1.2Туризмдегі инвестицияның жіктелуі және принциптері
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарды жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді.
Инвестициялық қызметтің объектілері
Интелектуалдық (ғылыми) меншік құқықтары
Мақсатты ақша салымдары
Құнды қағаздар
Мүліктік құқықтар
Инвестициялық қызметтің объектілері
Жаңадан жасалатын негізгі құралдар
Басқа да меншік объектілері
Ғылыми-техникалық өнімдер
2 кесте– Инвестициялау объектілері
Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
Инвестициялардың негізгі белгілері
бойынша жіктелуі
Инвестиция түрлері
Инвестициялау объектілері бойынша
Нақты (тікелей)
Қаржылық (қоржындық)
Инвестициялау мерзіміне қарай
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипаиына қарай
Тікелей
Тікелей емес (жанама)
Инвестицияланатын капиталдың меншік нысанына қарай
Жеке
Мемлекеттік
Аралас
3 кесте– Инвестицияларды жіктелу
белгілері
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвеститциялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.
Ұзақ мерзімді инвестициялар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестиция-лардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.
Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мелекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |