Қазақ тіліндегі омоним аффикстер. Омоним аффикстері айрықша бір түрі ретінде омофондар мен омографтардың сөз тіркестеріндегі орфографиямен, орфоэпиямен қарым қатынасын ескермей болмайды. Мысалы, бөлме "үйдің бөлігі", ал бөлме "бөл деген етістіктің болымсыз түрі", мұнда ме омоним аффиксі болып тұр. Сол сияқты тартпа сөзі де І. столдың қағаз салатын жәшігі; ІІ. тарт деген етістііктің болымсыз түрі. Мұнда да болымсыз етістіктің ма жұрнағы омоним аффиксі болып тұр. Омофондар мен омографтар таза, толық омонимдер болып кездесе бермейді, бірақ та осы бөлме, тартпа сөзін болымсыз етістіктің ма, ме жұрнақтарын пайдалану арқылы омоним аффиксі деп қарастыруға болады. Сөз жасайтын жұрнақтардың да осы өз ішінде омоним болып жұмсалатын осы аффикстердің жалғануы арқылы жасалатын бірнеше сөздерге амал - тәсілдер тағы да көрсететін болсам. Олар өзара салыстырумен суреттеледі. Айталық, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -педеген жұрнақтардың өнімді тобына жатумен қатар, алуан түрлі мағыналы сөздер жасайды: демек бұл аффикс жалғыз бір ғана сөз тобына жатпайды, тұлғалас жағынан әрі зат есім, әрі сын есім, әрі етістіктерге ортақтасып келеді. Мысалы, Ұлы бастама, бұл -көрме, қазба байлық, сүзбе сүттен жасалады. Шаппа - кішкентай шот, кеспе -көже деген сөйлемдердегі, бастама, көрме, қазба, сүзбе, шаппа, кеспе дегендердегі -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтары қимыл ұғымды сөздерден мағыналы сөз жасап, зат есім болып тұр. Бояма мата, қынама бел, сырма камзол дегендердегі бояма, қынама, сырма сөздеріндегі -ма, -ме жұрнақтары жұрнағы қимыл ұғымды сөздерді сындық ұғымды жаңа мағынаға айналдырып тұр. Сол сияқты қолыңды суға малма, орынсыз көп сөйлеме, кітапты сызба, сөз тізбе, өтірік айтпа, сабаққа кешікпе, дегендердегі -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтары болымды етістіктерден болымсыз мағыналы етістіктер жасалып тұрғаны айдан анық көрініп тұр.
Бұл келтірілген мысалдардан бір тұлғалы -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнағы үш түрлі мағынада жұмсалуда, мұндай жұрнақты омонимді аффикстер деп атап қарастыруға болады және сондай мәдімет бізде бар, кездеседі.
Антоним аффикстері көбіне көп туынды есімдерден болады. Қарап тұрсақ туынды зат есімдерден жасалған антонимдердің де, туынды етістіктен жасалған антонимдердің де негізгі түбірі сапалық ұғымды білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы: