Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата24.02.2022
өлшемі0.89 Mb.
#455741
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Кӛрсеткіштер 
2019ж 
2018ж 
2017ж 
NEET жастарының үлесі 
7,4% 
7,9% 
Жол картасы 
ҚР Үкіметінің 
21.09.2018ж. 
№583Қ 
енгізілді 
14-29 
жастағы 
тұлғалар 
жасаған құқықбұзушылықтар 
саны 
37 493 
43 415 
29 378 
15-29 
жас 
аралығында 
жасалған суицидтер саны және
суицид әрекеті 
816/1724 
767/1608 
627/1678 
Жастардың 
ресурстық 
орталықтары 
208 
208 
207 
Барлық деңгейдегі әкімдіктер 
жанындағы 
Жастар 
ісі 
жӛніндегі кеңестер 
218 
218 
217 
Жастар 
ісі 
жӛніндегі 
комитеттер 
897 
897 
896 


55 
Жастар ұйымдары 
596 
596 
595 
Қазіргі таңда елімізде 208 Жастардың ресурстық орталықтары жұмыс 
атқарады. Ұйымның негізгі мақсаты- жастар ұйымдары мен жастардың 
дамуына кӛмек кӛрсету және қолдау болып табылады. Елімізде 218 барлық 
деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Жастар ісі жӛніндегі кеңестер және 897 
Жастар ісі жӛніндегі комитеттер қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасы аумағында Жастар ісі саясатын жүзеге асыру 
бойынша бірнеше бағдарламаларды мемлекеттік органдар іске асыруда. 
Қазақстан Республикасының субъектілерінде жас отбасыларды тұрғын үймен 
қамтамасыз ету жӛніндегі бағдарламалар жұмыс істейді, жастардың қоғамдық 
ұйымдарын, жас отбасыларын, талантты жастарды қолдау бағдарламалары, 
жастарды жұмысқа орналастыру, рухани-адамгершілік тәрбиелеу, ӛмірде қиын 
жағдайға тап болған жастармен жұмыс жӛніндегі бағдарламалар, спорт, 
демалысты ұйымдастыру және салауатты ӛмір салтын насихаттау жӛніндегі 
бағдарламалар орындалуда. 
2.3. Жастар саясатын іске асыру мәселелерін талдау 
Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың маңызды шарты барлық 
мемлекеттік билік органдарының елімізде мемлекеттік жастар саясатын 
дамытудың қозғаушы күші болып табылатын ӛңірлік жастар ұйымдарымен, 
түрлі іс-шаралар мен жобалардың бастамашылары мен жолсеріктері болуы 
қажет. Жастар саясатын тиімді іске асыру «Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік жастар саясаты туралы»
Заңы
жастар мүддесінде мемлекеттің 
тұрақты кӛп мақсатты қатысуын қамтамасыз етеді, жастармен жұмыс істеуге 
тартылған қоғамдық-саяси институттардың мазмұны мен қызметін үйлестіруді 
айқындайды, жастар саясаты саласын реттеудің жалпы қағидаттарын белгілейді 
және оны басқа заңдар мен заңға тәуелді актілермен реттеуді кӛздейді. 
Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңда жаңа ұғымдар енгізілді – жас маман, 
Ұлттық баяндама, ӛңірлік жастар форумы, республикалық жастар форумы және 
мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары кӛрсетілген. 
Республикалық жастар форумы Мемлекеттік органдардың мемлекеттік 
жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша жастармен және жастар 
ұйымдарымен ӛзара іс-қимылының жалпыұлттық деңгейін қамтамасыз ету 
үшін құрылған. Форум мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы ӛзара іс-
қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында ӛткізіледі. 
Форумдар ӛңірдегі жастардың проблемаларын анықтауға және осы 
проблемаларды шешуге жұртшылықты тартуға арналған тиімді алаң болып 
табылады. Жастарды ӛткір мәселелерді шешуге тарта отырып, жергілікті 
атқарушы органдар жастардың қоғамдық институттарының сауатты жүйесін 
құру және жастардың энергиясын сындарлы арнаға бағыттайтын құралдарды 


56 
құру үшін ӛзара іс-қимылдың тиімді нысандарын құруға мүмкіндігі бар. 
Форумдар ӛткізу тек ӛңірлік деңгейдегі ғана емес, сонымен қатар жалпы 
мемлекеттік деңгейдегі міндеттерді жүзеге асыру үшін жаңа идеялар мен 
технологияларды жинақтайтын бірыңғай саяси шешімдер жүйесін әзірлеуге 
мүмкіндік береді. 
Қазақстан Республикасының жастар саясатын дамытуға бағытталған 
шараларға мыналар жатады: қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз 
ету және ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту; салауатты ӛмір салтын 
қалыптастыру; жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту үшін жағдай жасау; 
жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; жастар арасында 
кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай жасау, құқықтық мәдениет деңгейін 
арттыру, сыбайлас жемқорлық кӛріністеріне тӛзбеушілікке тәрбиелеу; демалыс 
үшін мәдени бос уақытты ұйымдастыру.
Бүгінгі күні жастар жаңалық жасауға, табысты шешімдерді іздейтін 
ықыласы бар, тұрғындардың ең ынталы, ширақ, пысық бӛлігі ретінде 
қарастырылады. Мектепте әр жас адам ӛзін сабақта-сабақтан тыс қызметте 
жүзеге асыра алу үшін барлық жағдайлар жасалған. 
Жастар саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бӛлігі болып табылады, 
оның жүзеге асыру жас азаматтардың ӛз ӛмірлік жолын таңдау, олардың 
ӛздігінен жүзеге асуы үшін әлеуетін дамыту және мықты және кӛрікті 
Қазақстан Республикасын құруға белсенді қатысу үшін қажетті жағдайларды 
жасауға бағытталған. 
Жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған заңңамалық құжаттар 
негізінде елімізде жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене 
бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, 
ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға 
бағыттау үшін жасалған арнайы жобалар мен бағдарламаларға тоқтала кетсек: 
Қазіргі уақытта жастардың басты «әлеуметтік сатылары» сапалы білім 
болып табылады. Жалпы, білім-деңгейі бойынша 718 мың жастар жоғары 
білімге ие (15,9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6,8%), 728 
мың жастардың білімі — арнайы орта (16,2%).
Сурет-7 Жастардың білім алу деңгейінің салыстырмалы кӛрсеткіштері 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың бүгіні мен болашағына 
қамқорлық жасауды ӛз саясатының негізгі мәні деп есептейді. Президент жыл 
сайынғы жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша бірнеше іргелі 
тапсырмалар беріп жүргені белгілі. Жастар саясатын жүзеге асыру елді 


57 
жаңашылдыққа, интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді. Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Кез келген ел ӛз 
келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады», - деген болатын. Сондықтан 
жастар қоғамның бір бӛлігі ретінде мемлекетте маңызды рӛл атқарады. 
Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені 
белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Жасыл 
ел», «Жастар практикасы», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-
2020», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге 
асырылып жатыр. Осы бағдарламалар аясында республика аймақтарында 
қандай жұмыстар атқарылып жатқанын назарларыңызға ұсына кетейік. 
«Жасыл ел» бағдарламасы- елімізді кӛгалдандыру мен тазалығын 
сақтауға, жас ұрпақ бойына патриоттық және экологиялық тәрбие беріп, 
елдегі жұмыссыздық кӛлемін азайтуға үлкен үлес қосып келе жатқан 
республикалық жоба. Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» 
республикалық жалпыұлттық бастамаға 2019 жылы жетім, жұмыссыз және 
басқа санаттағы 25 мыңнан астам жастар тіркелген.
Сурет-8 «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа тіркелген жастардың 
салыстырмалы кӛрсеткіші 
2017 жылы «Жасыл ел» жауынгерлерінің еңбекақысына қосымша ақы 
мӛлшері екі есеге артып, 35 394 теңгені құрады. Орташа жалақы 45 мың 
теңгені құрады. Нұр-сұлтан қаласында балалар 90-100 мың теңгеге дейін, 
ӛңірлерде 65 мың теңгеге дейін алды, бұл «Самұрық-Қазына» ұлттық 
компанияларында тағылымдамадан ӛтушілерге ұсынатын жалақы деңгейінде. 
«Жасыл ел» жобасын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында 2017 
жылдан бастап жастар еңбек жасақтарын дамытуға (еңбекақыға қосымша ақы, 
киім-кешек тігу) 895 375 мың теңге мӛлшерінде қаражат ӛңірлерге 
трансферттермен берілді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының айналасында 


58 
жасыл аймақ қалыптасқан. Бұл әкімшілік пен «Жасыл ел» сарбаздарының 
еңбегі. Елорданың мысалында барлық облыстардың қала, аудан, 
ауылдарында жасыл аймақтарды қалыптастыру мақсатында «Жасыл қала-
Жасыл ауыл» жобасы іске қосылды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 
республикалық штабы ӛңірлерді кӛгалдандыруға негіз болатын «Жас орман»
жобасы әзірленіп жатыр. Жобаның ерекшелігі -онлайн ағаш отырғызу. Яғни, 
кез келген адам қалаған уақытында интернет арқылы сайтқа кіріп, қалаған 
ӛңірінде ағаш отырғызу мүмкіндігіне ие болады. Қазір сайтты әзірлеу 
шаралары жүргізіліп жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша сайт күз мезгілінде 
дайын болуы керек. Жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 20 
мыңнан астам жас жұмыспен қамтылып отыр. 2017 жылдан бері 
бағдарламаның бюджеті ӛңірлік әкімдіктерге берілген. Әкімдіктердің 
жоспарына сәйкес, әр ӛңірдегі сарбаздардың санына сәйкес, құрылыс 
жасақтарына бӛлінетін квоталардың саны да әр ӛңірде әртүрлі болады. 
Квоталар саны белгілі болғаннан кейін тиісті компаниялармен келіссӛздер 
жүргізіліп, сарбаздар сол компанияларда жұмыс істеп жүр. Осыдан екі жыл 
бұрын «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы «Жасыл 
ел-жаңару» жобасы аясында ребрендинг жұмыстарын жүргізді. Сарбаздардың 
киім үлгісін ӛзгерттілді, жұмыс жүйесін жаңартылды. Бұдан бӛлек, биылғы 
жылға қойған ең басты мақсат- «Жасыл елдің» жұмыс жүйесін цифрландыру 
болып табылады. Оның аясында «Жасыл елдің» барлық сарбаздары, жұмыс 
берушілері, қызметкерлері отыратын үлкен портал болады. Ол портал арқылы 
белгілі бақылаушы ұйымдар күніне қай аймақта, қанша сарбазымыз жұмыс 
жасап жатқанын кӛріп отыра алады. Бұл «Жасыл елдің» жұмысын жеңілдетеді 
әрі жеделдетеді. Сондай-ақ, ӛңірлерде жүзеге асыратын экологиялық акциялар 
бар, қорыта айтқанда, «Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде 
бүгінгі күнге дейін ӛз ӛзектілігін жоғалтқан емес. Қаншама студенттерiмiз бос 
уақытын тиiмдi ӛткiзе отырып еліне қызмет етіп жүр.
«Дипломмен ауылға» жобасы- «Дипломмен ауылға» жобасының негізгі 
мақсаты — ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген 
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт 
және агроӛнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды 
ынталандыру. Жоба аясында 100 АЕК немесе 252 500 теңге мӛлшерінде 
кӛтерме жәрдемақы тӛлеу түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары 
қарастырылған. Әлеуметтік қолдау шараларының қатарында тұрғын үй алуға 
1500 АЕК немесе 3 787 500 теңгеден аспайтын мӛлшерде бюджеттік несие 
қарастырылған.«Дипломмен ауылға» жобасын жүзеге асыру кезеңінде 60 
мыңнан астам маманға 7,4 млрд теңге кӛлемінде кӛтерме жәрдемақы берілді, 
ал 27,5 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алуға 70,6 млрд теңге 
бюджеттік несие берілді. Жылдан жылға несие алушылар саны артып келеді. 
15 жыл ішінде жылдық 0,01% пайыздық мӛлшерлемемен артық тӛлем 6 мың 
теңгеге жуық құрайды. 2019 жылы 1,3 млрд теңгеге 7 176 маман кӛтерме 
жәрдемақы алады. 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 5172 маманға 
911,4 млн теңге сомасында кӛтерме жәрдемақы тӛленді. 2019 жылы 3 908 


59 
маманға 14,8 млрд теңге кӛлемінде тұрғын үй алуға несие беріледі. 2019 
жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 9,1 млрд теңгеге 2 527 маман тұрғын үй 
алуға несие алды. Анықтама ретінде кӛрсететін болсақ, салалар бойынша 
келген мамандардың жалпы санынан білім беру саласына 42 745 адам (71,2%), 
денсаулық сақтау саласына – 12 705 (21,2%), мәдениет саласына – 1 604 
(2,7%), спорт саласына – 863 (1,4%), әлеуметтік қамсыздандыруға – 483 (0,8%) 
және агроӛнеркәсіп кешеніне – 1 665 (2,8%) адам тартылды.
Кесте 8 
Тұрғын үйге бӛлінген несие қаражат 
1500 АЕК 
Кӛтерме жәрдемақы 
7,4 млрд. 
Жас мамандарға тұрғын үй алуға
70,6млрд. 
«Жастар практикасы» жобасы 
Қазақстандағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдан 2018 
жылға дейінгі мерзімде 4,9 есе тӛмендеді. Колледждер мен ЖОО-ның 
дипломы бар жастардың арасында жұмыссыздар саны анағұрлым аз.
Бәсекеге қабілеттілік рейтингінің (The Global Competitiveness Index) 55 
алғашқы еліне кірген Швейцария (6,4%)2, Сингапур (6,7%)3, Финляндия 
(22,7%)4, Ұлыбритания (13,8%)4, Ресей (18,8%)5, Түркиямен (18,3%) 
салыстырғанда, Қазақстан жастарының жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай 
тӛмен болғанымен, еліміздегі жастардың жұмысқа орналасу мәселесі ӛзекті 
болып отыр. Қазіргі таңда жұмыс тәжірибесі жұмысқа орналасудың басты 
критерийлерінің бірі болып табылады. Тиісті еңбек ӛтілісіз жұмысқа орналасу 
– ӛте күрделі. Жұмысберушілердің тек 16%-ы ғана жас үміткерлерді жұмыс 
ӛтілісіз алуға дайын. Қалаулы жұмыс ӛтілі – 1 жылдан 3 жылға дейін. Осы 
негізде жас мамандардың сәтті әлеуметтенуі, кәсіптік тәжірибе алу, ӛзін-ӛзі 
кӛрсету және бұдан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін алу мақсатында, 
мемлекет түлектерге «Жастар практикасы» бағдарламасын да ұсынады.
Еңбекақы 6 ай бойы мемлекеттік бюджет есебінен тӛленеді. Бұл бағдарлама
жұмысберуші үшін бұл әлеуетті қызметкердің қабілетін анықтауға және оны 
ұйымның талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді. 2019 жылғы 1 шілдеге 
дейін жастар практикасына қатысу арқылы оқу орындарының 4,8 мың түлегі 
жұмыс тәжірибесін жинады.
Жастар алған кәсіп (мамандық) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін 
жинақтау мақсатында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдарының түлектері жүзеге асыратын жобаның түрі. 
Жастар тәжірибесі бағдарламасы уақытша жұмыс орындарын ашу, 
сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. № 919 
қаулысымен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен 
қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес түлектердің 
оқу бітірген соң 3 жыл ішінде ӛзінің алған мамандығы бойынша бастапқы 
жұмыс тәжірибесін жинақтауына мүмкіндік береді. Жастар тәжірибесіне 


60 
қатысушыларға еңбекақы республикалық немесе жергілікті бюджеттер 
есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым 
салынбаған кӛздерден тӛленеді. Негізінен жұмыс орындарының саны 
шектеусіз, жұмыс сипаты уақытша және оны ұйымдастыру үшін тұрақты 
жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші бүгінде жұмыс 
істеп, жанын баққысы келген адамға атқарар іс жетерлік. Бірақ салаға сай 
мамандығың, білігің мен біліміңнің де қажет екендігі сӛзсіз. Иә, елімізде 
жұмыс бар, дегенмен білікті маманның жоқ екендігі шындық. Сондықтан да 
Үкімет «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын әзірлеп, жұмыссыздардың 
білімі мен біліктілігін арттырып, еліміздегі бұл кӛрсеткішті барынша 
қысқартуға тырысып-ақ келеді. 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Нұр Отан» партиясының 
қолдауымен "Жастар кадрлық резерві" жобасы жүзеге асырылады, ол жас әрі 
талантты қазақстандықтардан еліміздің басқару кадрларын анықтауға, 
іріктеуге, даярлауға және тәрбиелеуге бағытталды. Жобаның 6 жылдық жүзеге 
асырылуы мерзімінде 10 мыңнан астам жас маман оған қатысуға ӛтінім берді. 
372 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, әртүрлі ұйымдарда 
тағлымдамадан ӛтті. Жобаға қатысудың қорытындылары бойынша 
қатысушылардың 40% астамы жұмыс орнын ауыстырды, жартысынан астамы 
аудандық деңгейден облыстық деңгейге, қалалық/облыстық деңгейден 
республикалық деңгейге алмастырылды. 
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» (Серпін) жобасы 
Қазіргі уақытта «Серпін» жобасы бойынша 26 ЖОО-да 16 472 адам 
білім алуда. Негізінен мамандар педагогикалық, техникалық және ауыл 
шаруашылығы, ауыр және жеңіл ӛнеркәсіптер бойынша даярлануда.
2018 жылы университеттерде «Серпін 2050» бағдарламасы бойынша 
оқуға 5089 грант бӛлінді. 2017 жылмен салыстырғанда бұл 1376 грантқа 
артық. Студенттерге 350-ден астам мамандық ұсынылды, оның ішінде 195-
техникалық, 91-педагогикалық және 64-ауыл шаруашылығына грант бӛлінді. 
Қазіргі уақытта жоба бойынша 37 колледжде 2 276 адам білім алуда. 
Бағдарлама 14 облысты қамтиды, оның 9-ы қабылдаушы, ал 5-і жіберуші 
ӛңірлер болып табылады. Қазақстанда 15 мыңға жуық жас 2018 жылы «Серпін 
2050» бағдарламасына қатысуға қабылданды. 
2019 жылы Министрліктің қызметі аясында 56 іс-шараны іске асыру 
кӛзделген, оның 29-ы Жастар жылы аясында жоспарланған болатын. 4 іс-
шараны Мемлекет басшысының қатысуымен ӛткізу жоспарланып кӛзделген.
Қазақстан үшін мемлекеттік жастар саясатының осы реттегі мәселелері 
кезек күттірмей шешуді талап етеді. Ал қазақстандық жастар үшін 2019 жылы 
атқарылған іс- шараларды талдасақ.
Жоғарыда атап ӛткеніміздей жас ұрпақты жан-жақты қолдау мақсатында 
2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаев жастар саясаты мен отбасы институтын дамыту Үкімет 


61 
жұмысының басым бағыттарының бірі болуы керек екеніне сенімді. Мемлекет 
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жас ұрпақ Қазақстанның 
дамуында шешуші рӛл атқаруы тиіс — алға ілгерілеудің қозғаушы күшіне 
айналуы қажет деп есептейді.[27] 
2019 жыл бойына еліміздің жастарын бағытталған түрлі іс-шаралар 
ӛткізілді. Ағымдағы жылы Президенттік кадрлар резервін қалыптастыру басты 
оқиғалардың бірі болды. Бүгінгі таңда Қазақстан жастары еліміздің қоғамдық 
және саяси ӛміріне белсене қатысуда, қоғамның бір бӛлігі ретінде мемлекет 
ӛмірінде маңызды рӛл атқарады. Қазіргі жастар -негізгі стратегиялық ресурс, 
алдағы реформалардың локомотиві. Бүгінде жаңа бағдарлама мен құнды 
ұстанымдарымен, жоғары мақсаттарға жетуге бағытталған экономикалық 
жобаларымен ӛзге, инновациялық жастар қалыптасуда. Сонымен, 2019 жылы 
жастар саясаты шараларымен 2 млн адам қамтылды. Қаржыландыру ӛсімі 40 
есе ӛсті, жастарды қолдаудың арнайы мемлекеттік бағдарламасы жасалып 
жатыр.
Сондай-ақ, волонтерлікті дамыту бойынша 7 жалпыұлттық жоба жүзеге 
асырылуда. Бұдан ӛзге, 2020 жылы «Волонтер жылы» деп жарияланды [26]. 
Жоғарыда атап ӛткеніміздей, бүгінгі таңда республикада 14 пен 29 жас 
аралығындағы 3,8 млн жас азамат бар. 2019 жылдың ІІІ тоқсанында жастар 
арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% немесе 84,7 мың адамды құрады. 2 206 
мың адам экономикалық белсенді, олардың ішінде 2 121 мыңнан астам адам 
(96,1%) жұмыс істейді.
Кесте 9 
«Жастардың түрлі салалар бойынша жұмыспен қамтылуы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет