С = 1,0456 103
және де P = 2,005 105 P = 2,005 МПа
Мұндай қысымның артуы қалыпты қысымда жұмыс жасайтын құбырға қауіп төндіруі мүмкін.
Сорғылар мен оларға жалғасқан құбырлар вибрациясы қысымның кенет өзгеруінен, мойынтіректің нашар орталықтандыруы және құбырларды нашар бекітуден пайда болады. Одан құтылу үшін желіні қосу мен тоқтату кезінде қысымды бірқалыпты жауып төмендету қажет; сорғылардың дербес іргетасы болуы керек; құбырлар берік бекітілу керек. Қысым тұрақтылығы автоматты реттеумен, сондай-ақ манометр орнатумен қамтамасыз етілуі керек. Гидравликалық соққылардан қауіпті азайту үшін құбырда кері клапандардан кейін сақтандырғыш клапандар орнату ұсынылады. Аталған іс-шаралардан басқа, ақшыл мұнай өнімдері сорғы станциясын сорғы агрегаттарын блокталған іске қосу және тоқтатумен жабдықтау ұсынылады.
Сорғы агрегатын блокталған іске қосу кезінде қабылдау тиегі мен толтыру қақпағы ашылады. Толтыру бактағы белгіленген деңгейге жеткенде толтыру клапаны жабылады, сорғының электр қозғалтқышы қосылады. Электроконтактілі манометрмен бақыланатын қысымды келте құбырда белгіленген қысымға жеткенде сорғының қысымды тиегі ашылады. Толтыру багындағы мұнай өнімі бос бакқа түседі (толтыру багында шығу клапаны ашылады). Сонымен қатар құранды бакқа сорғы тығыздамаларынан ағып кеткен сұйықтық келіп түседі. Мұнай өнімі сорғылардың бірімен құранды бактан сорылып алынады.
2.2.2. Сұйыққоймалар
Сұйыққоймалар – ММӨҚ ең өрт – жарылыс қаупі бар негізгі бөлігі болып табылады,қазаншұңқырлар мен ойпаңдарда орнатылған,жер асты сұйыққоймалар мен сұйыққоймаларда өртке қарсы бөгеттер мен жолдармен және жерасты сұйыққұймаларында қоршау қабырғаларымен немесе периметр бойынша топырақ үйіп қорғау мен қоршалған аумақта орналасады.Сұйыққұйманың қабырғасынан үйіндіге немесе қоршаған қабырғаға дейінгі арақашықтық 3 м кем болмауы қажет,ал қоршаудың биіктігі мен қалыңдығы апат кезінде төгілген сұйықтықтың гидростатикалық қысымына байланысты есептеледі.
Мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған сұйыққоймалар мынандай болады:жерастылық (топыраққа енгізілген немесе жер астында сақталу үшін топырақпен жабылған),егер сұйыққұймадағы сұйықтықтың ең жоғары деңгейі іргелес жатқан алаңның жоспарланған белгісінен 0,2 м кем болмаған кезде (сұйыққұйманың қабырғасыннан 3 м шегінде);жерүстілік (жер үстінде сақтау),егер жоғарыда көрсетілген шарттарды қанағаттандырмаса.
Сұйыққоймаларда оргналастыру тәсілі бойынша жіктейді:кеңістікте (тікелей немесе көлденең),қоршалу қүрылымдары бойынша (цилиндрлік,тікбұрыштық,шар тәріздес немесе тамшы тәрізді),құрастырылған материал түрі бойынша (металл немесе темірбетон),өнім бетін қалқалау тәсілі бойынша (понтонмен немесе понтонсыз),шатыр құрылымы бойынша (жергілікті немесе құбылмалы қақпағы бар) және басқа да сипаттары бойынша (жылу оқшаулаумен немесе жылу оқшаулағышсыз,қыздыру құрылғыларымен немесе оларсыз және т.б.)
Қазіргі заманғы металл сұйыққұйманың типтік жобалар бойынша құрайды.Типтік сұйыққұйманың анықтаушы параметрлерінің бірі болып оның номиналық көлемі табылады:сұйыққоймалардың құрылымына,қоймалардың сыйымдылығына,сұйыққоймалық парктердің жинақталуына байланысты талаптарды сәйкестіндіруге қатысты қабылданған шартты көлем шамасы,сонымен қатар өрт сөндіру қондырғылары мен құралдарын анықтау.Жеке алғанда,жергілікті қақпағы бар тік сұйыққұймалар (РВС түріндегі,мұнда номиналдық көлемі (м3) болады:100,200,300,400,700,1000,2000,3000,5000,10000,200000,300000,50000. МЕСТ 1510 сәйкес мұнай мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін
сақтауға аранлған қоймалар түрлері (олар «+» белгісімен белгілейді.
2 -кесте
Достарыңызбен бөлісу: |