Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата24.02.2022
өлшемі0.89 Mb.
#455741
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Тақырыптың ӛзектiлiгi
. 
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет 
жастарды келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді 



тобы екендігін ескереді. Мұның ӛзі жастардың мемлекет құрылысындағы рӛлі 
мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді кӛздейді. 
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымндағы маңызды 
топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, мемлекетімізде халықтың 
25% жуығын жастар құрайды. 2019 жылдың басында жастардың саны (14-29 
жас) 3 830 536 адамды құрады.
Қазақстан халқының үштен бір бӛлігін құрап 
отырған жастардың қазіргі білімі, кәсіптік рухани және мәдени дайындығы 
мемлекеттің келешегін айқындайды. [2] 
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы -
Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан 
Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, 
үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының 
негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан 
халқы Ассамблеясының 
ХІХ 
сессиясында, 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек 
Қоғамына 
қарай 
20 
қадам» 
бағдарламалық 
мақаласында 
берген 
тапсырмаларға сәйкес әзірленген. Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі 
жас ӛркеннің ӛмірге қадам басып, қоғамда ӛз құқығын иеленумен, оның 
алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін ӛмір мәресінің 
қиындықтарымен айқындалады. 
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы 
ол тек ӛтелу тетіктерін әзірлеумен ғана шектелмейді. Ол жастардың еңбек пен 
шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, ӛндірушілік 
аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның 
стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде 
қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық ӛзгерістердің күрделілігі жас 
азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым 
тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар мәселелерін 
шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде ӛзге 
қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі ӛзгерді. Қазақстандық 
жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер 
қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани ӛркендеуіне, сондай-ақ ӛткен 
буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем ӛркениеті жетістіктерін игеруіне 
жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам 
құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға 
қатысты саясатгы қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың ӛздерін 
белсенді түрде тартуды кӛздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық 
деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, ӛмір жолын таңдау мен жеке 
жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана 
жастар саясатының ӛзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын 
қамтамасыз етуі іске асатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет