Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата24.02.2022
өлшемі0.89 Mb.
#455741
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді 
тұрғын үй жүйесін дамыту 
Елімізде мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау кӛрсетіліп 
келеді. Сондықтан болар Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын 
дамытуды кӛздейтіні де бекер емес. Жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында 
жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, 
ӛйткені жастар қоғамның бір бӛлігі ретінде мемлекетте маңызды рӛл 
атқарады. Қазіргі таңда «Жас отбасы», «7-20-25» бағдарламасы аясында 


22 
баспана болудың мүмкіндіктері, Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен 
сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту 
бағытындағы бағдарламалардың барлығы еліміздің жастары үшін барлық 
ӛңірлерде жүзеге асырылып жатыр. 
2016 жыл желтоқсанда еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған, 
Тұңғыш Президенттің қатысуымен Астанада жастардың кезекті форумы ӛтті. 
Осы форумда Н.Ә. Назарбаев: «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі ӛмірі 
мен болашағы үшін қам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы 
болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, 
жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар», – деді. Сӛйтіп, ӛзінің кезекті 
сӛйлеген сӛзінде Президент жастар алдына таяу болашаққа қатысты айқын да 
түсінікті міндеттер қойып, ойларын бӛлісті, ел тағдыры, оның дамып, ӛзгеріп 
жатқан әлемдегі орны жайында баяндады. Оған қоса, бұл міндеттердің 
жастарымыздың ӛмірде де, еңбекте де дұрыс шешімдер қабылдауы үшін 
кӛмегі тиетініне деген сенімін білдірді.
Бірақ жас мамандардың, жас отбасылардың баспаналы болуын тездететін 
тетіктерді қайта қарап, жеңілдік қарастырылса, артықтық етпейді. Себебі 
демографиялық ахуалға серпін беретін де – жастар. Жас отбасылар ӛз 
баспанасына ие болмайынша бала туу санын тежей беретіні айтпаса да 
түсінікті. Осы негізде ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 
қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында 
белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейтін жастарға «Ақысын тӛлеп 
тұратын жалдамалы баспана» жобасы да қарастырылды. 
Мемлекет тарапынан әлі де жас отбасыларға жеңілдікпен кредит беруге 
бағытталған шараларды нақтылау мақсатында тұрғын үй заңнамасын 
жетілдіру мәселесі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде 
студенттік жатақханалар салу бағдарламаларын кеңейту жұмыстары 
жүргізілуде.
Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық 
көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу 
Бүгінгі жас буынның бағыт-бағдары ертеңгі мемлекеттігіміздің кепілі
болуымен қатар қоғамның прогрессивті дамуына белгілі бір мӛлшерде ықпал 
ететін әлеуметтік топ құру мақсатымен ұштасуы шарт. Жалпы еліміздегі 
қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе жастардың құндылықтарын 
түбірінен ӛзгертті және де бұл ӛзгерістерге толыққанды оң баға беру әлі ерте. 
Дегенмен, 
тәуелсіз 
мемлекет, 
оның 
саяси 
және 
экономикалық 
институттарымен қоса жаңа буын ӛкілдері дүниеге келіп ӛздерінің ерекше 
дүниетанымдық кӛзқарасымен, мәдениетімен, салт-санасымен жаңа ағымда 
ӛсіп жетілуде деген үміт те жоқ емес.
Осы орайда Қазақстан жастары жайында қазіргі қоғамда бірқатар 
сұрақтардың туындауы заңды. Атап айтқанда, Қазақстан жастарының қазіргі 
жағдайы мен болашағы қандай болмақ? Қоғамның саяси ӛмірінде жастардың 
орны қандай? Жастардың патриоттық сана-сезімін қалай кӛтереміз? 
Болашақтың кепілі болатын жас буын ӛкілдерінің қазіргі қоғамдағы орны мен 


23 
ролі қандай болуы керек? Міне, осы және басқа да мәселелер дәл бүгін 
шешімін табуы керек.
Осындай еліміздің баянды болашағы үшін ӛмірлік маңызы бар сұрақтар 
жоғары мемлекеттік деңгейде, ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттелініп, 
жастарды нарықтық заманда қорғай алатын біртұтас бағдарламалар мен 
құқықтық нормалар қабылдаудың қажеттігі туындайды.
Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан атқарылған 
істер аз емес. Айталық «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар 
саясаты туралы» Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі 
тұжырымдамасы және тағы басқа да мемлекеттік құжаттар, бағдарламалар мен 
іс-шаралар жүзеге асырылуда. 
Алайда, жастардың бүгінгі таңда қоғамымыздағы ең ірі әлеуметтік-
демографиялық топ екендігін ескерсек, жоғарыда аталған шаралардың 
жеткіліксіз екендігін және де аталмыш проблеманың тиімді шешілуін 
қамтамасыз етуге жеткіліксіз екендігін кӛреміз. 
Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде ӛзіндік ерекшеліктерге 
ие. Бұл ерекшеліктер ең алдымен қоғамның обьективті процестерінен
туындап, болашақта жастар мәселесін қайшылыққа алып келуі мүмкін. Жастар 
– қоғамның саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық салаларының 
толыққанды қалыптасуына және оның тұрақтылығына ықпал ететін негізгі 
әлеуметтік-демографиялық топ. Демократиялық даму жағдайында жастар мен 
қоғамның ӛзара қарым-қатынасы еркін түрде ӛрбиді. Бұл мәселе ӛз кезегінде 
жастар мен қоғамның бір-біріне ӛзара ықпалы мен тәуелділігін айқындайтын 
фактор болып табылады.
Демек, демократияның Қазақстандағы ертеңгі күні бүгінгі жастардың, ал 
олардың ертеңгі тағдыры қазіргі қоғамның қолында. Алайда, ӛз бетімен жүріп 
үйренген жас сананы жүйелендіру оңай шаруа емес. Себебі, жылдам уақыт 
аралығында ӛзгерген бұрынғы идеология мен рухани ұстанымдар, бірегей 
дүниетаным, әлеуметтік мәдени ӛзгерістер тікелей және жанама түрде қоғамда 
рухани бос кеңістіктің пайда болуына әкелді. Осындай рухани бос кеңістіктің 
орнын толтыру ӛтпелі кезеңде кӛптеген қиыншылықтарды да ала келгені 
шындық.
Оның үстіне мәселенің қиындығы белгілі бір бағдарламалар немесе 
жоспарлар жасаумен шешілмейді. Ӛйткені, қазіргі таңда кеңестік дәуірде ӛмір 
сүрген жастармен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жастары арасында рухани 
сабақтастық үзілген. Кеңестік жүйедегі қалыптасқан колликтивизмге 
негізделген мемлекеттік идеиология бір мезетте құрдымға кетіп, оның орнына 
«ӛз күніңді ӛзің кӛр», яғни индивидуализмге бет бұру біршама қиындықтар 
туғызды.
Демократиялық ашық қоғам құруға дайын болмаған қоғамда саяси 
мәдениет кенжелеп ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтары, кино клубтар 
талан таражға түсіп, ұстағанның қолында кетті. Қалалық жерлерде үлкен 
завод, фабрикалардың жұмыс істеуі қиынға соғып, тоқтағаны тоқтап, ӛндіріс 


24 
ошақтарды қаржыландыру тежеліп, әркім ӛз күнін кӛруге бет алғаны бар. Бұл 
жай ӛз кезегінде қоғамдағы жұмыссыздықтың кӛбеюі мен бос жүрген 
жастардың ішімдікке үйір болып, нашақорлыққа салыну тенденциясына әкеп 
соқты.
Әрине, осындай жағымсыз ішкі факторлардың ӛршіп тұрған шағында 
жастардың патриоттық, ұлтжандылық, отансүйгіштік туралы сӛз қозғаудың 
ӛзі орынсыз еді. Ӛйткені, қиын-қыстау кезде патриоттық тәрбиеден гӛрі, одан 
да «маңызды» экономикалық-саяси реформаларды іске қосу, жұмыссыздықты 
азайту проблемалары бірінші орнында болғаны рас.
Қазақстан жастарының саяси мәдениетін трансформациялау – қиын
және ұзақ процесс. Оны қазіргі жағдайынан белсенді, демократиялық 
мәдениетке ауыстыру – жастардың санасына ересек ұрпақ тәжірибесі негізінде 
қалыптасатын жаңашылдыққа тән дәстүрлі құндылықтар жүйесін құрумен 
түйіндес. Бұл процесті декретпен немесе заңдармен жылдамдату мүмкін емес. 
Оның ӛзіне тән заңды эволюциясы бар. 
Сол үшін қазіргі жастардың санасында мемлекет – жастардың демеушісі 
емес, ӛзін-ӛзі дамытуына жағдайлар жасайтын серік ұғымы берік орын алуға 
тиіс, яғни әрбір жас қазақстандық табысты ел аға буынның қамқорлығы ғана 
емес, бұл – жастардың ертеңгі күні екенін анық сезінуі тиіс. Бұндай 
кӛрсеткішке жету үшін жастар тарапынан ӛзінің табанды еңбек етуі, сапалы 
білім алуы және оны практикада қолдануы, үнемшілдігі, саясатқа сауатты 
қарауы, болып жатқан процестерге белсенді қатысуы арқылы ғана жеке 
жетістікке және жалпы ӛркендеуге қол жеткізуге болатынын түсінуі маңызды. 
Мемлекет құқықтық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыраттыру және жастар 
арасында орын алып отырған әлеуметтік теріс құбылыстарға қарсы әрекет ету 
үшін, жас азаматтардың құқықтарын және еркіндіктерін қорғауға кепілдік 
беру қажет. Ол үшін алдымен құқықтық мәдениетті арттыру бойынша барлық 
қажетті шараларды іске асыруды қамтамасыз ететін және жастардың 
құқықтары мен еркіндіктерін кепілдікті қамтамасыз ететін мемлекетке 
құрметпен қарайтын жастарды тәрбиелеу. Осы мақсатта Жастар жылы және
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Жас талантты қазақстандықтарды 
қолдау мақсатында Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында 
Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру міндетін қойған 
болатын. «Жастар кадрлық резерві» жобасы жастардың ӛз мүмкіндігін жүзеге 
асыруына, ӛмірлік және кәсіби біліктілігін арттыруға, әлеуметтік-
экономикалық, саяси тұрғыда ӛсіп-жетілуіне ықпал етеді.[15] 
Жастар саясатында осы құқықтық мәдениет деңгейін арттыру бағыты 
бойынша жастар арасында құқықтық нигилизмге қарсы әрекет ету мәселесі 
қарастырылған. Расымен, қазіргі таңда кейбәр жастардың ұлттық 
құндылықтарды мойындамауы, жат тілде сӛйлеуі, дәстүр-салтты ұстанбауы, 
ұлттық музыканы (эстрадалық емес) қабылдамауы, оны түсінбеуі, сӛйтіп 
жаһандық стандартталған мәдениет үлгісінің жетегінде кетуі құбылысына тап 
болып жатамыз. Ӛкінішке орай бұндай жастар - ұлттық тәрбиеден тыс қалған 
ұрпақтың екінші буыны, олардың ата-аналары кеңестік тұста орысша 


25 
құндылықтармен ӛсіп, білім алғандар. Бұл жастар қазақтың дәстүрлі 
құндылықтарын мүлдем түсінбеуі, бала кезінен бойына дарытпауы осыдан. Ал, 
осы жастардың ӛздерін түсінетіндер бар ма, жоқ па, бұл оларға қызықты емес. 
Міне, осындай құқықтық нигилизмге қарсы әрекет ету мақсатында, жалпы жас 
ұрпақ бойындағы ұлттық құндылықты кӛтеру, бойына сіңіру мақсатында 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тӛл 
тарихымызды бір жүйеге келтіруге үндейді. [16] Сонымен қатар Тұңғыш 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «ХХ 
ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай 
келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың ӛздеріне ғана тән 
қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен ӛркениеттердің ерекшеліктерін 
ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның 
ӛзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа 
тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. 
Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген болатын. 
[17] Мақалада прагматизм, ұлттық код, ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері 
толық айтылған. Сонымен қатар осы мақала негізінде «Туған жер», 
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» 
жобалары құрылып, қазіргі таңда жастар бойындағы құқықтық мәдениетті 
кӛтеру, ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында жұмыс жасауда. 
Сонымен қатар жастар саясатын іске асыруда кәмелет жасына 
толмағандар арасында қадағалаусыз қалудың, қылмыстың және басқа да 
құқық бұзушылықтардың профилактикасына арналған шараларды нақтылап, 
жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, толық 
емес және тұрмысы нашар отбасы балаларының құқықтықтары мен 
мүдделерін қорғау арқылы ювенальды әділет жүйесін жетілдіру бағытында да 
жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның 
саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс 
ретінде ӛмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана 
ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, 
нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. 
Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін 
тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп тӛндіреді. Қазақстанның 
мемлекеттік 
саясатының 
негізгі 
басымдықтарының 
бірі 
сыбайлас 
жемқорлықпен күрес болып табылады.
Осы мақсатта құқықтық мәдениетті 
қалыптастыруда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға 
арналған іс-қимыл бағдарламасы» аясында мемлекеттік органдар және 
үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен түрде «Сыбайлас жемқорлыққа жол 
жоқ» жобасы шеңберінде құқық бұзушылыққа тӛзбеушілік акциялары, 
дӛңгелек үстелдер, рейдттер тұрақты түрде жүзеге асып келеді

[18] Қазіргі 
таңда елімізде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы кӛзқарастарын 
қалыптастыру мақсатында «Таза сессия», «Саналы ұрпақ», «Адалдық сабағы» 
сынды жобалар жүзеге асырылуда.


26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет