Дипломдық жұмыс Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі301 Kb.
#124172
түріДиплом
1   2   3   4

Термикалық режим. Қаратау жотасының термикалық режимін № 1 кестеден көруге болады. Кестені талдауда, солтүстік беткейлер оңтүстікке салыстырғанда өте суық екенін көреміз, температуралардың амплитудасы солтүстік және оңтүстік тау алды жазықтарға салыстырғанда тау жотасында төмендеу болып келеді. Бұл айырмашылық Қаратауға таулы климат тән екенін көрсетеді. Солтүстік тау алды жазықтарындағы температуралардың амплитудасы жоғары болуының себебі қысқы температуралырдың өте төмен, ал оңтүстікте – жазғы температуралардың жоғары болуы.
1 кесте. Қаратауда және айнасындағы метеостанциялар бойынша ауаның орташа айлық және жылдық температурасы (t0 С).

(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград. 1989. бойынша, 168 б.)




Метеостанция

І

ІІІ

V

VII

IX

XI

Жыл


дық

Темпера

тураның жылдық ауытқуы



1

Тасты

-10,7

0,5

19,4

27,3

-17,6

-0,6

9,0

38

2

Ащысай

-3,1

2,7

17,0

25,6

17,7

2,9

10,5

28,5

3

Түркістан

-5,8

5,3

20,6

28,3

19,7

3,1

12,0

34,1

Жазда Қаратау жотасы, Орта Азияның (Қарақұм, Қызылқұм) шөлдері үстінде континенттік субтропиктік ауа массалардың ықпалында болады. Олар өте құрғақ, шаңды, және ыстық. Мұндай ауа массаларының ықпалы жоғары температураларға алып келеді, мысалы, Тасты метеостанциясында - +27,3ºС, ал Түркістанда - +28,3ºС. Жотаның өзінде жоғары биіктіктер болуына байланысты температуралар төмендеу, Ащысай - +25,6ºС.



Жауын-шашын режимі. Қаратау жотасының Л.Н.Бабушкин Тұран провинциясының тау алды таулы провинция тармағының жеке климаттық округ деп есептейді. А.А.Пузырева Қаратауды батыс Тянь – Шань және шығыс Тянь-Шань климаттар облыстарына бөледі. Жотаның солтүстік шығыс беткейі солтүстік климаттық облысының Шығыс Қаратау климаттық ауданы, ал оңтүстік батыс деңгейі батыс Тянь – Шань климаттық облысының батыс Қаратау климаттық ауданын қалыптастырады [11,32].

Қаратау таулы климатпен сипатталады, оның негізгі ерекшелігі жауын – шашын мөлшерінің 400 мм дейін көбеюі (№ 2 кесте).


№ 2 кесте. Жауын – шашынның орташа айлық және жылдық мөлшері.

(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. 1989, бойынша, 56 б.)





Метеостанция

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

жыл

1

Тасты

13

15

21

28

15

11

7

4

2

14

12

19

161

2

Ащысай

75

68

82

75

46

15

9

5

7

37

52

69

540

3

Түркістан

28

23

34

28

18

8

3

2

3

10

19

30

206

Жауын-шашыннң максимумы қысқы маусымда байқалады. Жауын – шашын режимінің басты ерекшелігі қар жамылғысының салыстырмалы үлкен қалыңдығы 30 см-ден 80 см-ге дейін, ал, ұзақтылығы 80 күнге дейін. Қаратауда таулы климат болуына байланысты жауын-шашын мөлшері биіктеген сайын көбейеді. Тау алды жазықтықтарда жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм шамасында, беткей бойынша көтерілген сайын – 400 – 600 мм-ге көбейеді, ал жотаның оңтүстік-шығыс бөлігінде 800 мм дейін.

Маусымдардың қарсыластылығы өте айқын байқалады: жаз және күздің басы өте құрғақ; күздің аяғында сіркіреме жаңбырлар басым болады; қысы суық қарың қар қабатымен және қатты желдермен; көмтем кезінде фронттық жауын-шашын жаңбыр түрінде болады.

Географиялық кешен қалыптасуында өсіп-өну (вегетациялық) кезеңіндегі жауын-шашын жиынтығы, белсенді температуралар жиынтығы т.с.с. климаттық көрсеткіштер маңызды роль атқарады. Қүзгі-қысқы-көктемгі кезеңнің кейбір климаттық көрсеткіштері № 3 кестеде көрсетілген.

№ 3 кесте. Күзгі-қысқы-көктемгі кезеңінің климаттық көрсеткіштері.

(Агроклиматические ресурсы Чимкентской области Казахской ССР. Ленинград. 1979. бойынша, 263 б)




Станция

Кезеңнің ұзақтылығы (күн есебімен)

Суық ұру (қатқақ) күндерінің саны

Жылымық күндерінің саны

Көктем

Күз

Көктем

Күз

Топырақ бетінде

ауада

Топырақ бетінде

ауада

0 - 15ºС

15 - 0ºС

Тасты

43

51

21

17

30

26

47

Шолаққорған

54

54

31

22

34

24

53

Ащысай

61

69

34

18

33

17

54

Түлкібас

70

76

44

29

37

20

36

Кесте бойынша Қаратау жотасында өсіп-өну кезеңі салыстырмалы 180 – 200 күн аралығында, ал белсенді температуралардың жиынтығы (тәулік бойы орташа температурасы +10ºС жоғары температураларыдың жиынтығы) 3700 - 4200º шегінде тербеліп отыр. Мұндай жауын-шашын мөлшерінде және термикалық жағдайда дала және ылғалды дала географиялық кешендері қалыптасуына мұмкіндік береді.


ІІ.4 Беткі және жер асты сулары

Қаратау жотасы жауын-шашын мөлшері аз және таулы мұздықтар жоқ болуының себебінен су ресурстарына бай емес болып келеді. Өзендердің барлығ аралас қоректенеді. Солтүстік-батыста еріген қар суынан, ал оңтүстік-шығыста - жер асты суларымен қоректену басым болады. Ең ірі өзендер Қаратаудың орталық және оңтүстік-шығысында орналасқан, себебі осы жерде жауын-шашынның мөлшері көп. Қаратау жоталарынан бастауын алатын өзендерге: Арыстанды, Бөген, Боралдай, Байылдыр, Бесарық, Ермексу, Жиделі, Көкқиясай, Қарашық, Шаян және Иқансу өзендері жатады. Бұл өзендердің әрқайсысы қысқаша тоқталып өтейік.



Боралдай - Арыс өзенінің оң саласы. Бәйдібек, Ордабасы аудандары жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жинайтын алабының ауқымы 1860 км². Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталады. Жоғарғы ағысында Қошқар ата өзені құяды. Аңғарында жабайы жеміс ағаштары ( алма, долана, жабайы жүзім т.б.) көп. Арыс өзеніне құятын тұсында аңғар кеңейіп, ені 1-4 км-ге жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суымен көректенеді. Боралдай ауылы тұсындағы жылдық орташа су ағыны 10,5 м³/с. Суы тұшы. Минералдылығы 0,2 – 0,4 г/л. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен тікелей оннан астам ирригациялық каналдар тартылған.

Арыстанды - Арыс алабындағы өзен. Бәйдібек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 896 км². Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі екі шағын өзеннің қосылған жерінен бастау алып, Арыс-Түркістан каналына құяды. Аңғары тар, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,64 м³/с. Суы ауыз суға, егін суғаруға пайдаланылады. Өзен аңғарын бойлай Арыстанды-Қарабас желі соғады.

Бөген – Сырдария алабындағы өзен. Бәйдібек ауданының жерімен ағып өтеді. Қаратау баурайынан бастау алатын Қаттабөген (Үлкен бөген) және Балабөген өзендерінің қосылған жерінен бастап Бөген деп аталады. Ұзындығы 164 км, алабы – 4680 км². Басты саласы – Сасық өзені. Алабы белесті, еңкістеу келген жазық. Жайылымасы 300 – 600 м. Бөген ерте көкметмде тасиды. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. «Қызыл көпір» бекеті тұсында көпжылдық орташа ағымы 4,36 м³/с. Төменгі ағысында Бөген бөгені (су қоймасы) салынған, одан Түркістан каналы тартылған. Бәйдібек, Отырар және Ордабасы аудандарының шаруашылықтары пайдаланылады.

Байылдыр - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан, Кентау қалалық әкімдік аумағы жерімен жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 50 км, су жинау алабы 315 км². Қаратаудағы Бессаз тауынан бастау алады. Қар суымен, жер асты суымен толығады. Арнасы тар, тік жарлы. Салалары: Бозбұтақ, Балтабай. Қарашық ауылы тұсында Арыс – Түркістан каналына құйып, одан әрі қарай Қарашық тармағы екіге айырылады да, бірі Сырдарияға, екіншісі Қамыстықақ көліне құяды. Суы егін суаруға пайдаланылады.

Қарашық, Хантағы - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан қалалық әкімдік аумағымен ағады. Ұзындығы 102 км, су жиналатын алабы 1210 км². Қарашық Қаратау жотасының ортаңғы бөлігіндегі Бессаз тауынан бастап , Текекөлге құяды . Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменгі бөлігінде жайпақтанып кеңейе түседі. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Хантағы кеніші тұсында 1,72 м³/с. Суы егін бау-бақша суаруға пайдаланылады.

Шаян - Арыс алабындағы өзен. Бәйдібек ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 138 км, су жиналатын алабы 1500 км². Қаратау жотасынан басталып , Арыс-Түркістан каналына жетпей тартылып қалады. Жалпы ұзындығы 220 км, 90 саласы бар. Ірі салалары : Майбұлақ , Ағыбет . Аңғары жоғарғы ағысында таулық сипатта, арнасы тік жарлы, орта, төменгі ағысында бұйратты жазық. Жайылмасының ені 300-500м. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Жылдық орташа су шығыны Майбұлақ қонысы тұсында 1,12 м³. Суын егіндік, мал суаруға пайдаланады. Қазата ауылы тұсында Қапшағай бөгені салынған.

Көксарай - Сырдария алабындағы өзен. Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Түркістан қалалық әкімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс-Түркістан каналына құяды. Ұзындығы 46 км су жинау алабы 228 км². Үлгілі ауылы тұсында бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған өзені деп өзгереді. Жоғарғы ағасында аңғары тар, тік жарлы. Негізінен қар, жер асты суымен толығады. Шөл далада орналасуына байланысты бұл өзеннің мал суаруда, жайылымдарды суландыруда маңызы зор.

Ыққансу - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан қалалық әкімдік аумағы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 550 км². Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып, Аяқкөлге жетпей тартылып қалады.Көктемде суы көбейіп, Арыс-Түркістан каналына құяды. Аңғары жоғарғы бөлігінде таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдың орташа су ағыны сағасы тұсында 1,60 м³/с. Суы егінге, мал суғаруға пайдаланылады.

Шағансай - Сырдария алабындағы өзен. Созақ ауданының аумағында ұзындығы 53 км, су жиналатын алабы 601 км². Шағансай Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Мойынқұмның оңтүстігіне жетпей тартылып қалады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, төменгі ағысында кеңейе түседі. Негізінен қар суымен толығады. Жазда суы азайып иірімдерге бөлініп кетеді.

Қаратаудың көлдері. Билікөл - Талас ауданының оңтүстік жағында Жамбыл қаласынан батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Көлдің биіктігі 438,6 м, көлемі 86,5 км², ұзындығы 18,5 км, ені 7,3 км, жағалауының ұзындығы 53 км.

Билікөл Қаратаудың солтүстік жотасындағы тау аралығындағы ойыста жатыр. Көлдің солтүстік жағының ені 2 км дейін тарылып, осы жерден көл екіге бөлінеді, одан әрі көлдің оңтүстік бөлігінің арнасы кеңейе түседі. Көл орналасқан ойыс аса терең емес, түбі жазық, таза, жағалауы лайлы. Лайлы түсі сұр, қалыңдығы 0,5 м жетеді. Оңтүстік жағалауын бойлап қамыс өскен. Шығанақтарда су балдыры - хара, шолаң өседі, олар қамыс арасында да бар.

Көлдің жағалаулары ашық, батпақты, жазық тек солтүстік және батыс жағалауларының кей жерлері биік тік жарлауыты болып келеді. Оңтүстік жағалауы тасты, қалған бөлігі - құмайт топырақты, құмды.

Су жиналатын алабының оңтүстік және батыс жағы таулы, басқа жақтарының жер бедері бұйратты. Билікөлдің оңтүстігі солтүстік-батысқа қарай Қаратау( 1610,3 м), ал оңтүстік-шығысын Үлкен Буырылтау (843,4 м) сілемдері алып жатыр. Көлдің солтүстік-батысына қарай Бултын, Жетімшоқы, Кебекқашқан таулары орналасқан. Көл алабында бетеге, ақ жусан, кей жерлерде сарсазан, т.б. өседі. Су жиналатын алабы мал жайылымына пайдаланылады.

Билікөлге шығысында Ассы өзені құяды . Ол осы өзен суымен және қар, жауын-шашын суларымен толығады. Сәуірдің аяғынан бастап өзен суы көлге құймайды, өйткені оның суы жер суландыруға пайдаланылады. Көлдің орташа тереңдігі 2,1 м ( ең терең жері 4,5м). Көлге 182 млн. текше метр су жиналады. Суы 0,2-1,5 м тереңдікте мөлдір болып жатады. Түсі - қоңыр-сары. Су деңгейі наурыз, сәуір айларында көтеріліп, қыркүйекте төмендейді. Су деңгейінің жылдық орташа өзгеруі 3 м, көпжылдық өзгеруі 5 м.

Билікөлдің суы тұщы (тұздың мөлшері бір литріде 0,86 гр), кермектігі орташа сілтілі, көл суының минералдылығы мамыр - маусым айыларында қырқүйек - қазан айларымен салыстырғанда 2 есе төмендейді. Химиялық құрамы жағынан көл суы сульфат класына, натрий тобына жатады. Суда микроэлементтер аз кездеседі, ал иод, бром, барий, мыс, марганец және кобальт мүлдем жоқ.

Көл фитопланктондарға өте бай. Көл суының гүлденуі тасқабықты қыл аяқтылардың әсерінен болады. Зоопланктондардан ашамұрттылар, шаяндар, ескек аяқтылар, коловраткалар кездеседі. Көлдің бентосы негізінен қанаттылар, инеліктер, құрты ручейниктер және поденоктар, сүліктер, су кандаласы, су қоңыздары және т.б.

Билікөлде елең, қара балық, табан балық, маринка, шабақ балық, сазан, сұр талма балық және серке бар. Ауланатын балықтың көбі сазан. Көлді қаз, жылқышы, үйрек, шағала, көкқұтан, ондатр мекендейді.



Қызылкөл - Созақ ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан. Оның биіктігі 335 м, ал көлемі 16,2 км² . Ұзындығы 6,1 км, ені 2,8 км және жағалауының ұзындығы 18,6 км.

Қызылкөл ағынсыз, тау аралағындағы ойыста орналасқан. Оның тереңдігі 10 м астам, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр . Солтүстік шығыс жағында кішкене арал бар, ол су деңгейі кішкене көтерілген кезде су астында қалады. Көлдің орталық бөлігінің түбі қатты, ал жағалау жағы сазды, лайының қалыңдығы 0,3 м.

Солтүстік және солтүстік-облыс жағалаулары тік жарлауытты, оның биіктігі кей жерлерінде 20 м жетеді. Көл жағалауына бетеге, ақ жусан, кей жерлерінде мия мен сарсазан, қарағай, сексеуіл өседі.

Қызылкөл қар, жауын-шашын және өзен суымен қорланады. Көлге оңтүстік-шығыстан Үшбас өзені құяды. Суы аз жылдары өзен құрғап кетеді.Көлдің орташа тереңдігі 3,7 м(ең терең жері 8,5). Көлге 89 млн. м³ су жиналады. Суы 0, 5-2 м тереңдікке дейін мөлдір, түсі жасыл. Көл деңгейі сәуір айында көтеріліп, қазан айында төмендейді.

Қызылкөлдің минералдануы және химиялық құрамы әр түрлі. Мысалы, шығыс жағындағы суда бір литрінде 4,8 г, ал батысында 4,5 г. Жалпы суы аздап ащы, өте кермек, сілтілі. Химиялық құрамы жағынан суы сульфат класына натрий тобына жатады.

Көлде микроэлементтер өте аз кездеседі, ал бром, мыс, марганец, қорғасын және кобальт мүлде жоқ. Көктем және жаз айларында көл суы мал суаруға пайдаланады.

Жасыл көк жасыл балдырлар өседі. Көлдің жасыл планктонын кловраткалар, сабақ мұртты шаяндар, ескек аяқтылар мен қабыршақты шаяндар мекендейді.

Көл жағалауының әр жерінде қамыс қопасы көрінеді. Қызылкөлдің зообентосына әсіресе инеліктің құрттары және хирономит басым. Көлде елең, маринка және сазан балығы бар. Көлдің ең терең жері 6,3 м. Суының жалпы тұздылығы бір литрде 18,7 г келеді, химиялық құрамы жағынан хлорид класына жатады.

Көлде үйрек, жылқышы және т.б. суда және сазды жерде тіршілік ететін құстар бар.

Жер асты сулары. Қаратаудың солтүтік-шығыс беткейдегі тау алды жазықтықтарда жер асты суларының ресурстары жоғарғы бор және палеоген жастағы құмдармен байланысты, аз бөлігі төрттік жастағы қиыршықтастармен. Бұл ауданның ғасырлар бойы жиналған тұщы және аз тұздалған жер асты суының қоры 227 млрд м³. Бірақ ауданы бойынша тең емес таралған, ең көп Созақ және Көкпансор ойыстарында, мұнда 1км² ауданда шамамен 10 – 20 млн м³ жер асты суы бар.

Жоғарғы бор шөгінділеріндегі артезиан сулары Қаратаудың терең жер асты ағымы есебінен қоректенеді, мұмкін Талас және Қырғыз Алатауының жер асты ағымы қосылады. Қоректену жиілігі 167 млн м³/жылына. Палеоген шөгінділерінің артезиан сулары да таудан тектоникалық жарықтар зоналары бойынша терең ағым арқылы қоректенеді. Мұндағы табиғи ағым 116 млн м³/жылына.

Төрттік аллювиалды-пролювиалды шөгінділердің еспе сулары атмосфералық жауын-шашынның және уақытша беткі су ағыстардың сіңу арқылы қалыптасады. Еспе суларының жылдық қайталану ресурстарының көрсеткіші 261 млн м³/жылына.
ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары

Қаратау тауларының топырағы ашық және сұр топырақ 800 - 1200 м биіктікте кездеседі. Одан жоғары 1200-2100 м биіктікте таудың қаштан және қара топырақтары кездеседі, олардың өсімдік және жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Бұл жерлерде өзен шатқалдарында ағаш-бұталы селдірторғай кездеседі. Тау беткейлері табиғи жайылым және шабындық суғармалы жерлерден тұрады.

Біздің облысымыздағы негізгі тау жүйелеріне Батыс Тәңіртау мен Қаратау жатады. Таулы жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мынадай:

- әр түрлі шөптесін ірі астық тұқымдастардан тұратын;

- ксерофильді сирек ормандар мен бұта-шіліктер (бадалдар );

- жапырақты, жемісті ормандар;

- су бойындағы бұталар мен ормандар ( тоғайлар);

- әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулы шалғындар т. б.

Бұл экожүйелердің көпшілігі жазық жерлерде кездеспейді. Қаратауда ксерофильді сирек ормандар мен бұталар шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған. Сонымен қатар Қаратау ағып жатқан өзен-сулардың бойында бұталар мен ормандар немесе тоғайлар кездеседі. Тау өзендерінің бойында бірқатар сирек, реликт түрлер кездеседі. Боралдай мен Ақсу өзендерінің бойында соғды шағаның ормандары бар. Қаратаудың кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Қаратаудағы кішкене «арша аралдары» бұл түрдің бұрын көп тарағанын көрсетеді. Таулық далалар Қаратау белдемдерінде кең тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер - қау мен боз және бетеге. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген сайын бетегелі–бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі. Қаратаудың далалық формациялық құрамы мен құрылымындағы өзіндік ерекшелік жартылай саванналық, фриганоидты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың –тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғыгүлдің болуы. Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратауда кең тараған. Ал Қаратаудағы «Қызыл кітапқа» кірген өсімдіктерге: Қаратау лепидолофасы, тасжапырақты лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы және т. б. жатады .

Тек Қаратау да кездесетін эндемик өсімдіктерге: Қаратау кекіресі, қаратау маралтамыры жатады. Оларға жеке-жеке тоқталайық. Қаратау кекіресі – бұршақ тұқымдасы, кекіре көп жылдық шөптесін өсімдік, тек Қаратауда ғана 8- 15 см, тамыры жуандау келген, жер астындағы тамырлары шашақталған, жер үстіндегілерінің сабақтары қысқа, ұзындығы 5-12 см, сыртын ақ түк жапқан. Гүлсидамы ақ, қара түкті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр - маусымда гүлдеп, шілдеде жеміс піседі. Қаратау кекіресі – сирек кездесетін эндемик өсімдік. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген .

Қаратау қауы – астық тұқымдасы, қау тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың, Іле-Шу тауларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 20-30 см, сабағы жалаң тек буын асты ғана түктенген. Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілдеде жемістер піседі. Жемісі - дәнек. Қаратау қауы –жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп. Қаратау қауы – сирек кездесетін өсімдік, жылдан - жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қаратау маралтамыры – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қаратаудың тау жоталары және Мыңжылқы сайының тастақты, қорымтасты жерлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында өседі. Теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктіктегі таудың ұсақ тасты беткейлерінде кездеседі. Биіктігі 5 – 10 см дей. Тамысабағы өте жуан. Киіздей қалың әрі жұмсақ түктер қаптаған сабағында жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қалың түкті болғандықтан бозғылт түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі. Жемісі – сарғыш, оның ұзындығы 6 мм, ені 1,5 – 2 мм. Қаратау маралтамыры – сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.

Қаратау жотасында сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында құрылған қорықтар бар. Солардың бірі – Қаратау қыратының оңтүстік-шығысында Берқара ботаникалық қорықшасы. Онда шалғынды-далалы белдеуде, теректі-шетенді сирек тоғайда кездесетін өсімдіктер мен қатар жергілікті берқара терегі қорғалады.

Сонымен қатар Қаратау қыратының солтүстік-батыс бөлігін қамтитын Қаратау қорығы құрылған. Онда жергілікті жердің өсімдіктерінің 100 жуық түрі ирандық және жерорта теңіздік флора, таулы-далалы және таулы-шалғынды ландшафтты фауна алып жатыр. Олардың ішінде сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жергілікті жердің бірнеше түрлі фаунасы мен флорасы бар, оған жататындар:



  • сүтқөректілерден: қаратау қойы, ақтөс сусар, тас сусары, үнділік жайран;

  • құстардан: қара тырна, жыланшы, бүркіт, жұршы, ителгі, ақбауыр, буылдырық;

  • бауырымен жорғалаушылар: қызыл жылан, абыжылан, сарыбауыр кесіртке:

  • өсімдіктерден: беріқара терегі, Недзев алмасы, түркістан картоп үшқаты, Альберт қызғалдағы, Сергей пиязы, Илорни кекегі, түрпі, әулиеата аққабапл, маргарита өжері, тұран пиязы, арғайы, қаратау шөмшігүлі, таусағыз, мыңжапырақ кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет