ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011700-«Филология:қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Шымкент, 2022 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
ф.ғ.к., доцент Б.Тасполатов
________________________
«____» 2022
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың ұлттық педагогикалық мұрасы
5В011700- -«Филология:қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Орындаған
Фи-18-1К1 тобының студенті Азимбаева Айгерім
Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.к., аға оқытушы Жолдасбек Л.О.
Шымкент, 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I тарау Ш.Х.Сарыбаевтың ғылыми-шығармашылық өсу жолдары
Ш.Х.Сарыбаев – қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің негізін қалаушылардың бірі.
Ш.Х.Сарыбаевтың ұстаздық тәжірибесінің оның әдістемелік идеяларының тууына әсері
Ш.Х.Сарыбаевтың ғалым ретінде қалыптасуы мен танылуы
II тарау Ш.Х.Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми еңбектері
Ш.Х.Сарыбаевтың қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми еңбектері
Ш.Х.Сарыбаевтың орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми еңбектері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Кез келген тілдің ұлттық ерекшелігін шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан дәуірдегі жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты. Бұл туралы алғашқы ойлар В.Гумбольдт, И.А.Бодуэн де Куртенэ, В.А.Звегинцев, В.И.Кодухов еңбектерінде анық көрсетілген [1].
Қазақ тілтанымының өзегін адамзаттың өмір сүру, қоғамда тіршілік ету ұстанымдары, жеке этностық құндылықтары мен мәдени нормалары құрайды, өйткені зерттеушілер назарына іліккен тілдік фактілердің көпшілігі лексикалық бірліктердің мағынасын халықтық пәлсапамен тығыз қарым-қатынаста айқындау, адамның шығармашылық қабілетін жеке биологиялық мүмкіндіктерімен, өмірден көрген-түйгенімен байланыстыру, тіл тарихы мен тілдік категорияларды адамзат танымы арқылы түсіндіру, сол арқылы жекелеген тұлғалардың пікір-көзқарастарын зерделеу, оларды ой мен когниция, жады мен зерде, зейін мен білім жемісі деп қарау арқылы шешімін тауып отыр.
Тіл мен таным сабақтастығының ерекше қызметі негізінде көркем тіл белгілерін зерттеу қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен үндесіп, өзекті мәселелер ретінде сипатталады. Осыған орай қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Сәкен Жүнісовтің прозалық шығармаларындағы әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем қолданысын қоғамдағы ойды таныту құралы, әлеуметтік таңба ретінде қарастыру арқылы жазушы тілін тілдік тұлға деңгейінде зерттеу – жұмысымыздың басты да өзекті бағыты.
Достарыңызбен бөлісу: |