Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент


- ші сабақ. Кіші топтардағы пікір-сайыс



бет15/19
Дата05.06.2022
өлшемі287.38 Kb.
#458975
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
агрессивті диплом

2- ші сабақ. Кіші топтардағы пікір-сайыс.
Мақсаты: «агрессия» жайында ақпаратты бекіту.
Өткізу техникасы: қатысушылар 4 кіші топқа бөлініп, спикерді, таймерді, төрайым немесе төрағаны таңдайды.
- төрайым немесе төрағаның міндеті: топтың тақырып аясынан шықпауын «ми шабуылы» ұстанымын сақтауын қадағалап, әрбір қатысушыны қолдау;
- спикердің міндеті: топтың көтерген жауаптары мен ұсыныстарын анық, қысқа және нұсқа етіп жеткізу;
- таймердің міндеті: пікір-сайысқа кеткен уақытты қадағалау.
Жүргізуші топқа «ми шабуылы» түсінігінің және оның ұстанымдарының мағынасын түсіндіреді (уақытты үнемдеу үшін дайын материал беруге болады):
- берілген сұрақ жауаптарының барлығы жазылып, тиімділері сурет немесе кесте түрінде көпшілікке жеткізіледі;
- ешқандай жауап теріске шығарылмайды;
- жүргізуші толықтырып отырады.
Қажетті құрал-жабдықтар: 4 жайма қағаз, фломастерлер.
Нұсқау: Біздің пікір-сайыс клубына келулеріңізбен. Жұмыс істеу үшін 4 кіші топқа бөлінулеріңізді ұсынамын. Топты құру кезінде келесі бөлу техникасын қолданамыз: таңертең, күн, кеш, түн.
Талқылауға арналған тапсырмалар:
1-топқа тапсырма: Агрессияның табиғи шығу көздері.
2-топқа тапсырма: Агрессиялы әрекеттің түрлері.
3-топқа тапсырма: Агрессивтілікті жеңілдету жолдары, бағыттары.
4-топқа тапсырма: Агрессивтіліктің алдын алу.
Бір-біріңізді зейін салып тыңдағандарыңызға рахмет!
3-ші сабақ.
Мақсаты: 1. Жағымды қарым-қатынас түзу;
2. Ішкі кері әсерлерден жеңілдету, қиялын дамыту;
3. Зейінін тұрақтау;
4. «Мен» бағасын көтеру (жақсы сөз жарым ырыс);
5. Өзгеге сенімін арттыру.
Қажетті-құрал жабдықтар: ақ қағаздар, түрлі-түсті қалам және фломастер.
1-жаттығу «Күлкі».
Бір-бірімізге қарап әсем де, әдемі күлкімізді сыйлаймыз.
2-сурет «Шимайлар».
Нұсқау: Жүргізуші өзімізге ұнайтын екі түсті таңдап алып, көзімізді жұмып, екі қолымызбен «қаракуле» сызамыз деп айтады. Сызып болғаннан кейін, сол бұйра сызықтардың ішінен бейне суреттер тауып, оны басқа түспен белгілеп, анық етіп бөліп сызамыз.
3- ші ойын. «Аралас салат».
Нұсқау: Қатысушылар дөңгеленіп отырады, оларды топқа бөлеміз – банан, алма, өрік. Жүргізуші банан дегенде – банандар жылдам өзара орындарын ауыстырады, ал аралас салат барлығын орнын ауыстыруы қажет. Орын жетпей немесе орын таппай қалған ойыншы жүргізуші болады.
4-ші ойын: «Көліктер».
Нұсқау: Топ дөңгеле отырады. Жеміс, жидек болып екі топқа бөлінеді. Жеміс «көліктің» рөлінде – ал жидек «көлік жуушы» рөлінде. Көлік жуушының көзін жұмып, бес минуттың ішінде көлігінің мақтауын келтіріп, жақсы сөздер айтып, жан-жағын жөндеп жуып, тазалап шығуы керек. Сосын жемістер мен жидектер орындарын ауыстырады.
Пікір алмасу – ойынға қатысушылар өздерінің ойларымен бөліседі.
5 – жаттығу: «Сенімділік».
Нұсқау: Қатысушылардан бір адам ортаға орындыққа шығып, өз бойындағы жағымды қасиеттерін айтып, арқасымен құлайды, қалған қатысушылар жылы алақандарымен демеп, оны ұстап алулары қажет.
6. Рефлекция – салған суреттерін ортаға кілем үстіне тастап, бір-бірімен ой бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет