Дипломдық ЖҰмыс 5В011700-«Филология:қазақ тілі мен әдебиеті»


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет4/7
Дата28.11.2022
өлшемі47.46 Kb.
#465933
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Диплом

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сәкен Жүнісов шығармашылығы Е.Молдасановтың «С.Жүнісовтің «Ақан сері» романы тілінің көркемдік ерекшеліктері», Н.Нығметованың «С.Жүнісовтің драмалық шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері» атты зерттеу еңбектерінде С.Жүнісовтің «Ақан сері» романы мен драмалық шығармалары көркем әдеби тіл тұрғысынан зерттелген. Осыған орай С.Жүнісов шығармаларының тілдік тұрғыдан алғанда өзіндік ерекшеліктері айқын болғанымен, оның прозалық шығармаларына танымдық тұрғыдан баға берудегі жазушының тілдік тұлғасының ұлттық танымдық болмысы мен тілдік табиғатының арнайы зерттелмеуі осы диплом жұмысының жазылуына себеп болып, өзектілігін айқындайды.
Зерттеу еңбегімізде жазушының прозалық шығармаларындағы тілдік бірліктердің қолданыс даралығын когнитивтік модель қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар деп қарастырамыз. Көркем әдебиеттегі кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін біріктіре отырып, оны антропоцентристік аспектіде, заман ерекшелігіне сай адам танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу осы кезеңге дейін қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада толық қарастырылмағаны белгілі. Осыған байланысты көркем шығарма авторы мен оның кейіпкерлерінің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы когнитивтік құрылым тұрғысынан ғылыми талдау жасау қай уақытта болса да өзекті әрі маңызды мәселе болмақ.
Тіл білімінің когнитивтік бағыты ақиқат дүниенің санадағы таңбасын зерттеуді қолға алғаннан бастап-ақ, қазақ тіл білімінде де көркем мәтін тіліне ұлттық мәдени таным өрістері мен әлемнің тілдік бейнесі тұрғысынан концептуалдық талдаулар жасала бастады. Осы орайда тұтас бір ұлттың рухани бірлігі деңгейіне көтерілген және жалпы адамзаттық құндылықтарды ұлт бойына сіңіруде өлшеусіз қызмет атқарған тұлға ретінде Сәкен Жүнісов прозалық шығармаларын тілдік таным тұрғысынан танытудың маңызы зор. Жазушы прозалық шығармаларының табиғатын тіл ғылымының жаңа қырынан танытып қана қоймай, әлемнің ұлттық тілдік бейнесін жасаудағы қаламгердің шеберлігі, сөз қолдану даралығы мен оның тілдік дәстүр жалғастығын концептілер өрісін талдау арқылы айқындауға болады. Осымен байланысты ұлттық тілдік тұлға мұрасын лексика-семантикалық деңгейде ғана сипаттап қоймай, оның ұлттық мәдени құндылықтарын, ұлттық ділді, ұлттық психологияны терең меңгерген және оны келер ұрпаққа бере алар тұлға екендігіне баса назар аудару – қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытына сәйкес өзекті мәселелердің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет