Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр



бет17/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
salmirzayli

2.4. 2 тарау бойынша қорытындылар

Мұнай базасының технологиялық жабдықтарының жұмысы барысында қалыпты пайдалану кезінде де, апаттар кезінде де мұнай өнімдерінің жұқарған және зақымданған орындардан жергілікті және жалпы көлемдегі жарылыс қаупі бар концентрациялар түзе отырып, ағып кетуі мүмкін.


Мұнай өнімдерін ауыстырып құятын сорғылау станциясында тік қойылған нығыздауышы бар сорғыларды пайдалану ұсынылады. Статикалық электр тоғы зарядтарының пайда болуы мен жиналуын, сонымен қатар электрохимиялық коррозияны болдырмау үшін сұйыққоймаларды катодты қорғау ұсынылады.
Сұйыққоймалардың «кіші леп» кезіндегі мұнай өнімдері шығынын азайту үшін, сондай-ақ дем алу клапандары жанындағы ауа ортасының өрт қауіптігін азайту үшін қатпайтын мембраналы дем алу клапандарын қолдану ұсынылады.Мұнай өнімдерін сорғылау станциясында сорғыларды блокталған іске қосу мен тоқтату, сақтандырғыш және кері клапандармен жабдықтау ұсынылады.

3 – Бөлім. Технологиялық өрт қауіпсіздігінің пайда болу себептерін саралау.

Өрттің көщін табиғи, өндірістік түрлерге бөлуге болады. Бұлар сұйық қоймаларға, теміржол эстакадаларына,соап станцияларына, мұнай базаларына тән болады.


Өтрттің табиғи кезеңі адамдарға және технологиялық жабдықтауларға байланысты емес (мысалы, найзағайдың тікелей соққысы, атмосфералық тоқ). Өрттің өндірістік көзінің пайда болуы технологиялық жабдықтаулармен және адамдардың технологиялық процестерді қате жүргізілумен байланысты.
От көздерінің себептері- жөндеу жұмыстары кезіндегі дәнекерлеу, кесу жұмыстарын дұрыс жүргізбей, темекі шегу, әдейі өртеу және көрші құрылыстарға өрт салу болып есептеледі.Өрт көзінің сыртқы және ішкі себептері болады. Ең қауіптісі жанғыш қоспаның өртенуі. Мысалы, найзағайдың тікелей газ аймағына түсуі. Өрт қауіпсіздігін бағалау кезіндегі келесі өрт көздерін зерттеуін ұсынады:
-жану көздерінің мүмкіндіктерін белгілейді;
-жану көздерінің жанғыш заттармен түйісуін белгілейді;
-жану көздерінің жұмыс сипаттамасын анықтау және оларды өртқауіпсіздігі бар қоспалардың көрсеткен терімен салыстыру;-өрт шығу себептерін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет