндегі әңгіме әдісі оқушыларды алдында алған біліміне сүйенуге болатын жағдайда ғана қолданылады. Әңгіме арқылы материалды игертудің 2 логикалық жолы бар: индуктивті (ережелерден тіл фактілерін талдауға көшу), дедуктивті (тіл фактілерін талдау арқылы ереже, анықтамаларды баяндау).
Әңгіме сыртқы түрі жағынан жеңіл көрінгенімен, ішкі мазмұны күрделі оқытудың әдісі. Бұған мұғалімнің мұқият даярлығы, материал мазмұнын оқушы ұғымы үшін лайықтылығы, қызықтылығы ескерілуі керек. Осы орайда теориялық материалды практикалық мақсатта түсіндіруде іріктелінетін материалдың, сөйлесулердің (диалог), мәтіндердің оқушы танымы арттыратындай, ойына түркі салатындай, өзінеше әсер ететіндей, қызықтыратындай мазмұнда болуы қажет.
Оқушылар арасындағы сұрақ – жауап әңгімені екі түрлі ұйымдастыруға болады – тізбек бойынша әңгімелесу, яғни дайындалған тақырып бойынша оқушыдан оқышуға ауысатын сұрақ пен жауап формасында (жолдасы қойған сұраққа жауап бере отырып, оқушыға кейінгіге сұрақ қояды және.) немесе екі – үш оқушы арасындағы мұғалім көрсеткен күнделікті өмірдегі белгілі жағдай аясында (фонында) өтетін сахналанған әңгіме түрінде.
Өз кезегінде сахналанған әңгімелер екі түрлі болып: а) дайындалған сахналық әңгіме (мұнда әңгіме жағдайы оқулықта ертерек беріліп, оқушы әңгіменің жалпы тұжырымын үйде ойластыра алады; ә) дайындықсыз спонтандық сахналанған әңгіме (мұнда жағдай оқытушының жүргізетін әңгімесінің алдында ғана белгілі болады) түрінде өтеді.
Сахналанған әңгімелердің екі түрі де тиімді және пайдалы екенін айта кету керек. Олардың мазмұны болып оқушының сөйлеу әрекетін табиғи қатынасқа жақындадатын шын жағдайлар саналады. Олар оқушыларда өз күшіне сенімділік, сөйлеу батылдығын, тілдік қатынастың жылдам өзгеріп отыратын жағдайларында қажет құрылымды тауып, оны лексикамен толықтыру іскерлігін қалыптастырады, сөйлеу нәтижесінде оқудың берілген сатысында жаттығулардың осы түрі жиі қолданылады. Осы тұрғыда ауызша тілдің дамуына ықпал ететін жаттығулар түрінің құндысы болып картина, сурет, тірек конспект, иллюстрацияларды немесе видео көріністі суреттеу және оларға түсінік беру саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |