Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер



бет13/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
диплом-Жупар

-Лық пен дық, тық пен тық, тық пен лік жұрнақтары қарсы мәндес антоним аффикстері болып тұр. Мысалы, тарлық теңдік, аштық тоқтық; жақсылық жамандық, жастық кәрілік; Тау мен лау, тау мен дау жұрнақтары да солай. Мысалы, ақтау қаралау, алыстау жақындау, арзандау қымбаттау.
Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер. Түбір сөзге әр түрлі қосымшалар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді. Туынды омонимдерге біздің тіліміз өте-мөте бай. Бұлар мына сияқты өнімді жұрнақтар арқылы келіп шыққан: а) Омонимдер -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтары арқылы жасалған. Мысалы: Айналма I. Көшенің бұрылатын жері, бұрылыс. Жарқ етіп айналмадан шыға келді. Көңілі тасығандай алып ұшып (И.Байзақов). Айналма II. Мал ауруы, делбе. Айналмамен ауырған малдың басын итке тастамай, жағып жіберу керек (Ә. Әбішев). Баспа I. Газет, журнал, кітап басып шығаратын орын мекеме. Республикада баспасөз бен баспа ісін жақсартуға бағытталған едәуір жұмыс істелді («Соц. Каз.»). Баспа II. Тамақ ауруы. Тамағы баспа болып ауырған адам суық тамақ ішпеу керек (ауызекі тіл).
Омонимдер –ыс, - іс, -с жұрнақтары арқылы жасалған. Атыс I. Ұрыс, соғыс. Би, болыс арыздасып, безді мөрден. Баспашы атаман да атыста өлген (Д. Еркінбеков). Атыс II. Жанжал салып, төбелесу, қырқысу, соғысу. Он сан ноғай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде, Қырық жылдай атысқан, Қызыл қанға батысқан (Жамбыл). Тігіс I. Жіппен тігілген, жіп жүргізген жер. Етіктің тігісін сыртына қаратып, былғарыдан тікті (Қазақ ССР тарихы). Тігіс II. Тігуге қатысу, араласу, Көрші ауылдың қыз-келіншектері келіп үй тігісті (ауызекі тіл).
Омонимдер –ық, -ік, -қ, -к жұрнақтары арқылы жасалған. Қорық I. Мал жайылатын шөбі мол жер. Қорықпа жайылған мал боранды аса елей қойған жоқ (С. Бегалин). Қорық II. Үрейлену, зәресі ұшу. Су ішкелі бір өгіз барып еді бұлаққа, Бақалар қорқып тарбақтап, Қашып шықты әр жаққа (Абай). Ашық I. Аузы жабылмаған, төбесі жоқ. Қабылдау залының төбесі ашық (М. Әуезов). Ашық II. Қарны ашу, тамақтан тарығу. Алыңдар, күні бойы егісті аралап, ашығып қалдыңдар ғой! (С. Бақбергенов). Желік I. Көңіл көтерушілік, есірушілік. Көңілге желік кіргеннен кейін мен Ғаббасқа тіпті соқтығымпаз болып кеттім (С. Мұқанов). Желік II. Денеге бөртіп шыққан ұсақ-ұсақ бөрткен. Денеме желік шығып, түнімен қышып ұйықтатпады (ауызекі тіл).
Тағы да аффикстер арқылы омоним болатын мысалдарды көрсетсем,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет