Зерттеу жұмысының мaқсaты мен міндеттері: Қaзaқстaн Республикaсының туризм саласының инвестициялық тартымдылығы және тaртылғaн инвестициялaрды тaлдaу және шетел кaпитaлы экономикaның бәсекелестігін aрттырудың бaсты фaкторы болaтындығын aйқындaу. - шетел инвестициялaрын тaртудың қaжеттілігін aнықтaу;
-туризм саласының инвестициялық тартымдылығы;
- «инвестиция» терминінің мәні мен қызметін тaлдaу;
- шет елдерінің инвестициялық сaясaтын зерттеу;
- туризм сaлaсындaғы инвестициялық жобaны бaғaлaу тәсілдерін тaлдaу;
- туризм сaлaсынa шетел инвестициялaрын тaрту мaқсaтынa aрнaлғaн мемлекеттік шaрaлaрды сұрыптaу.
Зерттеу пәні: елдің экономикaсынa инвестициялaрды тартымдылығы тaрту кезінде пaйдa болaтын экономикaлық қaтынaстaр.
Зерттеу обьектісі: Қaзaқстaнның ұлттық экономикaсын түрлендіру жaғдaйындaғы туризм сaлaсының инвестициялық тартымдылығы
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тaрaудaн, қорытындыдaн, пaйдaлaнғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.
1ТУРИЗМДІДАМЫТУДАҒЫИНВЕСТИЦИЯНЫҢНЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1Инвестиция түсінігі және туризмді дамытуға инвестициялау процесі
Инвестиция – табыс (пайда) алу мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық, материалдық және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық көрсеткіштер динамикасы ел дамуының әлеуеті мен жақсы жағдайын сипаттайтын басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.
Инвестицияға арналған ресурстар шартты түрде төмендегі бағыттарға бөлінеді:
· жаңа өнімді игеру және шығару;
· техникалық жағынан қайта жарақтау;
· өндірісті кеңейту;
· қайта құру;
· жаңа құрылыс.
Инвестициялау объектісіне байланысты инвестиция түрлері:
· айқын инвестиция (кәсіпорынның физикалық капиталына салынған қаржылар, мысалы, жаңа негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңартуға немесе оларды қайтадан техникалық жағынан жарақтау);
· қаржылық инвестиция (инвестордың қаржылық капиталын арттыру мақсатында акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да қаржылық құралдарды пайдаланудағы салымдар);
· ғылыми – техникалық өнім инвестициясы;
· материалдық емес инвестиция (мүліктік құқықтарға, интеллектуалды жеке меншік құқығына салынатын салымдар).
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектіліріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Инвестициялау үрдісіне қатысу сипатына байланысты бөлінуі:
· тікелей инвестиция (инвестициялау объектісін таңдауға инвестордың тікелей қатысуы);
· жанама инвестиция (үрдісті инвестициялық компания және басқа да қаржылық делдалдар жүргізеді).
Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтерге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
· табиғи активтерге инвестициялар;
· ақша активтеріне инвестициялар;
· материалдық емес активтерге инвестициялар.
Табиғи активтерге – өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдіктер, және т.б.
Материалдық емес активтерге – фирма жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілірінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.
Инвестициялардың түрлері мен тәуекелділік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Инвестиция түрлері мен тәуекелділік деңгейінің байланысы
3-түрі
|
4-түрі
|
1-түрі
|
2-түрі
|
Жаңа өндірістерді салуға инвестициялар
|
Өндіріс кеңейтуге инвестициялар
|
Тиімділікті арттыруға инвестициялар
|
Мемлдекеттік ұйымдардың талап-тарын орындауға инвестициялар
|
Тәуекелділіктің жоғарғы деңгейі
|
Тәуекелділіктің төменгі деңгейі
|
|
|
Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің маңызды объектісі болып табылады.
Борыштық бағалы қағаздар – заттай емес активтерге берілген салым ретінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа, қарызға берілген қаражат болып есептелінеді.
Акция – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын, осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі. Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестициялық жобаларды атқарады. Акциялар эмиссиясы дегеніміз акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, компанияның жарғы капиталын көбейту.
Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты нақтылайды. Қарыздық міндеттемелерге – облигациялар, мемлекеттік заемдар, банкілерде депозиттік және сақтау сертификаты, вескельдер жатады.
Туынды бағалы қағаздар – иелерінің акцияларды және қағаздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді. Олар – опциондар, фьючерстік келісімдер.
Опцион – еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құнының беретін бағалы қағаздар.
Қаржылық фьючерс – белгілі бір базистік активті болашақ тіркелген бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісім.
Бағалы қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орнына берілген бағалы қағаздардың сертификаттары бағалы қағаз болып есептелмейді. Олар бағалы қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамен, қандай сомада бағалы қағаз сатып алынғаны көрсетіледі.
Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдаң көп), қысқа мерзімді (1 жылдан аз) қаржылық инвестициялар болады. Көрсетілген активтерге қаражат қуюшылар – инвесторлар, ал бағалы қағаздар шығарушылар – эмитенттер деп аталады.
Инвестициялардың негізгі мақсаттарына жататындар:
· салымдардың қауіпсіздігі;
· салымдардың табыстылығы;
· салымдардың өсуі;
· салымдардың өтімділігі.
Инвестицияларды көптеген белгілер бойынша жіктеуге болады. Жіктеудің негізгі белгісі болып капитал салымының объектісі табылады. Соның негізінде келесілерді айырады:
· қаржылық (портфельді) инвестициялар;
· нақты (капиталқұрушы) инвестициялар;
· материалды емес активтерге инвестициялар.
Қаржылық (портфельді) инвестициялар – бұл мемлекет, жергілікті өзін-өзі басқару және корпоративті компаниялар (заңды тұлғалар) шығарған акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздарға салынатын ақша қаражаттары.
Нақты инвестициялар – бұл қандай да бір өнімді өндіруге салынған капитал, яғни қоғамның нақты капиталын арттыруды қамтамасыз ететін салымдар. Нақты инвестициялар негізгі қорлардың жаңадан салынуы, істегі кәсіпорындардың кеңейтілуі, техникалық қайта алмастыру арқасында іске асады.
Материалды емес активтерге инвестициялар – бұл ғылыми-техникалық әдістемелерге салынатын ақша қаражатттары (мүліктік құқықтар, лицензиялар, «ноу-хау», т.б.).
Инвестициялық жобаның мақсаттары бойынша инвестицияларды келесі негізгі топтарға топтастыруға болады:
· өндірістің тиімділігін жоғарылатуға арналған инвестициялар: мақсаты - құрал-жабдықтарды алмастыру немесе өндірістік қуаттарды салық салу және өндіріс шарттары тиімдірек аймаққа ауыстыру жолымен өндірістік шығындарды азайту;
· өндірісті кеңейтуге арналған инвестициялар: мақсаты – өнімнің өткіу және өндіру көлемін жоғарылату;
· істегі кәсіпорындардың техникалқ қайта алмастыру және реконструкцияға арналған инвестициялар: мақсаты - өндірістің тиімділігін жоғарылату, номенклатурасы мен көлемін кеңейту, шығарылатын өнімнің сапасын көтеру;
· жаңа немесе қағидалы түрде жаңа өнімді шығаруға арналған инвестициялар: мақсаты – жаңа өнім шығару. Сонымен қатар жаңа ішкі және сыртқы нарықтарға шығу;
· жаңа жұмыс орындарын құруға арналған инвестициялар: мақсаты – елдегі және оның бөлек аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;
· сыртқы ортаны қорғауға және шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға арналған инвестициялар.
Көріп отырғандай, инвестициялардың мақсаты әр түрлі, бірақ жалпы оларды төрт негізгі топқа бөлуге болады:
· нарықтағы өнімді сақтау;
· өнімнің көлемін кеңейту және сапасын көтеру;
· жаңа өнім шығару;
· әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу.
Инвестициялардың объектісі болып табылады:
· салынып, кеңейтіліп және реконструкцияланып жатқан жаңа тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындар, мекемелер (негізгі қорлар);
· бірінші міндетті шешуге бағытталған салынып жатқан немесе реконстркуцияланып жатқан объекттердің кешені. Бұл жағдайда инвестициялаудың объекті болып республикалық, облыстық немесе басқа деңгейдегі бағдарламалар табылады;
· қызмет етіп жатқан өндірістік аудандардағы жаңа өнімдердің (қызметтердің) өндірісі;
· жаңа өнімдердің әзірлемесі;
· қызмет етіп жатқан өндіріске жаңа техниканы ендіру.
Инвестициялардың объекттерін масштабпен, бағытпен (коммерциялық, әлеуметтік, мемлекеттің қызығушылығымен байланысты және т.б.), инвестициялық цикл құрылымына, мемлекеттің қатысу дәрежесіне, тиімділігіне қарай айырады.
Инвестициялық қызметтің субъекттері болып реципиенттер табылады, олар – инвестицияларды пайдаланатын ұйымдар, кәсіпорындар. Сонымен қатар, инвестициялық қызметтің субъекттері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмыс орындаушылар, инвестициялық қызметтің объектісін қолданушылар және жабдықтаушылар, әр түрлі кәсіпкерлік ұйымдар – банктік, сақтандыру, делдалдар табылады. Инвестициялық қызметтің субъекттері болып жеке және заңды тұлғалар (шетел де), мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар табылады. Олар екі не одан көп субъекттің қызметін біріктіруі құқылы.
Инвестициялаудың негізгі субъекті – инвестор, ол өзінің, қарызға алынған және қосымша тартылған қаражаттарды инвестиция нысанында салады.
Жеке инвестор – бұл негізгі өндірістік-шаруашылық қызметтің дамуына инвестиция салатын жеке немесе заңды тұлға.
Институционалды инвестор – бұл жеке инвесторлардың қаражаттарын жинақтап, инвестициялық қызметті іске асыратын қаржы делдалы.
Инестициялаудың мақсатына қарай стратегиялық және портфельді инвесторларды айырады.
Стратегиялық инвестор - өз алдына бақылау акция пакетін немесе басқа кәсіпорынның жарғылық капиталының артықшылығы бар үлесін сатып алуды мақсат етеді.
Портфельді инвестор – инвестицияланатын қаражаттарды ағымдағы пайданы табу мақсатында әр түрлі инвестициялау объекттеріне салады.
Инвестициялық қызметтің келесі субъекті – тапсырыс беруші. Тапсырыс беруші болып инвестор бола алады, сонымен қатар басқа субъекттердің инвестициялық қызметіне араласпай, егер келісімде басқасы қарастырылмаса, инвестициялық жобаны іске асырудағы жеке және заңды тұлғалар болады.
Мердігерлер болып мердігерлік келісім бойынша қызмет ететін жеке және заңды тұлғалар табылады. Мердігерлер өздері қызмет ететін түрлеріне лицензиясы болуы керек.
Инвестициялық қызметтің субъекттері қаржы салымдары әске асатын инвестициялық сферада қызмет етеді. Инвестициялық сфераның құрамына кіретіндер:
· капиталды құрылыс сферасы, онда инвестициялар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға салынады;
· инновациялық сфера, онда ғылыми-техникалық өнім және интеллектуалды әлеует іске асады.
Инвестициялық қызметтің ерекшелігі болып оның циклдығы табылады, ол бірнеше фактормен анықталады:
· инвестициялық ресурстардың қалыптасуы мен алдын ала жинақталуының қажеттігімен;
· инвестициялық қызметтің белсенділігіне сыртқы кәсіпкерлік ортаның әсері (қызметті іске асыруда дұрыс немесе бұрыс климат құру жоспарында);
· «инвестициялық талпыныс» үшін қажетті ішкі шарттардың біртіндеп құрылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |