Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент



бет17/19
Дата05.06.2022
өлшемі287.38 Kb.
#458975
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
агрессивті диплом

5-ші сабақ.
Мақсаты: 1. Өзгеге ұнамды жағдай жасай білуге үйрету.
2. Агрессиядан жеңілдеу.
3. Қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар: дайын суреттер, түрлі-түсті бояулар және қаламдар.
1.«Сыйлық».
Әр ойыншыға екі жолақ қағаздан беріледі. Әр жолақ қағаздың әрқайсысына бір мінез көрінісін (жағымды және жағымсыз мінез көрінісін) жазу керек. Барлығы қағазды дөңгелектеп орап, қорапқа салады. Әрбір ойыншы біртіндеп кезекпен қағазды алып, бір-біріне сыйлайды. Сыйлықты алушы ашып оқиды, егер ондағы мінез көрінісі өзіне ұқсаса, онда қалдырады. Егер ұқсамаса, өзгеге (ондағы мінез көрінісі кімге ұқсас болса) соған ұзатады, осылай ойын жалғасып кете береді.
2. «Суретшілер конкурсы».
Жүргізуші алдын ала ақ-қара түстен салынған қандай да бір агрессиялы кейіпкерлердің суреттерін дайындап қояды. Оқушыларға – мына суреттерге қайырымды түс енгізе алатын суретшілер болуын ұсынады. Қатысушыларға дайын суреттер таратылады, олар оған мамық, үлпілдеген жүндерін салып, басына ашық түсті бас киім кигізіп, оларды қайырымды етуге тырысады. Соңында суретшілер конкурсы ұйымдастырылады – кімнің суреті өзгелерден қайырымдырақ салғаны анықталады.
3.«Карусель».
Қатысушылар жұп-жұбымен дөңгелене бір-біріне қарап отырады.
Жүргізуші оқиға тапсырмалар береді. Ойыншылар бұлжытпай орындауы қажет.
- Сіздердің алдарыңызда, сіздерге бейтаныс адам отыр. Онымен танысыңыздар, оның атын қалай оқитынын сұраңыздар.
- Ойыншылар рөлін ауыстырады.
- Сізді автобуста қатты итеріп жібереді, бұрыла бере сіз үлкен кісіні көрдіңіз. Сіздің іс-әрекетіңіз?
- Ойыншылар рөлін ауыстырады.
- Сіздің алдыңызда кішкене бала, қорқыныштан міне жылайын деп тұр. Оны жұбатыңыз, күлдіріңіз.
- Ойыншылар рөлін ауыстырады.
4.Үйге тапсырма:
«Неке қию жөнінде хабарландыруды» дайындау. Ұл балалар мен қыз балалар өздерін мақтап жазып келу. Тапсырманы орындаған кезде өздеріне қандай мақтау сөзді жазған кезде кішкене қиналғандарын немесе керісінше қандай болғандарын және жалпы алған сезімдерін ортада талқылап беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет