Қорытынды
Қазіргі кездегі қоғам әрбір тұлғаның әлеуметтік даму жағдайын оңтайландырып жасауды, барлық субъектілердің психологиялық денсаулығын сақтауды және тұлғаның өзі үшін де, өзгелер үшін де мәнді қасиеттерін үйлестіріп, дамытуды әлеуметтегі негізгі міндет ретінде қояды.
Адамның жалпы тұлға болып қалыптасу үрдісінде жасөспірімдік кезең дамуындағы өзгерістері ерекше орын алады. Өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуы ата-ана мен әлеуметтік ортадағы қарым-қатынастармен, құрдастарымен қарым-қатынасының т.б. күрделене түсуінде көрінеді. Өзіндік бағалау адамның жүріс-тұрысын реттеуші қызмет атқаратындықтан, осы екеуінің арасындағы байланыстың маңызы зор.
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында агрессивті жүріс-тұрыс кең етек алуда. Агрессивтілік пен агрессивті жүріс-тұрыстың айырмашылығы бар. Агрессивтіліктің пайда болуына әсер етуші факторларды қарастырдым. Жасөспірімдік кезең адам психологиясын, физикалық жағынан сан алуан өзгеріске ұшыратады.
Жасөспірімдердің агрессиялы мінез-құлқының мотивтерін анықтау төңірегінде қарастырылған ғылыми теориялық және практикалық зерттеу еңбектерінен талдау жасау арқылы осы жастағы балалардың агрессиялық мінез-құлқын эксперименталды тұрғыда зерттеу қарастырылды.
Жасөспірімдік кезеңдерінің барлық сатысындағы агрессиялық мінез-құлқының өсу динамикасы жағынанан жоғары көрсеткіштерін көрсетеді.
Жұмыста жасөспірімдердің психологиялық сипаттамасына, агрессиялық мінез-құлыққа қатысты еңбектерге талдау жасалынды. Арнайы мекемеде тәрбиеленетін жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлықтарындағы ерекшеліктерін көрсету мақсатында агрессия психологиясы, оның көрсеткіштері мен факторлары туралы тұжырымдар келтірілді.
Жасөспірім шақтағы қыз балада вербалды агрессия формалары нақты өсу динамикасын көрсетеді, сондай-ақ бұл өсу осы жас қатынасындағы ұл балаларда ерекше сипатталғаны байқалады. Ұл балаларда күмәнданушылық пен физикалық агрессия формаларының өсу динамикасы жоғары деңгейде, сол сияқты осы формалары жастағы қыз балаларда тітіркенушілік күмәнданушылық формаларының өсу динамикасы жоғары деңгейде айқындалады.
Жасөспірімдік жаста жеке бастық ерекшеліктеріне орай физикалық және вербалды агрессиялық формалары баланың жеке бастық ерекшелігінде қаталдық, өзін-өзі демонстрациялаудағы дөрекілік өшпенділік пен өзіне қанағаттанбаушылықпен байланысты болатынын анықтайды.
Жасөспірім жастың барлық сатысындағы балалардың агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері баланың дербестілікке ұмтылыс оның өршу әлеуметтік жаңа рөлін танытудағы ересектердің түсінбеуінен туындаған қарсылыққа байланысты психологиялық барьер ретіндегі «жағымсыз зонаның» туындауына әкелетіні анықталады.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсатын жүзеге асыру барысында:
- агрессивті мінез-құлықтың психологиялық теорияларына талдау жасалынды;
- жасөспірімдердің мінез-құлқындағы агрессиялық сипаттар қарастырылды;
- агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне эксперименттік зерттеу жүргізілді;
- агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне оңды әсер ететін жолдар мен амалдарды қарастырылды.
Ал, арнайы мекемеде тәрбиеленетін жасөспірімдердің мінез-құлқын оңымен өзгерту ерекше тың мәселелердің бірі. Сондықтан, магистрлік диссератция тақырыбы: «Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері» деп алылуы аса өзекті мәселенің қарастырылуын көрсетеді.
Осыдан ғылыми жұмысымды қорытындылай келе, мектеп мұғалімдері мен арнайы білім беру ұйымдарындағы оқытушыларға төмендегі ұсыныстарды ұсынуды жөн көрдік:
- агрессивті мінез-құлықты балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдердің және арнайы білім беру ұйымдарындағы оқытушылардың арнайы психологиялық және педагогикалық білімдерін жетілдірудің түрлі формаларын жүзеге асыру;
- осындай категориядағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерін, жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеуге бағытталған психологиялық-педагогикалық үлгілерді құру;
- агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің әдіснамасын, әдістемелерін жинақтап, оқу-әдістемелік, көмекші құралдар жариялау;
- агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне әсер ететін жолдар мен амалдарды заманауи психологиялық технологиялар бойынша құрып, жүзеге асыру қажет.
Сонымен, эксперимент жұмысының нәтижелерін ескере отырып, жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлықтарын оңымен өзгертудің тиімді жолы ретінде әлеуметтік-психологиялық тренингтің арнайы бағдарламасы жасалынды.
Қорыта айтқанда, зерттеуге қатысты теориялар талданып, жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқының сипаттамасы берілді; агрессиялық мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін олардың мінез-құлықты реттеу, мазасыздану және агрессияны демонстративті түрде көрсетуге бағыттылықтары бойынша анықтап, эксперимент арқылы тексерілді; агрессиялық мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің оңды әсер ететін жолдар мен амалдарды қарастырылды. Осылайша зерттеудің мазмұны жоспар бойынша ретімен, бірізді ашылды. Қойылған болжам дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |