Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков



бет26/30
Дата18.04.2023
өлшемі281.58 Kb.
#472372
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
zjoldasbekov

Ауа толтыру пункті

1.

Тұрақты ауа компрессоры

дана

2

Олардың біреуі резервтегі

2.

Ұтқыр ауа компрессоры










3.

V=40л сығымдалған ауасы бар көліктік баллон

дана

5

Басатын компрессорларды пайдалану кезінде

4.

Құралдар жиынтығы

жинақ

1




5.

Бос ауа баллондарын сақтауға арналған стеллаж-шкаф

дана

1




6.

Толтырылған ауа баллондарын сақтауға арналған стеллаж-шкаф

дана

1




7.

Мата сүлгі

дана

2





Қосымша 2


Оттегі және ауа баллондарын толтыру кезінде
компрессорлы жабдықпен жұмыс істеу жөніндегі
нұсқаулық
1. ТОЖҚҚ баллондарын толтыру тәртібі
1. Баллондарды ауамен толтыру
1) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондарын ауамен толтыру ГТҚҚ базасының ауамен толтыру пунктерінде жүргізіледі. Толтыру екі негізгі сызба бойынша жүргізіледі:
баллондарды жоғары қысымды компрессорлық, құрылғымен (ауаны тазалау және кептіру сүзгісі бар) толтыру;
ауаны көліктік баллоннан тығыздағыш компрессормен одан әрі жұмыстық қысымға дейін тығыздаумен шағын литражды баллонға қайта жіберу.
2) Көліктік баллондар таза атмосфералық ауамен 14.7 МПа қысымға дейін толтырылады.
тығыздалған ауаны тазалайтын және кептіретін сүзгісі бар ауа компрессоры құрылғысымен:
ОКН-М оттекті кептіргішімен бірге КР-2 үлгісіндегі ауа компрессорымен (2-қосымша) немесе ауа тазалаудың талап етілген деңгейін қамтамасыз ететін басқа да кұрылғылармен (1-кесте).
3) Ауаны тазалау және кептіру блоктарын орнатқан кезде мынадай талаптар орындалуы керек:
компрессордың өнімділігі тазалау және кептіру блогінің жұмыстық қысымынан артпауы тиіс;
өтетін ауаның қысымы тазалау және кептіру блогінің жұмыстық өткізу қабілетінен артпауы тиіс;
пайдалану процесінде зиянды қоспалардың өтіп кетуін болдырмау мақсатында тазалау және кептіру блогі жұмысының ұзақтығын (уақыт бойынша немесе толтырылған баллондардың саны бойынша) ескеру қажет.
Сүзгіш құрылғының жұмыс уақыты мен толтырылған баллондардың саны ауа тазарту сүзгішінің жұмысы есебінің журналында (3-қосымша) тіркеледі.
4) Тыныс алу аппараттарының баллондары, сондай-ақ көліктік баллондар қоспалар мен ылғалдық құрамы 1-кестеде көрсетілген шамадан аспауға тиісті таза атмосфералық ауамен толтырылуы керек.
1-кесте



р/с №

Көрсеткіштің атауы

Мәні

1.

Көміртек тотығы, мг/дмЗ

0,03

2.

Азот тотығы, мг/дмЗ

0,0016

3.

Көмірсутек (қоспа), мг/дмЗ

0,1

4.

Көмірқышқыл газ, көлемі бойынша %

0,03

5.

Су, мг/мЗ

35,0

5) Ауаның сапасын:
компрессорлық қондырғыны және ауаны тазалау және кептіру сүзгілерін пайдаланудың алдында;
компрессорды жөндегеннен кейін;
сузгінің құрамдас бөліктерін ауыстырғаннан кейін;
газ-түтіннен қорғаушылардың тарапынан ауаның сапасына шағым болған кезде тексеру қажет.
Ескерту: Компрессорлық қондырғыларды ауаны лабораториялық талдаусыз пайдалануға тыйым салынады.
6) Ауаның сапасына, онда зиянды қоспалардың болмауына бақылауды тиісті қорытынды (сертификат) ресімдей отырып, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық стансалар, кәсіпорынның өнеркәсіптік-санитарлық лабораториялары және т.б. жүргізуі тиіс.
Талдауға арналған ауаның сынамасы сүзгіштен кейін компрессор штуцерінен алынады.
7) Сығымдалған ауадан құрамы көрсетілген мәнінен жоғары қоспалар табылған кезде бұзылу себебін анықтап, жою, бұдан соң
ауаға талдау жүргізу қажет.
8) Компрессорлық қондырғыны монтаждау кезінде 8x1,5, 9x2 немесе 10x2 мм диаметрлі қызыл мыс құбырша қолданылады.
9) Жаңа ауа баллондарын толтырған кезде немесе толтыру үшін келіп түскен баллондарда ауаның қалдык. қысымы болмаған кезде оларды ауамен шаяды. Ол үшін әрбір баллон 4-5 МПа қысымға дейін ауамен толтырылады, содан кейін ауа шығарылады. Бұдан кейін баллон оны жұмыстық қысымға дейін толтыру үшін жарамды деп саналады.
10) Ауасы бар көліктік баллондарды алған кезде ауа сапасы баллондарды толтырған кәсіпорындардың тиісті құжаттарымен куәландыруға тиіс.
11) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондары мен көлік баллондарын тазартылмаған техникалық ауамен толытруға тыйым салынады.
12) Тыныс алу аппараттарының баллондарын УКЗ-400В компрессорлық қондырғысын немесе ГТҚҚ жылжымалы базаларында орнатылған өзге де компрессорлық құралдарды қолдана отырып, тікелей өрт болған жерде толтыруға болады.

  1. Ауасы бар көліктік баллонда қалдық қысым 0,5 МПа-дан кем болмауға тиіс.

14) Ауамен толтырылған шағын литражды және көліктік баллондардың есебі ауа толтырылған баллондар есебінің журналында (4-қосымша) жүргізіледі.
15) Жүктеме циклінің шектеулі саны бар тыныс алу аппараттарының баллондарын пайдаланған кезде баллондарды ауамен толтыру циклінің есебін жүргізу талап етіледі. Ол үшін әрбір баллонға төлқұжатқа сәйкес баллондарды толтыру циклі санының есебі жөнінде формуляр (5-қосымша) жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет