ІІІ. Қаратаудың географиялық кешендері.
ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы түсінік.
Географиялық кешен. Қазіргі физикалық географияның негізгі идеясы – планетамыздың сыртқы қабықтарын (сфераларын) құрайтын табиғи географиялық компоненттердің өзара себепші болу және өзара байланысы туралы түсінік. Табиғи географиялық компонент деп: 1) қатты жер қыртысының массасын; 2) гидросфераның массасын (құрлықтың беткі суларымен қоса); 3) атмосфераның ауа массаларын; 4) биотаны - өсімдік, жануарлар, микроорганизмдер және саңырауқұлақтар жиынтығы; 5) топырақты түсінеді.[19,21] Одан басқа ерекше географиялық компоненттерге жер бедері мен климатты қатыстырады. Негізінен жер бедері өзбетінше табиғи дене емес, ол қатты жер қыртысының тек ғана сыртқы көрінісі, ал климат – ауа қабығының, дәлірек айтқанда жеке ауа массаларының белгілі бір қасиеттері мен процестердің жиынтығы. Бірақ, жер бедері және климат географиялық кешен қалыптасуы мен функциолануында (әрекетте болуында) өте маңызды роль атқарады, сондықтан олар өзбетінше географиялық компоенттер деп есептеледі.
Географиялық компоненттердің бір-біріне тәуелді болу және олар қалыптастыратын қүрделі материалдық кешендердің немесе жүйелердің ақиқат болуы, комоненттердің бір орыннан екінші орынға қарай түйіндес өзгеруде көріністе болады, яғни олардың өзара кеңістікті ұштасуы.
Географиялық компоненттер кеңістікте өзара байланысты болуымен қатар уақыт бойы да өзара байланыста болады, яғни олардың дамуы түйіндес түрде болады. Ол дегеніміз, географиялық кешендегі компоненттердің біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларының өзгеруіне, ал бара-бара жердің бүкіл бейнесі өзгеруіне әкеп соғады. Бірақ, мұндай өзгеріске ұзақ уақыт қажет. Әрбір компонентке белгілі бір инерциялылық тән. Компоненттер қайта құрылып басқа компоненттермен сәйкестікке келуге тырсады.
Сөйтіп, территориялық табиғат кешені компоненттердің қарапайым жинағы емес, ол бір тұтастық қасиетке ие, сапалы жаңа қүрделілеу материалдық құрама түрде көріністе болатын табиғат компоненттердің жиынтығы. Территориялық табиғат кешенді бір тұтас ретінде дамитын және өзінің орналасуында бір-біріне себепші болып келетін географиялық компоненттердің кеңістікті-уақытты жүйесі түрінде анықтауға болады.
Территориялық табиғат кешені – жер затының белгілі бір деңгейдегі ұйымдастыруы. Жеке компоненттер кешенінен тыс бола алмайды. Шын мәнісінде оларды бір-бірінен ажырату мұмкін емес, себебі олардың бір-бірімен өзара енуі және өзара араласуы өте қүрделі түрде болады. Жеке компонентті, ландшафттан тыс зерттеуге мұмкіндік жоқ.
Терминдік көз қарастан «территориялық табиғат кешені» рабайсыз сөз тіркес, қысқартылған түрде ТТК. Бұл терминге мағналы шектеулік тән, ол тек ғана құрлық бетіне ғана тиісті. ТТК-нің синонимі – табиғи географиялық кешен, оны қысқа түрде географиялық кешен, немесе геокешен деп атайды.
1963 ж. В.Б. Сочава (Сочава, 1978) физикалық географияның зерттейтін объектілерін геожүйе аталсын деп ұсыныс берді. Геожүйе деген табиғи географиялық бірліктердің – географиялық қабықтан оның элементарлық құрылымдық бөліктеріне дейін иерархиялық қатардың барлығын қамтиды. Жүйе деген бір-бірімен байланысты және белгілі бір тұтастықты қалыптастыратын әртекті элементтердің жиынтығы болып табылады. Бүкіл табиғат әр түрлі типтегі және тәртіптегі жүйелерден құрылған. ХХ ғ. 50-60-ші жылдардан бастап тараған жүйелі концепция, географтар үшін үлкен жаңалық емес. Жүйелердің жалпы теориясы бойынша еңбектерден алдын шыққан географиялық қабықтың, территориялық табиғат кешеннің, ландшафттың бірінші анықтамалары осы объектілердің «жүйелілігі» туралы нұсқау болған, яғни олардың біртұтас, көпкомонентті, құрамдас бөліктерінің өзара байланыстығы және өзара себепші болуы. Географттарда мұндай құрамалар кешен деп аталған. Мысалы, 1949 ж. Н.А. Солнцев өзінің мақаласында былай деген: «ландшафт деген ұсақ территориялық кешендердің заңдылықты құрылған жүйесі» («ландшафт есть закономерно построенная система более мелких территориальных комплексов») (Солнцев Н.А. О морфологии природного географического ландшафта. Вопросы географии. 1949. №16. - 65 бет. А.Г. Исаченко бойынша келтірілген, 1991).
«Кешен» деген сөзді латын тілінен, «жүйе» деген сөзді грек тілінен тікелей аударғанда олардың арасында мағналы айырмашылық анықтау мұмкін емес. Бірақ, қазіргі ғылыми тілде бұл терминдер әр түрлі мағынаға ие болды. «Жүйе» деген термин «кешен» деген терминге қарағанда кеңдеу түсінік болады.
Жүйе пайда болу үшін, арасындағы белгілі бір қарым қатынасы бар, мысалы, «топырақ-өсімдік», «атмосфера-гидросфера», «көл-су жинау алабы» т.с.с. жүйелер. Белгілі бір объект әр түрлі жүйелерге қатыса алады. Мысалы, адам әрі қоғамдық, әрі табиғи әртүрлі жүйелі байланыстардың «блогы» болып табылады. Солай етіп, әр түрлі жүйелер бір-бірін жабады, осында зат пен құбылыс арасындағы бүкіл байланыс көріністе болады.
Кешен деген термин өзара байланысқан блоктардың (компоненттердің) белгілі бір жиынтығы, және кешендер саны шектелген болады.территориялық-табиғи кешенге бірнеше міндетті компоненттер болуы тиісті, мысалы, геологиялық фундамент немесе климаттсыз ТТК болу мұмкін емес. Кешен тек ғана «толық» бола алады, бірақ, ғылыми мақсатта кез келген үйлестірімдегі компоненттер арасындағы жеке байланыстарды жеке жүйелер сипатында қарастыруға болады.
Жүйенің элементтері бір-біріне қатнасы тосаттан болу және бір-бірімен шығу тегі бойынша байланыс болмауы да мұмкін, ал кешен үшін шығу тегі бойынша (генетикалық) байланыс міндетті. Кешеннің элементтері бір-біріне себепті, олардың сипатықалған компоненттердің жиынтығымен алдын ала белгіленген болады, яғни таңдау еркіндігі жоқ десек болады. Көрсетілген айырмашылықтар территориялық табиғат кешені мен адамның еңбегінің өнімі арасындағы өзара қатынасын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кез келген елді мекен, шаруашылық саласы, немесе инженерлік құрылыс пайда болған соң табиғат кешені мен өзара әрекеттесіп бастайды. Бірақ мұндай объектілер табиғат компоненттерге тәуелді болады.
Территориялық табиғат кешенді (ТТК) жалпы заңдылықтарға бағынатын, қүрделі құрылымы мен және компоненттер арасындағы өзара себепші болу қатынастармен, ұйымдастырылуының жоғарғы деңгейімен, ерекше класс жүйесі түрінде қарастыру қажет. Мұндай жүйені геожүйе деп атауға болады, бұл термин физикалық-географиялық объектілерді, жүйелердің универсалдық категориясына тиісті екенін көрсетеді. Сонымен бірге «геожүйе» деген түсінік «географиялық кешен», немесе «территориялық табиғат кешені» деген түсініктерге қарама қайшылығы жоқ, кейінгі терминдер географиялық зерттейтін объектілердің ерекшелігін дәлірек айқындайды (анықтайды). Бірақ, олардың жалпы ғылыми жүйелі терминологияға сәйкестілігі аз, сондықтан терминологиялық ыңғайсыздықты тудырады.
Физикалық географияда географиялық кешендер планетарлық, аймақтық (регионалдық) және жергілікті жерлік (локальдық) деңгейлерде қарастырылады. Планетарлық деңгейде жалпы географиялық қабықты зерттейді. Оны П.И. Броунов 1910 ж. эпигеосфера (Исаченко бойыншы келтірілген, 1991) деп атауға ұсынды, тікелей аудармасы жердің сыртқы қабығы.
Қаратау жотасы орта биікті тауларға жатады, сондықтан биіктік белдеулілік айқын байқалады. Кез келген географиялық кешеннің қалыптасуында мұхит деңгейінен абсолюттік биіктік маңызды роль атқарады. Бұл фактордың ықпалында ландшафттық сфера қабатты түзіліске ие болады. Белгілі бір биіктікке дейін тау алды жазықтықтағы ландшафттық зона белгі бермейді. Одан кейін, географиялық кешендер, көрші, әдетте солтүстікке қарай орналасқан (солтүстік жарты шарда) ландшафттық зонаның белгілері пайда болады. Таулы аймақтағы географиялық кешендердің биіктеген сайын заңдылықты өзгеруін биіктік белдеулілік деп атаймыз.
Биіктік белдеуліліктің негізгі себебі биіктеген сайын жылу балансының өзгеруі. Бірақ, биіктік және жазықтық бойынша температуралық өзгерістер әр түрлі болып келеді. Күн радиацияның мөлшері биіктеген сайын өседі шамамен әр бір 1000 метрге биіктікке 10 %. Ол атмосфера тығыздығының және қалыңдығының және су буы мен шаңның кескін азаюна байланысты. Бірақ, инсоляцияға қарағанда, жер бетінің ұзын толқынды сәулеленуі тезірек өседі. Нәтижеде радиациялық баланс тез азаяды және ауа температурасы тез төмендейді. Биіктік температуралық градиент горизонттық немесе ендік бойынша градиенттен жүздеген есе көп, сондықтан, бірнеше километр биіктік бойынша физикалық-географиялық өзгерулер аса маңызды болады, оны жазықтық бойынша экватордан полярлық мұзды шөлдерге дейін теңбе-тең (равноценно) десек болады.
Тауға көтерілген сайын ылғалдану жағдайы маңызды өзгереді. Бірақ, бұл өзгерістер ендікті-зоналылық пен сәйкес келмейді. Таудағы жауын-шашын жер бедерінің тосқауыл (барьерлі) эффектіне міндетті. Таулы тосқауылдың ықпалымен ауа массаның жоғары көтерілу қозғалысы болады, ылғалдың конденсациясы күшейеді, бірақ белгілі бір деңгейге дейін, кейін ылғалдың азаюна байланысты жауын-шашаны кеми бастайды.
Әрбір ландшафттық зонаға биіктік белдеуліліктің ерекше типі қасиетті, яғни биіктік шекараларымен, олардың орналасу бірізділгімен, белдеулердің санымен сипатталатын өзінің ерекше белдеулілік қатары. Биіктікті-зоналылық қатарлардың заңдылықты орналасуы орографиямен қүрделенеді. Мысалы, Қаратудың орталық және солтүстік бөліктерінде төменгі белдеу тау алдыңғы жазықтықтардағы шөл зонасын жалғастырады, кейн зоналардың ендік бойынша өзгерістерін қайталайды, шөлейт, құрғақ дала, дала және өзен аңғарларында галереялық ормандар немесе тоғай географиялық кешендері кездеседі. Орман белдеуін қалыптастыру үшін Қаратаудың биіктігі жетпейді.
Абсолюттік биіктік факторымен қатар, тау ғимаратының жалпы бағытына байланысты беткейлердің экспозициясы таулардың ландшафттық дифференциациясында маңызды роль атқарады. Экспозицияның екі түрін ажыратады – солярлық, немесе инсоляциялық және желдік, немесе циркуляциялық. Біріншісі – беткейлердің көкжиектің бағыттары бойынша бағытталуын, ал екіншісі – ауа ағымдарына қатысты таулардың орналасуын көрсетеді.
Солярлық экспозициядан беткейдің жылу және су режимдері тәуелді. Оңтүстік беткейлерінің, солтүстік беткейлеріне салыстырғанда қызуы жоғары болады, булану интенсивтілеу өтеді, демек, басқа тең жағдайда оңтүстік беткейлері құрғақтау болып келеді. Оңтүстік беткейлерде биіктік белдеулердің шекаралары солтүстік беткейлерге қарағанда жоғарылау болады.
Желдік экспозиция екі түрлі роль атқарады. Ол, экспозицияның эффектін күшейте отырып, солярлық қарама қарсы беткейлердің термикалық режиміндегі қарама-қарсылықты маңызды шиеленістіреді. Мұндай жағдай Қаратау жотасына тән, солтүстік беткейіне солтүстік ауа массалардың ықпалы басым, ал оңтүстік беткейінде олардың ықпалы салыстырмалы төмендеу. Сондықтан, Қаратау климаттық аудандастыруда климат айырығы болып келеді.
Беткейдің климаты мен ландшафттарына, желдік экспозиция ықпалының екінші бағыты ылғал көздеріне қатысты бағыттандыру, яғни ылғалды ауа массалар тасмалдау жолы мен циклондардың траекториясына қатысты.
ІІІ.2 Қаратау жотасының географиялық кешендері.
Ұсынылған жұмыста географиялық кешендер аймақтық деңгейде қарастырылған. Қазақстан Республикасы территориясын физикалық-географиялық аудандастыру бойынша көптеген зерттеу жұмыстары бар. Олардың арасындағы ең маңызды авторлар, Л.С. Берг (1930, 1950 т.б. еңбектері), М.А. Глазовская (1960), В.М. Чупахин (1964, 1968), В.А. Николаев, Н.А. Гвоздецкий (1971), Г.М. Джаналиева т.б. (1998) тағы басқа еңбектер бар.
В.А. Николаев және Н.А. Гвоздецкий бойынша (1971) Қазақстан Республикасының территориясы төрт ірі физикалық-географиялық бөлікке бөлінеді: Солтүстік-Батыс Қазақстан, Солтүстік және Орталық Қазақстан, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан. Осы авторлар, аудандастырудың негізгі бірлігі ретінде физикалық-географиялық провинцияны алып, Қазақстан Республикасы территориясын 16 провинцияға бөлуді ұсынған. Жазықтар мен қыраттардың физикалық-географиялық провинцияларын табиғат зоналары бойынша топтастырылған. Таулы географиялық (табиғат) кешендерін таулы облыстардың провинциялары деп көрсетілген. Қаратау жотасын В.М. Чупахин Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Тянь-Шань облысының Қаратау физикалық-географиялық провинциясы деп анықтайды.
Г.М. Джаналиева т.б. (1998) бойынша Қаратау жотасы Орта Азия физикалық-географиялық елдің құрамындағы Тянь-Шань физикалық-географиялық облыстың Оңтүстік-Батыс Тянь-Шань провинциясына Қаратау-Талас физикалық-географиялық округ болып кіреді.
Қазақстан Республикасының Физикалық-географиялық атласында ландшафттық карта бойынша Қаратауда тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы ландшафттар ажыратылған, олар таулы шөл, таулы шөлейт, таулы құрғақ далалы және далалық ландшаттар типіне жатады.
Әдетте, үш бөлімге бөледі:
-
Оңтүстік-Шығыс Қаратау – Шақпақата асуынан Боралдай өзенінің аңғарына дейін;
-
Орталық Қаратау – Боралдай өзенінің аңғарынан Майдантал өзенінің алабына (су жинау алабы) дейін;
-
Солтүстік-Батыс Қаратау – Майдантал өзенінен солтүстік-батысқа қарай.
Қаратудың оңтүстік-шығыс бөлігін Боралдайтау деп атайды, ең биік шыңы Бокейтау 1813 м. Боралдаутау көптеген үшкір шыңдармен салыстырмалы тар қырқамен көріністе болады.
Орталық Қаратау көлденең кесіндісінде шұғыл ассиметриялық болып табылады: оның оңтүстік-батыс беткейі жаймен тау алды жазығына өтетін кең және жайпақ болып келеді, солтүстік-шығыс беткейі тау алды белдеуінен шұғыл шектелген тар және тік жар болып келеді.
Солтүстікте түсіріліспен шектелген жайпақ оңтүстік-батыс беткейі абразиялық денудациямен тегістелген бет түрінде көзге көріністе болады. Орталық Қаратауда солтүстік-батыс бағытта Арыстанды өзеніне дейін көлдене түскен аңғарлар арасындағы суайырықтардың жазықты учаскелері біртіндеп 510 метр абсолюттік биіктікке дейін төмендейді. Бірақ Қарабас өзені жоғарғы ағысынан Қаратаудың бас суйырығы біртіндеп көтеріледі, Бессаз (2176 м) және Мыңжылқы (1940 м) шыңдарында жотаның ең биік жеріне дейін жетеді. Батысқа қарай суайырық аласара түседі.
Қаратау жотасы жер бедерінің ең сипатты элементі, әр түрлі литологиялық құрамындағы палеозой тау жыныстарын кесіп өтетін суайырықтардың тегіс үстірт тәріздес учаскелері. Солтүстік-Батыс және Орталық Қаратаудың кейбір учаскелерінде осы денудациялық беттің үстінде, алдымен төменгі юраның лагуналық, ал оның үстінде теңіздік жоғарғы бор шөгінділері орналасқан. Қаратау жотасының суайырық жазықтары ландшафттық қатынаста таулы дала кешендері дамыған болып келеді. Топырақтың негізгі түрі таулы сарғылт (каштан) және қара топырақ. Өсімдік түрлері әр түрлі шөптесін – ірі астық тұқымдастардан тұратын, таулы шалғындар.
Географиялық кешеннің даму ерекшелігі климат жағдайына байланысты. Қысқы маусымда түрақты қар жамылғысы қалыптасады, ашық көтеріңкі жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 30 – 40 см дейін ал сайларда - қалыңдығы 1 метрден асады. Мұндай жағдайда көктемде үзақ уақытқа дейін ылғал сақталады. Оның нәтижесінде қалың шөптесін өсімдіктер жамылғысы пайда болуына алып келеді.
Қаратаудың суайырық жазықтарының далалық формациялары құрамы мен құрылымындағы ерекшелік жартылай саванналық [21], фриганоидты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың – тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғы гүлдің болуы. Шөптесін формацияны құрайтын негізгі өсімдіктер: қау мен боз және бетеге. Өсімдік жамылғысында қызғалдақ, Қаратау маралтамыры, таусағыз, мыңжапырақ кездеседі.
Өзен немесе құрсай аңғарларында ағаштардың бірнеше түрлері тоғай формацияларын құрайды. Мұнда жабайы алма, өрік, беріқара терегі т.б. бар. Өзен аңғарлары жайлау ретінде пайдалануда, әсіресе қара ірі малдың сүтті-етті породаларын бағуға өте тиімді.
Қазіргі таңда бұл географиялық кешендер шабындық ретінде, кейбір учаскелері күздік бидай егіге пайдалануда, әсіресе күздік өте жоғары өнім береді.
Қаратау жотасының абразиялық бетіндегі барлық бас өзен аңғарлары бас суайырыққа және жотаның бағытына перпендикуляр болып түседі және бір-біріне параллель болып келеді. Аңғарлар геологиялық түзілуден тәуелсіз пайда болған, тек ғана беттің еңкісіне қарай қалыптасқан. Екінші дәрежедегі өзендер, бас өзендердің салалары, жұмысақтау тау жыныстардың орналасуына сәйкес, ұзына бойы аңғарларды қалыптастырады. Қаратау жотасының оңтүстік жайпақ беткейндегі эрозиялық жер бедері типтік орта биікті таулы ландшафтарға сәйкес келеді. Суайырық учаскелерінде топырақ жамылғысы шоқ-шоқ болып дамыған, басым ойыс жерлерге тән. Биіктеу учаскелерінде ірі сынық материал – «тас теңіздері» деген жинақтар пайда болады, олардан беткей бойы төмен қарай тасты ағындар қалыптасады.
Орталық Қаратау аңғарлардың жоғарғы бөліктері терең шатқалдары түрінде болады, кейбір жағдайда жар тас беткей болып келеді. Шатқалдардың тереңдігі ондаған метрге жетеді. Ақсу, Ақтас, Талдыбұлақ өзендердің шатқалдары 50 – 150 м, Қантағы өзеннің шатқалы 300 – 400 м тереңдікке жетеді.
Ағыстың төменгі бөлігінде аңғарлар беткейлерінің биіктігі және еңкістігі төмендейді, аңғарлар түбі кеңейеді, ірі аллювийден тұратын аласа локальдық террасалар пайда болады. Аңғарлардың төменгі учаскелерінде жайылма және жайылма үстіндегі террасалар қалыптасады, олардың арнадан биіктігі 6 – 10 метрге жетеді. Террасаларда табиғи жағдайда, тоғайлы географиялық кешендері пайда болады.
Қазіргі таңда бұл кешендер жоғарғы деңгейде игерілген. Тарихи мәліметтер бойынша бұл аңғарларда адамдар ерте кезден қоныстанған. Масштабы 1:1000 000 Оңтүстік Қазақстан облысының картасын талдауда, өзендердің аңғарлары бойы көптеген ауылдық елді мекендер бар, мысалы, Боралдай өзенінің оң саласында Қошқарата өзені бойы елді мекендер арасындағы қашықтық 1 – 2 километрден 10 километрге дейін барады, Шұқыршақ, Ақтас, Қошқарата, Кенсай елді мекендері, олардың арасындағы нөмірленген кішігірім ауылды елді мекендер не бары 15 км аралықта орналасқан.
Қаратау жотасының оңтүстік беткейлері тығыз қонысталған, сондықтан, өзен аңғарларында жұздеген жылдар бойы антропогендік кешендер қалыптасуда. Жергілікті халық басым мал шаруашылығымен, суғарылмайтын егіншілікпен шұғылданады.
Қаратау жотасында картсы құбылыстар кең дамыған. Қаратауда карсталатын тау жыныстары төменгі карбон және жоғарғы девонның әктастары мен доломитизацияланған әктастар және төменгі палеозойдың карбонатты тау жыныстары. Таудағы карст пішіндері кейбір жерлерде шоқ-шоқ түрінде ғана кездеседі. Ең көп Боралдайтау мен Орта Қаратауда кең таралған.
Беткі карст пішіндері аңғарлардың беткейлерінде, үңгір тәріздес ойыстар және карсты воронкалар болып келеді. Карсты воронкалардың размері әр түрлі. Боралдайтаудың жазықтық бетінде, воронкалардың диаметрі 20 – 100 м дейін, ал тереңдігі 3 метрден 45 метрге дейін.
Қаратаудағы карстың жер асты түрі уңгірлер болып табылады. Үңгірлер жар тасты беткейлерде кездеседі. Ең ірі үңгірлер Созақ селосынан солтүстік-батыста 10 км қашықтықта Алтынсай үңгірі, Суундық өзенінің бассейнінде Кеңүңгіртас және Төгестық елді мекені маңында орналасқан. Орталық Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде Хантағы елді мекені маңында Жылағаната, Қарасай, Жыңғылшық, Қаракірім деген ірі үңгірлер бар. Боралдайтауда Кеңес ауылды елді мекеннің жанында, Бала-Бөген өзені бойында, Пістелі елді мекеннің маңында Бала Боралдай өзеннің сағасында үңгірлер кездеседі.
Кейбір үңгірлер салыстырмалы үлкен, мысалы Қарасай үңгірінің ұзындығы 2000 м дейін, Алтынсай үңгірінің ұзындығы 56 м, ені 16 – 18 м, биіктігі 10 м дейін.
Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейі тар және тік жар, терең аңғарлармен күшті тілімденген. Ежелгі денудациялық беттер көбінесе сақталмаған. Суайырық тар жар тасты қырқа түрінде, бірақ биіктігі осы абразиялық беттің биіктігінен жоғары болмайды. Суайырықтардың аңғарлардан салыстырмалы биіктігі 600 м дейін барады. Бас аңғарлар күшті еңкістелген, кейбір жағдайда сарқырамалар пайда болады.
Қаратау жотасының геологиялық қазіргі тарихи кезеңдері мынадай. Жоғарға боз кезеңіндегі трансгрессиядан кейін Қаратау территориясыкөтеріле бастады, оның нәтижесінде бор шөгінділері палеозойлық негізге дейін жуылып кетті. Палеогенде теңіз қайтадан көтерілді, Солтүстік-Батыс және Орталық Қаратау теңіз астына түсті. Боралдайтау палеоген теңізі астында болмаған. Неогенде Қаратау құрлыққа айналды, палеоген шөгінділері көптеген аудандарында денудация процестерімен жойылды. Төрттік кезеңінде Қаратау жотасы біркелкі емес көтерілу процестері дамыған, оның нәтижесінде бір кезде пайда болған шөгінділер әртүрлі биіктіктерде орналасқан.
ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы.
Қаратау жотасының географиялық кешендендерінің динамикасы. Ландшафттың динамикалық өзгерісі кеңістік пен уақыт аралығында жер бедері пішінінің, тау жыныстардың, шөгінді жыныстардың қабаттануынан, өсімдік топтарының ауысуынан, топырақтың құрамы мен құрылымының өзгеруінен көрінеді. Жер бедерінің өзгеруі өзен, көл жағалауының шайылуы, жыралардың өсуі, жаңа эрозиялық формалардың пайда болуы, карст, солифлюкция және сел көшкіндері. Бір жерде тіршілік ететін өсімдік бірлестігінің ауысуы бір адамзаттық өмір кезінде бола алады. Алдыңғы геологиялық дәуірден сақталған бұрыңғы фитоценоздардың қалдықтары (реликт) сирек кездеседі, мысалға Каратау жотасында қаратау кекіресі, каратау маралтамыры.
Геологиялық масштаб уақытында фитоценоздардың, топырақ пен жер бедерінің өзгерісі соншалықты, типті бір ландшафт түрлерінің екіншісімен ауысуы туралы айтуға болады. Өткен геологиялық және климаттық жағдайларға ландшафттың реликті (қалдықты) элементтері куә.
Сонымен ландшафттар динамикасы оның компоненттерінің өзгерісі арқылы байқалады. Өсімдік жамылғысында оның өсуі мен фитомасса қорының өзгеруі – себебі зат пен энергия айналымы. Литогендік негіз динамикасында топырақ түзілу процесін, жыныстардың үгілуін және үсақ тасты-құмды материалдардың беткеймен жылжыуын ажыратады. Егер топырақ түзілу процесінде негізгі рольді зат айналымы атқарса, онда рельеф құрушы процестерде қатты және сұйық ағынның маңызы зор. Су ағынындағы өзгеріс ағынның шығынынан, ауа массаларында ауаның горизонтальдық бағытта өзгеруіненкөрінеді. Осы процестердің бәріне тән жалпы заңдылық уақыт аралығындағы ырғақтығы және циклдығы, көп жылдық және ғасырлық өзгерістер.
Географиялық кешендердегі табиғи процестердің динамикасы жер бетінде күн энергиясының біркелкі таралмауынан үздіксіз ұстап тұратын және пайда болатын зат пен энергияның планетарлық алмасуымен тығыз байланысты. Термодинамиканың заңына сәйкес жер бетінің біркелкі қызбауы жылы аймақтың суығырақ аймаққа қарай бағытталған ауа мен су массаларының тасмалдауын өршітеді және соған қарай жылу мен ылғал алмасу процестерінің дамуын байланыстырады. Берілген жағдайда термикалық өрістің потенциалдық энергиясы ауа мен су тасқындарының кинетикалық энергиясына айналады. Планетаның бетінде күннің жылу қорының біркелкі таралмауы жердің геоид пішінді және оның астрономиялық заңмен ось бойымен айналуы мен орбита бойымен ауысуы, құрлықтар мен мұхиттардың өзара географиялық орналасу жағдайлары, дүниежүзілік мұхит деңгейінің абсолюттік биіктігімен, табиғи денелердің физикалық және химиялық қасиеттерінің айырмашылығымен түсіндіріледі. Күн энергиясы таралуынан жалпы географиялық заңдылығы полярлық ендіктен тропикке дейін маусым аралық температура градиентінің төмендеуі мен жер бетінің абсолюттік биіктігінің көбеюінен, тәуліктік ырғақ пен температура циклдеріне, әртүрлі ырғақтағы жылдық температура циклінен көрінеді.
Күн энергиясының түсуіндегі ырғақтылығы мен циклдығы осыған сәйкес гидротермикалық процестердің ырғағында, ал олар арқылы географиялық кешендерде және олардың арасындағы зат тасқындары мен айналымның ырғақтары және циклдерінде бейнеленеді. Топырақтың көп түрлілігімен байланысты гидротермикалық режимді зерттеу қажеттілігіне В.Р. Волобуев (1974, 1983) пен М.А. Глазовская (1981) көңіл аударды. Бүл әсер топырақтың аналог көрсеткіштерімен бірге атмосфераның жер қабатының температурасы мен ылғалдық қатынасында, сонымен қатар биомассаның көбеюі мен ыдырауында, оның демалу белсенділігінде, химиялық элементтердің миграциялық жиілігінде, үгілу процесінің бағыты мен интенсивтілігінде көрнекті байқалады. Тәулік бойы жарық пен жылудың интенсивтілігі таңертеңгі кезден тал иүске дейін күшейіп және қайтадан кешкі сағаттарға таман төмендеп өзгереді. Түнгі уақытта бұл көрсеткіштер минимальды, бірақ жаңа тәуліктік цикл басталып, таңсәріден жылу мен жарықтың келу ритмі қайталанады. Берілген сипаттамалардың сандық көрсеткіші күн сайын өзгеруі мүмкін, бірақ процестердің бағыты сақталады. Топырақ пен жер беті суына қарағанда ауа тез қызады және тез суынады. Сондықтан топырақ пен судың температурасы ауа температурасының өзгеруінен біршама кешігеді, биомассалардың көбеюінде білінетін фитоценоздың реакциясы да соған сәйкес кешігеді.Топырақ температурасының тәуліктік ауытқуы 50 см тереңдіке дейін байқалады, жылдық – 14 м-ге дейін. Сонымен жер беті топырағымен салыстырғанда тереңдеген сайын температура көрсеткіштері кешігеді. Уақыт айырмашылығы бір айға дейін жетуі мұмкін.
Көршілес географиялық кешендерде табиғи процестердің ырғақтары мен циклдері уақыт және көріну деңгейі бойынша бір-бірімен сәйекс келмейді, өйткені әрқайсысының жер бетінің жылынуы, ылғалдануы мен геологиялық-геохимиялық процестері әрқалай. Таулардың әртүрлі деңгейдегі бедерінде әртүрлі ырғақтылық жақсы байқалады. Аралас географиялық кешендерде сыртқы ырқатылық әртүрлі табиғи процестердің маусымдық фазасының басталуы мен аяқталуы әртүрлі мерзімдерде болуынан байқалады.
Қаратауда ландшафттың морфологиялық бөлігіндегі процестердің әртүрлі ырғақтылығын көктемде қар еріген кезеңде бақылаған ыңғайлы. Оңтүстік беткейлер солтүстікке қарағанда қардан бірнеше күн бұрын босайды. Тау беткейлеріндегі бүл айырмашылық 8 – 12 күнге жетуі мүмкін. Көршілес географиялық кешендерде мерзім бойынша бір типті фенофазаның басталу айырмашылығы 7 – 12 күнге дейін. Ырғақ пен цикл процесінің ұзақтылығы мен ауысуы географиялық кешеннің орнына, олардың ылғалдану дәрежесіне байланысты. Уақыт бойынша қайталанып отыратын тұрақты атмосфералық және гидрофизикалық процестерді гидрометеорологиялық циклдер деп атайды.
Қаратау жотасының географиялық кешендендерінің дамуы. Ландшафттың динамикасы деген үғым «даму» категориясымен диалектикалық байланысты. Географиялық кешендердің дамуы қайтымсыз өзгерістердің уақыт аралығында жиналуынан көрінеді, соңғысының бағытында регрессивті немесе прогрессивті кездер басым болуы мүмкін. Мысалы, ағын сулар арқылы элементтердің автономды фацияларда, олардың биогенді компоненттерінде шоғырлануы. Кейіннен бұл процестер тектоникалық, климаттық немесе антропогендік факторлардың нәтижесінде өз бағытын өзгертуі мүмкін, мысалы, топырақтың тұздануы немесе керісінше. Алайда әрбір табиғи кешенде не заттың ағындық ыдырауы не оның шоғырлануы басым, яғникешеннің даму эволюциясын анықтайды.
Географиялық кешендердің дамуындағы инварианттар мен кезеңдер. Кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп отыратын табиғи кешендердің даму эволюциясында үзақтығы әр алуан бірнеше кезеңдерді жіктейді. Географиялық кешендердің әрбір жеклеген инвариантына өзіне ғана тән морфологиялық құрылым, компонент аралық байланыс және бір типтегі фация қатары енеді. Инварианттардың ауысуы – даму, яғни табиғи кешен бір типтен екіншісіне айысты деген сөз. Ол климаттың немесе тектоникалық режимнің тұрақты бір бағытта өзгеруінен көрінеді, бірақ үзақ уақыт бойы жаңа қасиеттері мен белгілері сақталды.
Бір инвариант шеңберіндегі географиялық кешендер уақыт бойы өзгеріссіз қалмайды, бір типтегі табиғи кешеннің даму кезеңдерінен тұрады. Кешендердің бір кезеңінің екіншісімен ауысуы жаңа тектоникалық немесе климаттық өзгеріске байланысты топырақ, өсімдік жамылғысы мен үгілу қабығында бір бағыттағы өзгерісте. Жаңа инварианттық типтегі морфологиялық құрылым бірден пайда болмайды, алдымен жаңа компоненттер арасындағы байланыс пен жаңа факторларға сәйкес компоненттердің жаңа қасиеттері мен белгілерітұрақталады. Содан кейін климаттың жаңа белгілеріне, тұрақты бағытталған неотектоникалық режимге байланысты компоненттер мен көрші фация арасында болатын қалыптастыратын табиғи процестердің қарым-қатынасы тұрақтанады. Ол өсімдік жамылғысымен топырақтағы жаңа белгілер арқылы көрінеді. Осының негізінде қалыптасу, тұрақтану және жаңару кезеңдері бөлініп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |